Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Антикорға жұмысқа тұрды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Антикорға жұмысқа тұрды

Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz – Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ Агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады», – делінген хабарламада.

Василий Левит 1988 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

Похожие материалы