Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОПЕК-ке мүше елдер келісімге келе алмады

ОПЕК-ке мүше елдер келісімге келе алмады

Вена. 3 маусым. 7kun.kz - ОПЕК елдерінің Венада өткен кезекті саммитте мұнай өндіру саясатын өзгерту мен шикізат өндірудің жаңа квотасын бекіту туралы мәмілеге келе алмады.

Дегенмен, ОПЕК  ұйымына кірмейтін елдерден нарықтың ережесі мен оны тұрақтандыру шараларына мойынсұнуға шақырды. Бұл бастаманы Венесуэла, Эквадор и Алжир елдерімен қарым-қатынасты реттеу үшін Сауд Арабиясы да қолдап отыр. Алайда жаңа шектеулерге Біріккен Араб әмірліктері мұнай өндіру көлемін азайтутуралы шектеуге қарсы шығып отыр. Бұған дейін олар жаңа шектеулерді Иран қабылдамай жазып, іске қоспайтынын мәлімдеген. Иранның айтуынша, ол мұндай шекті өндіретін мұнай көлемі 4 млн баррельге жеткенде ғана қабылдайтынын айтқан болатын.

Отырыста, сонымен қатар, картельдің жаңа бас хатшысын тағайындау мәселесі қозғалды. Енді бұл қызметті 1 тамыздан бастап Абдолла Салем аль-Бадридің орнына Нигериядағы мемлекеттік мұнай компаниясының басшысы болған Мұхаммед Баркиндо атқарады.

Похожие материалы