
Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - 2017 жылдың қорытындысы бойынша пираттық контентті көп тұтынатын елдердің тізімі жарияланды.
Өткен жылы пираттық сайттарға кіру саны әлем бойынша 300 млрдты құраған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,6% көп.
Бірінші орында-АҚШ. Бұл елде пираттық ресурстарға кіру саны - 27,9 млрд. Екінші орында Ресей. Көрсеткіш – 20,6 млрд. Үшінші орында Үндістан – 17 млрд. Бестікке Бразилия (12,7 млрд) мен Түркия (11,9 млрд) кірген.
Қолданушылар көбіне телевизиялық контентті жүктеп алған (өсім 3,4%), ал пираттық фирмаларға сұраныс 2,3% азайған.