Экономика
"Қазақавтожол" 28 желтоқсанда сатылымға шығарылады
Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – "Қазақавтожол" ЖШС 2018 жылдың 28 желтоқсанына дейін сатуға шығарылады, деп хабарлады Қаржы министрі Алихан Смаилов.
"Кешенді жоспардың 58 топ нысанының 34-і сатуға қойылды, оның ішінде 136 млрд теңге сомасына 18-і сатылды. Бұл "Қазақавтожол" ЖШС", - деді А. Смаилов Үкімет отырысында.
Министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында орналастырылған ақпараттық материалда көрсетілгендей, экономиканы жаңғырту мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссияның "Қазақавтожол" бірыңғай лотпен ағымдағы жылдың 23 қазанында қабылданған шешімі, қазіргі уақытта активті бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.