Экономика
Медиа
«Қазақпарат» қызметкерлері жыл басынан бері жалақы алмаған
«Қазақпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің қызметкерлері жыл басынан бері жалақы мен қаламақысын алмаған. Бұл туралы ratel.kz
жазды.
«Наурыз мерекесі елімізде бірнеше күн бойы тойланып жатқан тұста мемлекеттік ақпарат агенттігінің қызметкерлерінің көңіл-күйі құртылды. Көңіл-күйдің құртылғаны соншалық қызметкерлер басшылығына хат дайындады. Ақша жоқ болса –көшеге шығамыз. Алайда жұма күні жаңажылдық ғажайып орнады –қызметкерлердің шоттарына көптен күткен ақша түсті. Сондықтан, алдағы ұзақ демалыста еліміз мемлекеттік ақпарат агенттігі қызметкерлерінің шеруін емес, қазақстандықтардың сайлауға ынтымақпен барғаны туралы естиді» деп жазады ratel.kz.
Еске салайық, мемлекеттік ақпарат агенттігінің қызметкерлерін жалақыдан қысқаны бірінші рет емес. 2011 жылы да қызметкерлеріне жылдап жалақы бермей, журналистер наразылық танытқан еді. Кейін қаражаттан қысылған агенттік «Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіруге мәжбүр болған.