"Қазақпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігінің журналистері ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа наурыз-сәуірде еңбекақының төленбеуіне байланысты шағым түсірген болатын.
"Қазақпарат" агенттігінің журналистері басшылық борышты өтеуге уәде берген соң
ереуілден бас тартты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұрын хабарланғандай, "Қазақпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігінің журналистері ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа наурыз-сәуірде еңбекақының төленбеуіне байланысты шағым түсірген болатын. Журналистер 21 мамырда ереуілге шығатындарын жариялаған болатын.
Қазақстан жаңалықтары
"Жиналыс болды. "Қазақпарат" ХАА" ЖШС бас директоры Д.Дияров біздің агенттікті қаржыландыру жағдайын түсіндірді және келесі аптаның соңына дейін еңбекақы жедел түрде төленеді деп уәде етті. Сондықтан, кеңесе келе, біз ертең ереуілді бастамауға шешім қабылдадық", — деп жазды ұжым атынан редакция қызметкерлерінің бірі.