Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Classic» радиосындағы 6 авторлық бағдарлама жабылады

«Classic» радиосындағы 6 авторлық бағдарлама жабылады

10 сәуірден бастап "Қазақстан" ұлттық телерадиокорпорациясы «Classic» радиосындағы 6 авторлық бағдарламаны жабады. Хабар тарату желісінде «Грани», «Музыкальный календарь», «Музыкальная Одиссея» және «Ровесники Независимости» бағдарламалары қалады. Бұл туралы "Қазақстан" ҰТРК" АҚ PR менеджері Анара Исина мәлімдеді, деп жазды vlast.kz.

"Бюджетті оңтайландыру мақсатында корпорация жетекшілігімен келісім негізінде қызметтің күшін жою туралы шешім қабылданды. Шешім «Тылсым перне», «Киноблюз», «Джаз тайм», «Классикомания», «Культурная мозаика», «Дарындылар» бағдарламасының авторларына қатысты болды. Сондай-ақ, 2 эфир жүргізушісі, дыбыс режиссері және дикторлар жұмыстан қысқартылады", - деді Исина.

Айта кетейік, «Classic» радиосы  2011 жылдың 6 маусымынан бастап 102,8 ҒМ жиілігінде Алматыдан хабар тарата бастады.  2013 жылдың 22 желтоқсанында радио Астана қаласында 102,7 FM жиілігінде эфирге шықты. Қазақстандағы және Орта Азиядағы тұңғыш классикалық музыка радиосы -   «Қазақстан» РТРК АҚ және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының  біріккен жобасы. «Classic» радиосының негізгі идеялық рухани дем берушісі - Қазақстан Республикасының Халық әртісі - Жәния Әубәкірова.

Похожие материалы