Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Қостанай облысында 1,5 млрд теңгеге белсендірілген көмір өндіретін зауыт құрылысы басталады, деп хабарлайды Қостанай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.
Жаңа зауыт құрылысының бастамашысы - «ҚазэлектроСорбент» АҚ.
«Қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін табу бойынша жұмыс жүргізілуде. Отандық және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында ол жобалардың тізіміне енді, оны алға жылжытумен шетелде Kazakh Invest айналысады», - деп түсіндірді ведомство.
Дайын өнімді өткізудің көлемі мен әлеуетті нарықтары қажетті құжаттаманы әзірлеу кезінде анықталады.