Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда алдағы жылдары мыс іздеу жұмыстарына шамамен 10 млрд теңге тарту жоспарланған. Бұл туралы «Қазгеология» АҚ хабарлады.
Ұлттық компанияның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта мысты іздеу жұмыстарына 6,5 млрд теңге инвестицияланды.
«2018 жылдың соңында шетелдік инвестиция көлемі 5,7 млрд теңгені құрады. 2019 жылы шамамен 4,3 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда. Әр жобаның жалпы құны 500 млн теңгеден 7 млрд теңгеге дейін өзгереді. Бұл учаскенің зерттелуіне және жоспарланған жұмыс түрлеріне байланысты», - деп түсіндірді ұйымда.
Мәселен, қазіргі уақытта мыс Қарағанды,Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында іздестірілуде. Іздеумен Австралия, Ұлыбритания және Германия инвесторлары айналысады. Жұмыстар 2024 жылға дейін жүргізіледі.