Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектер ҰБТ-ны 2016 жылдың 2-10 маусымы аралығында елдің барлық өңірінде, арнайы жабдықталған 165 пунктте тапсырады.
Тест тапсырмаларының базасы жаңарды. Сондай-ақ, Биыл 50 балл жинай алмаған түлектер қайтадан ақылы түрдегі кешенді тестілеуден өте алады.
2016 жылы 121 092 оқушы мектеп бітірді. Олардың 83 330-ы қазақ тілінде, ал 37 762-сі орыс тілінде білім беретін бөлімде аяқтады. ҰБТ-ға қатысу туралы өтінішті 86 991 адам берген, бұл еліміздегі жалпы түлектердің 82 пайызын құрайды.
Биыл қазақстандық түлектер ҰБТ-ны дәстүрлі форматта соңғы рет тапсырады. Ал келесі жылдан бастап Жоғары оқу орындарына түсу емтихандары екі кезеңге бөлінеді.