Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Батыс Қазақстан облысындағы
«Орал трансформатор зауыты» құны 3,9 млрд теңге болатын панельді радиаторлар өндірісін іске қосады.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, «Орал трансформатор зауыты» биылғы жылдан бастап қуаты 35-500 кВ радиатор шығаратын болады. Өндірістік қуаттылығы жылына 3 мың тонна болады. Сонымен қатар, өнімнің 30%-і ішкі нарықта сатылады, 70%-і экспортқа шығарылады. 115 жұмыс орны құрылады.
Басқармада «Орал трансформатор зауыты» 2014 жылдан бастап «Омега» аспап жасау зауытының бос алаңдарының базасында қуаттылығы 6-10 кВ өсімдік май және құрғақ трансформаторлар мен өндіріс көлемі 10 мың дана тартқыш трансформаторлар өндірісін жолға қойғанын еске салып өтті.
Айта кетейік, Орал трансформатор зауыты Alageum Group басқарушы компаниясының құрамына кіреді.