Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың наурыз айында қазақстандық мұнай 3,8% - ға арзандады (2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда) және бір тонна үшін 59,7 мың теңгені құрады.
Жыл басынан бері мұнай бағасы 9,4%-ға төмендеді.
Статистикалық комитеттің мәліметі бойынша, наурыз айында Қызылорда мұнайы ең қымбат болды. Осы өңірден алынатын шикізаттың тоннасы 81 мың теңгеге бағаланды.
Өз кезегінде Ақтөбе мұнайының бағасы жыл басынан бері 8,2%-ға (тоннасына 70 мың теңгеге дейін), Маңғыстау – 11%-ға (тоннасына 51,2 мың теңгеге дейін), ал Атырау – 9,6%-ға (тоннасына 59 мың теңгеге дейін) арзандады.
Сонымен қатар, наурыз айында бензин тоннасы орташа есеппен алғанда 7,7%-ға төмендеп, 136,7 мың теңгені құрады.
Ал, дизель отыны үш айда 0,1%-ға 171,7 мың теңгеге дейін көтерілді, мазут бағасы 3,5%-ға 70,6 мың теңгеге дейін арзандады.