Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Жаңа піскен қызанақ пен қияр бағасы төмендеді. Бұл туралы Engyprom.kz хабарлады.
Сонымен қатар, жаңа піскен картоп пен сәбіз маусым айында 21% және 19%-ға қымбаттады.
2019 жылғы маусымда супермаркеттер мен базарда осы маусымда жаңа көкөністер — картоп, сәбіз және басты пияз — 21,3%, 18,8% және 16%-ға қымбаттады. Бір айда қызылша бағасы 3,1%-ға өсті.
Сонымен қатар, жергілікті өнім пайда болғаннан кейін қырыққабат тұтынушыларға бір айдан бұрынғыдан 50,6%-ға арзанырақ түсті. Жаңа піскен қызанақ пен қияр бағасы бір айда тиісінше 29,5% және 28,1% төмендеді.
Күзде Қазақстанның бірнеше өңірінде алғашқы көтерме-тарату орталықтары жұмыс істейді. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің пікірінше, мұндай шара жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
«Бұл жаңа бастама. Ол ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден сатып алуға немесе жеміс-көкөніс өнімдерін делдалсыз, ең аз маржамен импорттауға, баға жоғары болған кезеңде тауар интервенцияларын сақтауға және жасауға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, орталықтарды тез салу мүмкін емес, бірақ барлық облыстарда жұмыс жүріп жатыр», — деді Руслан Дәленов.
Сонымен қатар шілде айында құс фабрикалары өндірісі өсті:
тауық еті — бір айда 2,4%-ға, тауықтар — ,7%-ға қымбаттады. Алайда, жұмыртқаның бағасы керісінше, бір айда 6,3%-ға төмендеді.
Қызыл ет және ет өнімдерінің бағасы да өсті: сүйектері бар қой еті — бір айда 2,2%, сиыр еті — бір айда 1,9%, жылқы еті — бір айда 1,5% қымбаттады. Мұздатылған балықтың бағасы 1,7%-ға, жас балықтың бағасы — бір айда 1,3%-ға өсті.
Сүт өнімдері бір айда 1%-дан кем бағаға өсті. Ал, ірімшік пен шикі сүттің бағасы тиісінше 0,5% және 1,9%-ға төмендеді.
Дәнді дақылдардың ішінде маусым айында күріш бағасы 4%-ға, тары бағасы 3,7%-ға, жарма бағасы 2,4%-ға өсті. Жоғары сұрыпты бидай ұны айына 1,6%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны 1,2%-ға қымбаттады.
Сусындар сегментінде ауыз су — 1,5%-ға, арақ — 0,6%-ға қымбаттады.