Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қызылордада күріш өндірісі 39%-ға артты

Қызылордада күріш өндірісі 39%-ға артты

Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – 2018 жылы Қызылорда облысында 87,3 мың гектарға күріш егілді, ақ дәннің орташа өнімділігі гектарына 54,5 центнерді құрады, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жоғары өнімді сорттарды пайдалану есебінен соңғы 5 жылда күріш жармасының өндірісі 39%-ға артқан. Осы жылдары күріштің жалпы түсімі 2 есеге артты.

Жалағаш ауданында элеватор базасындағы «Байқоңыр» агрохолдингін құру аймақта күріш кластерін дамытуға ықпал етті.

Ы.Жақаев атындағы күріш өндіру ғылыми-зерттеу институты Бүкілресейлік күріш институтымен бірлесіп  Қызылорда облысы үшін арнайы сорттарды шығарып келеді.

2017 жылы облыстағы күріш шаруашылықтарында Иранда сұранысқа ие «Торем Хошеми» сорты өсіріле бастады. Осыған орай, қармақшылық «Ақтөбе және К» ЖШС осы сортты 70 гектар жерге екті, ал Қазалының «Сыр маржаны» шаруашылығы сынақтан өткізу үшін 1 гектар аумаққа еккен еді.

Атап өту керек, 2020 жылға қарай облыста Иран күрішінің егістік алқабы 5 мың гектарға дейін ұлғайтылады, сонымен қатар, өңделген күріш экспортының көлемін 8 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Сыр өңірінің күріші Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Моңғолия, Ауғанстан және т. б. елдерге экспортталатын болады.

Похожие материалы