Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәкен Сейфуллин Альфа-Банктің қазақстандағы директорлар кеңесіне мүше болды

Сәкен Сейфуллин Альфа-Банктің қазақстандағы директорлар кеңесіне мүше болды

Ресейлік Альфа-банктің қазақстандағы еншілес банкінің жалғыз акционерінің шешімімен директорлар кеңесіне тәуелсіз директор қызметіне Сәкен Сейфуллин тағайындалды деп хабарланды банктің сайтында.

Бұл орында Сәкен Сейфуллинге дейін Арман Ақтай болған еді.

Сәкен Сейфуллин азық-түлік және қаржы саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибеге ие. Қазіргі таңда "Salute Finance" ЖШС-ның директоры қызметінде  (бұрынғы  Сеймар Альянс қаржылық Корпорациясы АҚ"). "Сәкен Сейфуллинді "Альфа-Банк" тәжірибелі маман ретінде көріп отыр. Оның білімі компанияның қазіргі стратегиясын дамытуға үлес қосады", — дейді банктің басқарма төрағасы Данил Смирнов. Директорлар кеңесі бүгінде 5 адамнан тұрады: директорлар кеңесінің төрағасы Ильдар Кәрімов, директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Нұрлан Ақанзәріпов, директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Косогов пен Илья Поз, директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Сәкен Сейфуллин. "Альфа-Банк" АҚ-ның еншілес банкі Қазақстанда 1994 жылдың желтоқсан айында құрылған болатын. Ұлттық Банктің мәліметіне сүйенсек, еншілес банк 2015 жылдың алғашқы тоқсанының нәтижесі бойынша активтер көлемі жөнінен 16-орында тұр.

Похожие материалы