Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сауд Арабиясы мұнай өндіруші елдермен болатын кездесуге қатыспайды

Сауд Арабиясы мұнай өндіруші елдермен болатын кездесуге қатыспайды

Алматы. 26 қараша. 7kun.kz - Сауд Арабиясы ОПЕК пен оның құрамына кірмейтін мұнай өндіруші елдер арасында болатын кездесуге қатыспайды. Келіссөздерге қатысудан бас тартуының себебі әзірге белгісіз.

Кездесу 28 қараша күні Вена қаласында өтеді деп жоспарланған. Қатысушылардың арасында Ресей өкілдері де болады, деп хабарлайды РБК.

28 қарашадағы кездесуге Сауд Арабиясының қатыспайтыны туралы ОПЕК делегаттарына сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі де хабарлап отыр. Агенттіктен хабарланғандай, Эр-Риядтың келіссөзге қатысудан бас тартуы ОПЕК-пен өзара келісімнің әлі жасалмауымен түсіндіріліп отыр.

Айта кетейік, картельге мүше емес елдермен кездесу ОПЕК кездесуінен екі күн бұрын болу керек. Ал 30 қараша күні Венада картель елдері мұнай өндірісін қысқарту шарты бойынша нақты келісім жасайтын болады.

 

Похожие материалы