Экономика
Сауд Арабиясында Wi-Fi ұрлау күнә деп танылды
Сауд Арабиясы. 3 маусым. 7kun.kz - Сауд Арабиясы діни құқық пен ғылыми зерттеулер жөніндегі жоғары комитетінің діндары басқа адамның Wi-Fi желісін оның рұқсатынсыз пайдалану күнә деген пәтуа шығарды. Бұл туралы The Independent басылымы жазды.
Жаңа пәтуаға сәйкес, Wi-Fi желісін қолданбас бұрын оған ақша төлейтін адамның рұқсатын алу тиіссіз. Алайда құжатта саябақ, сауда орталықтары, кафе мен қонақ үй секілді барлығына ортақ жерлердің уай-файын пайдалануда тұрған ештеңе жоқ екенін ескертіледі.
«Басқа біреуге тиесілі нәрсені өзге адам рұқсатсыз, не ақысыз пайдалануға болмайды. Сондықтан интернетті тек қызметті пайдалануға жазылғаннан соң, я ақылы төленгеннен кейін қолдануға болады», - деп түсіндірді діни құжат авторлары.