Экономика
Медиа
Сбербанк 3600 қызметкерін қысқартты
2015 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша ресейлік Сбербанктен 3,6 мыңға жуық адам жұмыстан шығарылған. Бұл барлық қызметкерлердің 1,1 пайызын құрайды. Бұл жөнінде несие ұйымы төрағасының орынбасары Александр Морозов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қысқарту жұмыстары оңтайландыру бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.
Осыған дейін ағымдағы жылдың алғашқы төрт айы ішінде банктің пайда көлемі 2,6 есе азайып, 48,8 млрд рубльге дейін төмендегені белгілі болған еді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ресейлік банктердің түсімі 40,7 пайызға түсіп, 589 млрд рубльге азайған еді. Бұған мүмкін болатын шығындарға банктердің тарапынан резервтерді өсіргені себеп болған.
Ресейлік банк секторы АҚШ пен ЕО-ның санкцияларында ықпалында. Несиелік мекемелер америкалық және еуропалық қаржы нарықтарынан қаражат тарта алмайды. Қара тізімде Сбербанк, ВТБ, Газпромбанк, Внешэкономбанк, Россельхозбанк және Мәскеу Банкі бар.