Экономика
Медиа
Segway самокатының бәсекелес баламасы пайда болды (видео)
Жапониялық инженер самокаттың шағын әрі ыңғайлы түрін жасап шығарды. Segway самокатына бәсекелес балама ретінде жасалған WalkCar прототип-самокатының көлемі кәдімгі ноутбукқа арналған сөмкенің көлеміндей. Салмағы бар болғаны 3 килограмм болатын құрылғы 120 килограмға дейінгі салмақты көтереді. Және сағатына 12 км-ге дейін жүре алады.
Самокат салмақпен басқарылады. Бетіне белгіленген арнайы белгілер арқылы оңға немесе солға бұруға, алғы-артқы бағытты айқындауға болады. Егер самокаттан кездейсоқ секіріп қалса, бірден тоқтап қалады. Бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілерді соғып кету қаупінен сақтайды.
Құрылғы күзден бастап өндіріске енгізіліп, келесі жылы шығарыла бастайды. Бағасы - 800 доллар шамасында.