Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ШҚО-да зауытты жаңғырту үшін инвесторлар іздеуде

ШҚО-да зауытты жаңғырту үшін инвесторлар іздеуде

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында кальций гидроксидін өндіруді жаңғырту жоспарланып отыр.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, Курчатов қаласында орналасқан жаңартылған кәсіпорынның іске қосылуы 2020 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта жоба инвесторларды тарту және қаржыландыру көздерін іздестіру сатысында тұр.

«Өндірісті жаңғырту 1,1 млрд теңгеге бағаланады. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, кальций гидроксидін өндіру бойынша қазіргі заманғы кешен құру жоспарлануда. Кәсіпорын жаңартылғаннан кейін 157 адам жұмыспен қамтылады», - деп толықтырды ведомствода.

Өнеркәсіптік объектіде іске қосылғаннан кейін 99 мың тонна әк өндіріледі. Дайын өнімнің 80%-ын ішкі нарықта сату жоспарланып отыр, қалған 20%-ы экспортқа шығарылады.

Похожие материалы