Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ІТ саласындағы инвестиция 39 пайызға азайды

ІТ саласындағы инвестиция 39 пайызға азайды

Қазақстан IT секторына жасалған инвестиция көлемі төмендеді. 2016 жылы бұл сома 39 пайызға, яғни 63 млрд теңгеге азайды. Отандық инвесторларға қарағанда шетелдік инвесторлардың телекоммуникацияға деген қызығушылығы ерекше, дейді Finprom.kz сарапшылары.

Қазақстан Президенті 2017 жылғы халыққа жолдауында ұлттық экономиканың технологиялық модернизациясы дамудың басты қозғаушы күші деп көрсетті. Бұл мақсатқа жетудің жолдары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында толығырақ қамтылатын болады.

Инновацияны қолдау мен оны өндіріске енгізу мақсатында мемлекет басшысы Үкіметке ЭКСПО-2017 нысандарының бірінде ІТ-стартаптарының технопаркін ұйымдастыруды тапсырды. Бұл өз кезегінде өзге елдерден инвесторларды тартуға себеп болмақ.

Бағдарламаны қабылдау жаңа буын экономикасының негізгі тіреуіші болып табылатын телекоммуникацияға инвестиция тартуға ықпал етеді. Байланыс мекемелерінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2016 жылы 63 миллиард теңге болды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 39 пайызға, ал 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге кем. Экономикаға құйылған инвестициядағы телекоммуникацияның үлесі бар-жоғы 0,8 пайызын құрады.

Бұл саланың дамуы көп жағдайда мекемелердің өз қаражатымен жүзеге асырылуда және 2016 жылы олардың инвестициядағы көлемі 83,5 пайыздан 91,8 пайызға өскен.  Өткен жылы  телекоммуникация секторына құйылған шетелдік инвестиция 4 есе өсіп, 3,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға жоғарылаған.

Керісінше, республикалық және жергілікті бюджеттің осы саланың инвестициясындағы үлесі 6 есеге азайып, қаржы көлемі 7,7 млрд теңгеден 1,3 млрд теңгеге дейін жетті.

Қазіргі таңда телекоммуникацияның негізігі салалары жаппай инвестиция тартуды қажет етеді.

Похожие материалы