Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Тоталды диктант" Қазақстанның жеті қаласында өтеді

"Тоталды диктант" Қазақстанның жеті қаласында өтеді

16 сәуірде "Тоталды диктант" өтеді. Бұл туралы жоба ұйымдастырушылары хабарлады. Ал алматылықтар үшін биылғы диктант текстін арнайы шақырылған танымал адамдар оқитын болады. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, 16 сәуірде "Тоталды диктант" Қазақстанның 7 қаласында өтеді (Алматы, Ақсу, Қарағанды, Семей, Теміртау, Павлодар және Қостанай). Алматылықтар Тотальді диктантты екінші рет Халықаралық бизнес университеті (UIB) мен "Тұран" университетінде жазады. Бұл орындарға тіркелу сәуір айының 6-сында басталады. Алматылықтардың жобаға қызығушылықтарын арттыру үшін диктант текстін арнайы шақырылған танымал адамдар оқиды. Әзірше, ұйымдастырушылар кім оқитынын құпия ұстап отыр. "Біз осылайша алматылықтардың "Тотальды диктантқа" деген қызығушылығын арттырмақпыз. Шақырылатын адам диктантты тәжірибелі филологтардан кем оқымайтынына сөз береміз",- деді Алматы қалалық Тоталды диктант үйлестірушісі Данияр Бексұлтан. 2016 жылға диктант текстін балалар жазушысы және ақын Андрей Усачёв дайындады. Алматылықтардың жұмыстарын сарапшы-филологтар тексереді. "Диктантты жазып болғаннан кейін, бірнеше күн ішінде қатысушы бағасын  www.totaldict.ru сайтынан көре алады. Сонымен қатар, өз жұмысын алып кетіп, тәжірибелі филологтардан жіберген қателері туралы кеңестер ала алады. Ал үздік жазбалардың иелері арнайы марапаттау салтанатында сыйлықтармен марапатталатын болады",- дейді жоба ұйымдастырушылары. Тоталды диктант – орыс тіліндегі білімді дәлелдеу мақсатында өткізілетін білім жетілдіру акциясы. Акцияның негізі әлемнің (жердің төрт бұрышынан) барлық еріктілерін тесттен өткізу болып табылады.

Похожие материалы