Экономика
Регионы
Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелер қажетті 169,1 мың тонна көмірмен қамтылған
Оның айтуынша, облыстағы 2830 бюджеттік мекеменің барлығы, яғни 100 пайызы қысқы маусымға дайын. Оның ішінде білім саласында – 1289, денсаулық сақтау саласында – 788, әлеуметтік салада – 753 мекеме.
«Облыс бойынша жеке тұрғындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі көмір отынына деген жалпы қажеттілігі – 902 мың тонна, бүгінгі күнге темір жол станцияларындағы қоймаларға тасымалданғаны – 689,1 мың тонна. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің саны – 544, олар жылу беру маусымына толық дайын. Дербес қазандықтардың (котельная) саны - 10, барлығы қысқы маусымға даяр. Облыстың жылу беру дайындығына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде», - деді Марғұлан Зұлхарнайұлы.
Бұдан бөлек, мазут отынына деген облыс бойынша қажеттілік көлемі 10 мың тонна болса, Энергетика министрлігімен тасымалдау кестесі бекітіліп, келісім-шарт жасалған.
Айта кетерлігі, облыстың солтүстік және таулы аймақтарында атап айтқанда, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу беріліп отыр.
Түркістан облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің коммуналдық қызметтері үшін 2018 жылдың 1 қазандағы берешегі – 499,2 млн. теңгені құраған. Берешектің негізгі бөлігі жеке тұрғындар пайдаланған табиғи газға қатысты.