Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Уақыттың ауысуы энергия үнемдеуге тиімді ме?

Уақыттың ауысуы энергия үнемдеуге тиімді ме?

Депутат Ринат Зайытов бірыңғай уақыт белдеуінен адамдардың әбігерге түскенін ащы мысқылмен жеткізген.

“Түнгі жарымда таң атып кетеді. Әзілдеп айтатын болсам адам түгілі әтештер әбігерге түсіп жатыр. Сондықтан осы күннің көтерілуі мен күннің батуына қарап маңдайымызға жазылған уақытқа бағынайық. Уақытты бағалай алмаған бақытқа жете алмайды дейді. Қайтадан қарастырып, оңтайлы бір шешім шығарсақ деген ұсыныс емес өтінішім бар”, – деген Зайытов.

Ал депутат Дәулет Мұқаев бұл қадам үнемге емес, керісінше шығынға әкеліп соғып жатыр деп есептейді.

“Ертеңгі күні міне күн мен түн теңесе бастайды ғой қазан айында. Сол кезде не болады? Сол кезде төрт жарымда қараңғы батады. Ал қараңғы батқан кезде не істейміз біз? Бүкіл үй коммуналды мекеме, мектеп болсын жарық қосамыз. Ал біз айтамыз қазір энергияны үнемдеу керек дейміз. Қайдағы энергия үнемделген логикаға сыймайды”, – деді Дәулет Мұқаев.

Ал мамандар ең жоғары жүктеме таңертеңгі және кешкі сағаттарда, тұрмыстық тұтыну деңгейінің жандануына кезінде болатынын айтуда. 
Тіпті, уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр жүйесінің жұмысында ешқандай үзіліс немесе тұтынушыларға шектеулер тудырмады деген пікірде. 

"Ең жоғары жүктемелер сол деңгейде қалды, жалғыз өзгеріс кешкі ең жоғары тұтынудың ертерек басталуы болды. Дегенмен, бұл өсім таңертең тұтынудың төмендеуімен өтелді", – дейді мамандар. 

2023 және 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі мәліметтерді талдау электр энергиясын тұтынудың 4%-ға тұрақты өсуін көрсеткен. Алайда, бұл өсім уақыт белдеулерінің өзгеруіне байланысты ма, әлде халықтың және жалпы ел экономикасының тұтынуының табиғи өсуіне қатысты ма?

Мысалы, уақыт бір сағатқа артқа жылжытылмаған ЕЭС Батыс аймағында тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өскен. 

Сондай-ақ, электр энергиясының бірыңғай сатып алушы механизмі енгізілгеннен кейін көршілес елдерден электр энергиясының импорты өсті. Өйткені ең жоғары сағаттарда тапшылықты жабу керек.

Айта кету керек, Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған еді. 

 

Ұқсас материалдар