Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

В.Школьник: Қазақстанда ЕАЭО елдерімен салыстырғанда бензин арзан

В.Школьник: Қазақстанда ЕАЭО елдерімен салыстырғанда бензин арзан

Қазақстанда АИ-92/93 бензині ең төменгі бағада деді ҚР энергетика министры Владимир Школьник. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

  «Салыстырып көріңіздер: өткен жылы жанармайдың литрі 128 теңге болды. Доллар 150 теңге. Егер доллармен есептесек, бензиннің литрі 80 цент. Ал қазір бензин литрі 125 теңге. Доллар бағамы 270 теңге. Мұны еептейтін болсақ бензиннің литрі 40 цент деген сөз. Доллар бағасымен  бензин бірнеше есе төмендейді, бірақ біз есепті теңгемен жүргіземіз. Сондықтан бұл Ресей рублінің курсы мен теңгенің еркін айналымына байланысты доллардың курсы 2-3 айда қандай болатыныныа байланысты. Сіздер осыған қатысты жайды мәлім етсеңіздер, мен бензиннің жай-күйін айтамын», — деді В. Школьник 22-қыркүйек күніҮкіметте өткен  брифингте. «Көршілес мемлекеттермен салыстырғанда долларға шаққанда ең арзан бензин бағасы бізде. Қырғызсан, Ресей, Беларусиямен салыстырсақ, әлдеқайда арзан », — деді ол. Министр АИ-92/93 бөлшек бағасын ырықтандыру мемлекетте қосымша бензин қорын көбейтуді талап етті деп мәлімдеді. «Тамыз айында қор таусылады деген күдікпен 74 мың тонна бензин алдырдық. Осы күндері тағы 41 мың тонна алып келдік. сонда бізде қорда 214 мың тонна бензин бар. Былтырғы жылы 90 мың тонна жанармай болған еді. Яғни АИ-92 жанармай қоры жеткілікті. Сондай-ақ біз АИ-92/93 өтімді болғандықтан, жылына 2 млн тоннаны өндіріп  шығарамыз», — деді энергетика министрі.  

Похожие материалы