Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Вячеслав Абрамов: Vласть басылымына ай сайын 7-8 млн теңге керек

Вячеслав Абрамов: Vласть басылымына ай сайын 7-8 млн теңге керек

1 шілдеде Vlast.kz сайтының бас редакторы Вячеслав Абрамов өзінің Facebook парақшасында аталған ресурстың қаржылық қиындықтарға байланысты жабылатынын жазған еді. Жаңалық интернетте тез таралып, әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылады. Интернет-журналдың оқырмандары жазылымды ақылы етуге ұсыныс білдірген. Нәтижесінде 2 сағаттың ішінде минималды қажет 500 жазылымның үш жүзі орындалған. Бұл туралы Вячеслав Абрамов forbes.kz-ке берген сұхбатында айтты.       

Бұған дейін біз 5 шілде Vlast.kz басылымының соңғы жұмыс күні болады деп жазған едік. Алайда  оқырмандардың бастамасымен басылымды қорғау шарасы белсенді жүрді. Вячеслав Абрамов сайтты "сақтап қалудың" жазылымды ақылы ету, 300 мыңнан бастап қаржы құятын қамқоршылар кеңесін құру немесе басылымның 40 пайызын сату секілді негізгі үш жолын көрсеткен еді. Жоба жетекшісінің айтуынша, қызығушылық білдіріп хабарласып жатқандар көп, бірақ олар басылым жағдайының қаншалықты қиын екенін білмейді. «Қарызымыз шамамен 30 млн теңге. Бірақ бұл нақты емес. Себебі ол ұдайы өсіп отырады, сондықтан шілде соңында қарызымыздың қанша болатыны белгісіз», - дейді Вячеслав Абрамов. Абрамов редакция сақталып, журналистер ары қарай жұмыс істеу үшін айына шамамен 7-8 млн теңге керек екенін айтады. «Жалақыдан бөлек, жалданған ғимараттың ақшасы, материалдардың жарнамасы тағы бар», - дейді бас редактор.

Похожие материалы