Экономика
Выбор редактора
Яндекс 2014 жылы $300 млн соммасына M&A мәмілелерін жасады
"Яндекс" 2014 жылы шамамен $300 млн соммасына компанияларды сатып алу жөніндегі мәмілелерді жасады делінген компанияның жылдың есебінде.
Компания негізгі үш мәмілені келтіреді: израильдық KitLocate (мәміленің жалпы сомасы - $10,2 млн), ресейлік Auto.ru ($178,4 млн) және ADFOX ($11,3 млн) компанияларын сатып алу жөніндегі мәмілелер. "Яндекс" аталған сомалардың бір бөлігін бизнестердің бұрынғы иелеріне кейінірек, белгілі бір шарттар орындалғанда төлейтінін білдірді.
Осылайша KitLocate иелері бірден тек $4 млн алды. Қалған ақша бірқатар шарттар орындалған жағдайда төрт жыл ішінде біртіндеп төленіп отырады.
Auto.ru порталының негізгі иесі және негізін қалаушыларының бірі Михаил Рогальский мәміленің жалпы сомасынан 14 млн долларды 7 млн доллардан есептелген екі
траншпен - 18 ай өткен соң және 43 ай өткен соң алатын болады.
Ал ADFOX иелері мәміле жабылған кезде $8,5 млн алды, қалған қаражатты "Яндекс" екі траншпен төлеуге міндеттенді - мәміле жабылған мезеттен 12 айдан кейін және 24 айдан кейін.
Сондай-ақ "Яндекстің" жылдық есебінде компания 347 млн рубль жалпы сомасына материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты мәмілелерді жасағаны туралы айтылады.
Бұған қоса, осы жылдың І тоқсанында "Яндекс" "Росинфотех" ресейлік бағдарлама қамсыздандыруын әзірлеушілері дайындаған "Рос.Такси" (RosTaxi) таксопарктарының жұмысын автоматтандыруға арналған шешімді сатып алды. Мәміленің құны - 500 млн рублей.
2014 жылдың қорытындысы бойынша "Яндекс" түсімі - 50,767 млрд рубль, EBITDA түзетілген көрсеткіші - 21 млрд рубль, таза пайда - 17 млрд рубль, ал түзетілген таза пайда - 13,751 млрд рубль.