Экономика
Медиа
"Яндекс.Директ" жарнама орналастыру шарттарын өзгертеді
"Яндекс" сейсенбіде "Яндекс.Директ" жүйесіндегі және "Яндекстың жарнама жүйесі" іздеу алаңдарындағы жарнаманы орналастыру шарттарын өзгертпекші. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
"Өзгеріс нарықтағы дамуға байланысты. Осыған дейін жарнама берушілер ең жақсы орындар үшін таласса, қазір олар клиенттер тарту құнына және шығындардың өтелуіне қарайды", - деді жарнама технологиясы бағытының басқарушысы Евгений Ломизе.
Оның сөзінше, жақсы орындар үнемі жақсы экономикалық нәтиже бере бермейді, сондықтан жарнама берушілердің жартысы қарапайым позициялар таңдайды. "Енді біз қосымша трафик тарту ыңғайлы болу үшін шарттарды өзгерттік", - деді ол.
"Яндекс" аукцион үлгісін өзгертетін туралы осы жылдың шілдесінде хабарлаған еді. Бұдан бөлек "Яндекс.Директ" іздеу жүйесіндегі жарнамаларды саралау ережелерін де өзгертпекші.
Ресейлік компания 2014 жылы жарнамадан 46,6 млрд рубль табыс тапты. Осы жылдың II тоқсанында "Яндекстің" контексті жарнамадан түсімі 12,7 млрд рубльді құрады.