Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Жас Алаш» газетінің бас редакторы ауысты

 «Жас Алаш» газетінің бас редакторы ауысты

Жүз жылдан астам тарихы бар ең байырғы және ең беделді басылымдардың бірі – республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы ауысты.

 Белгілі журналист, медиаменеджер Ерік Рахым «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы лауазымына тағайындалды.

Е.Рахым – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі.

Ол 2002-2003 жылдары халықаралық «Түркістан газетінде тілші болды.

2003-2015 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

2015-2019 жылдары «ТұранТВ» телеарнасында редактор, Bairaq.kz, Oinet.kz сайттарының бас редакторы болды. 

Ал 2019 жылдың қарашасынан 2025 жылдың қарашасына дейін Nege.kz ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы лауазымын абыроймен атқарды.

Естеріңізге салайық, Ерік Рахым – «медиа майданда» өз орнын ойып тұрып алған Nege.kz ақпараттық-сараптамалық порталының негізін қалаушылардың бірі.

Ұқсас материалдар