Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаһандану құбыжығын айналып өту

Жаһандану құбыжығын айналып өту

Біз 2017 жылға аяқ басқан уақытта, жаһандану біз үшін жаман бір сөзге айналды. Көптеген адамдар оны басқалардың арқасында байыған элитаның айласы ретінде көреді. Оның сынайтын сыншылардың пікірінше, жаһандану кірістердің бұлтартпас ұлғаюы мен байлық теңсіздігіне әкеледі: байлар одан әрі байып, басқаларға болса ештеңе қалмайды. Бір жамандық екінші бір сұмдықты тудырады.

Бұл пікірдің түбінде ақиқат бар болғанымен, ол теріс түсініктерге апаруда. Және бұны теріс ұғынудың салдары бар: кем дегенде, орынсыз кінә тағу; одан жаманы - біздің проблемаларымызды қиындата түсетін жаман саясаттарды іске асыру.

Біз жаһандану туралы ойлаған кезде, ең бірінші ұғынуға тиісті жәйт, ол - жаһандық элитаға жатпайтын көптеген адамдар одан үлкен пайда көрді. Дүниежүзінде халық саны өсуінің жалғасуына қарамастан, бүкіл әлемде кедей адамдардың саны соңғы 30 жылда миллиардтан астам азайды. Пайда көрген басқа елдердің арасында енді кедей елдер санатына кірмейтін Үндістан, Қытай, Вьетнам, Тайланд, Малайзия, Оңтүстік Корея және Мексика бар. Ауқаттылар әлемінде барлық табыс топтары да пайда көрді, себебі смартфондар, киімдерден бастап балалар ойыншықтарына дейін барлық тауарлар арзандады. Жаһандануды қайта бұруға бағытталған саясаттың бәрі нақты табыс төмендеуіне әкеледі, өйткені тауарлар қымбаттайды.

Жаһандануды басу туралы басты шағымдар Батыста жұмыс орындары жойылып, оларды Шығыс және Оңтүстікте орнатты деген сенімді көрсетеді. Бірақ дәстүрлі жұмыс орындарына ең үлкен қауіп тудырған Қытай немесе Мексика емес; бұл - робот. Сондықтан АҚШ-та өндіріс тіпті жұмыспен қамту азайса да, өз дамуын жалғастыруда.

Сондықтан біздің басты фокус - ол барлығаны пайдасы тиетіндей етіп жылдам технологиялық өзгерістерді басқару болып табылады; бұл жеңіл болмаса да, жасалуы мүмкін іс. Тарифтер мен сауда соғыстарынан ешбір көмек болмайды.

Жаһандану үлкен табыс теңсіздігін күшейтті дегені рас. Бірақ бұл өзгерісті қарғамай, керісінше қолдауымыз керек. Теңсіздіктің нашар болу немесе болмауы, оның қайдан шығып, қандай әсер тудыруына байланысты. Теңсіздіктің тап түбінде шын мәнінде нашар ештеңе жоқ.

Үндістан мен Қытайда жаһанданудың үлкен табыс теңсіздігін әкелу себебі - ол өндірісте, бэк-офис жұмыстарында, және бағдарламалық қамтамасыз ету дамытуында  миллиондаған адамдарға  пайдасын тигізген жаңа мүмкіндіктерді ашты. Бірақ бәрі бірдей пайда көрмеді. Бұл прогресске де тән; біз барлық адамдардың бірге бай болуын қалаймыз, бірақ мұндай жағдайлар өте сирек орын алады. Мұндай теңсіздікті жақтырмау, прогрессті де жақтырмау болып табылады.

Бай елдерде де, теңсіздіктің кейбір ұлғаюы ұлттық нарықтан жаһандық нарыққа жылжу арқасында пайда болған жақсы мүмкіндіктерді көрсетеді. Айрықша талант және инновациялары барларға алдарында енді бай бола алатын бүкіл әлем бар. Ол көп адамдармен талантын бөлісу арқылы немесе барлығына пайдасы тиетін жаңа нәрселерді жасау арқылы дәулетті болудың ешбір жамандығы жоқ демек.

Әрине, теңсіздіктің жаман жағы да бар. Байлардың енді саяси ықпалы бар, және олар жиі ережелерді өздерінің, өз компанияларының, немесе достарының пайдасы үшін өзгерте алады. Америка Құрама Штаттарында, бұл ашық өтетін президенттік сайлауға қатысты жәйт емес; бірақ бұл Конгресс үшін үлкен бір мәселе болып тұр, онда біздің «өкілдер» ақша жинау қажеттілігімен  қысылғаны соншалықты олар сайлануы немесе  өз орнында қалулары байлардың қолдауынсыз екіталай болады.

Бұл заң шығарушылардың жемқор екенін білдірмейді, тек Гарвард құқық мектебіндегі Лоуренс Лесиг айтып өткендей, мекеме жемқорлыққа толы және ақша ұсынатын салмағы, ықпалы жоқ адамдардың мүдделеріне өкілдік ете алмайды.

Дегенмен, ең үздік шешім ол теңсіздікті азайту емес, саясат қаржыландырылатын жолды өзгертуде екені анық болмай тұр. Бай адамдар үкіметті сатып алмай, яхта сатып алып, қорлардың негізін қалап, немесе филантропист болулары керек, үкіметті тіптен нарықтан алып тастау қажет.

Тұтастай алғанда, «рента іздеу» нәтижесінде болған теңсіздік - экономика үшін ешбір құнды іс жасамай, басқалардың арқасында бай болу - шынайы құбыжық осы болып табылады. Классикалық мысал ретінде, бақылауды әлсірету үшін үкіметті қолпаштап, сосын банк құлаған кезде, салық төлеушілерді апай-топай қалдыратын банкирлерді келтіруге болады.

Нәтижесінде берілген субсидия мен дотациялар арқылы бай адамдар үлкен сомадағы халық ақшасын алды.

Мысалы, Фанни Мэй және Фредди Мак- АҚШ үкіметі қолдап тұрған үлкен тұрғын үй бойынша қаржы агенттіктері - өздерінің саяси ықпалын қолданып, Конгресс бақылауынан құтыла отырып, жеке акционерлеріне төлем төледі және тұрғын үй дағдарысын қоздырды.  Сол сияқты, ауыл шаруашылығы лоббилері жыл сайын миллиардтаған субсидияларды жеңеді. Фармацевтикалық компаниялар жаңа препараттарды жасаудың орнына, қолданыстағы өнімдердің бағаларын өсіру немесе патент кеңейтімдерді үшін үкіметті қолпаштайды. Жылжымайтын мүлік магнаттары салық кодексін өз пайдасына өзгертіп отыр.

Мұндай іс-шаралар іс жүзінде ешбір пайда әкелмей, экономикалық өсуді баяулатады. Баюдың ең оңай жолы заңдастырылған ұрлық жолымен болған кезде, инновация және шығармашылық дамымайды.

Берклидегі Калифорния университетіндегі Арли Рассел Хохшильд алдындарынан «жолдарын кесіп» өткен адамдарға  ашуланатындар туралы жазған. Бұл ашу ақталмаған деп, айталық, нәсілдік артықшылықтарды қолданып үйренген ақ американдықтар неғұрлым теңдік көп орын алған әлемге деген реакциясы туралы айта аламыз. Ақталған ашу деп қалған барлық адамдардың есебінен арнайы мүдделерін байытатын үкіметке қарсы ашу болып табылады. Сіз қандай да болсын табыс пен пайданы тек менің есебімнен ала алатын, баяу немесе нөлдік өсім экономикада осындай заңдастырылған ұрлық мүлдем орын алмауы керек.

Өсу мен даму жаһандану және заңды теңсіздікке байланысты. Біз зиян келтіріп жүргендерді елемей алмаймыз, бірақ біз біздің «түзетулеріміз» күрделі мәселелерді одан да қатты шиеленісуіне әкелмеуін қамтамасыз етуіміз қажет. Шынайы қорқынышты құбыжықтар ол біздің үкіметтің көп бөлігін басып алған рента іздеушілер. Олардың жасаған теңсіздік жойылуы қажет теңсіздік.

Автор туралы: Ангус Дитон - 2015 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Принстон университетінің Вудро Вильсон атындағы қоғамдық және халықаралық қатынастар мектебінде экономика және халықаралық қатынастар профессоры болып қызмет атқарады.

Похожие материалы