Экономика
Медиа
Жетінші арнаның директоры ауысты
Телеарнаның жаңа директоры болып Әлия Бабаева тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Қуат Бахридинов атқарып келген еді. Бұл туралы телеарнаның PR-қызметі ақпарат таратты.
Әлия Бабаева бұған дейін директордың қаржы жөніндегі орынбасары болған. Ал Қуат Бахридинов "Интернет портал Нұр" ЖШС директоры болып қызмет ауыстырған еді. Ол Жетінші арна бақылау кеңесінің мүшесі ретінде қала бермек.
Бұған дейін Жетінші арнаны Кеңес Рақышев сатып алған еді. Ол арнаның ақпараттық бағыттан ойын-сауықтық бағытқа ауысатыны туралы айтқан болатын.