Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл қорытындысы: Ұлттық банк төрағасының есебі

Жыл қорытындысы: Ұлттық банк төрағасының есебі

Ұлттық банкітің төрағасы Данияр Ақышев 2016 жылға есеп берді. Оның сөзінше, 2016 жылы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды.

Данияр Ақышывтың мәліметінше, осы жылы болған маңызды оқиғалар мынадай:

Біріншіден, инфляция қарқыны бәсеңдеді. 2016 жылдың 11 айында 7,5% деңгейінде нақтыланды.  Жылдық инфляция 2016 жылдың шілдесінен бері  17,7%-дан 8,7%-ға дейін азайды. Инфляцияның негізгі себебі жыл басындағы және соңғы уақыттағы ішкі бағалар. (...) Осы жылы инфляцияның төмендеуі экономикадағы ақша ұсыныстарының артуымен байланысты. Жыл қорытындысына сәйкес, жылдық инфляция тағы төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, инфляциялық деңгейінің қандай болатынын халық арасында жүргізілген сауалнама да анықтайды. Халықтың көпшілігі инфляция деңгейі жоғары болмайды деп есептейді.

Екіншіден, валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталғанын атап өтуге болады. 11 айдың ішінде теңгенің әлсіреу деңгейі 0,4% болды. Қараша айының соңында доллар курсы 341,44  теңге болды. "Біз еркін айналмалы айырбас бағамы ұстанымдарын қадағалауды жалғастырамыз. Теңге бағамы ішкі және сыртқы факторларға байланысты анықталады, бұл теңге курсына қатысты болжамдарды реттейді", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Басшының сөзінше, үшінші маңызды мәселелердің бірі - алтын валюталы резервтердің өсуі. Ұлттық банктің валюта курсына араласпау турлы саясаты резервтерді сақтайды. Ұлттық банктің алтын валюталы резервтері алдын ала мәліметтер бойынша 29,8 млрд долларды құрады. Жыл басынан бері көрсеткіш 2 млрд долларға өсті. Елдегі халықаралық резервтердің жалпы сомасы Ұлттық банктің активтерін қоса есептегенде  91 млрд долларға жетті немесе ЖІӨ-нің 70%-ын құрады.

Төртінші маңызды оқиғалардың бірі - мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарықта іске қосылуы. 2016 жылы Ұлттық банк кірістілікті қалыптастыру үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізді. Орналастырылған ноттар көлемі өсті және олардың мерзімі ұзартылды. Сонымен 2008 жылдан бері алғаш рет  1 жылдық мерзімдегі ноттар шығарылды. қыркүйек және қараша айында екі рет аукцион өткізілді. Нәтижесінде нотқа сұраныс ұсыныстан көп болды.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығы біртіндеп қалпына келе бастағаны байқалады. Пайыздық мөлшерлемелердің нарықтық құрылымы болжалды болады және нарыққа қатысушыларға байланысты реттеледі.

15 қарашадан бастап  Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша қайталама нарықта операциялар өткізіле бастаған. Өтеу мерзімі - 2 жылдан 5 жылға дейін. Бұл кірістілікті арттырып, теңгемен алынатын кредиттің қайта жандандыруда маңызды болады.

Бұдан бөлек 2016 жылы долларсыздандыру жүзеге асырылды. Теңгемен салынған депозит көлемі алдын ала деректер бойынша 53,2%-ға дейін өссе, шетелдік валютадағы салымдар 10%-ға төмендеген.

Нәтижесінде депозитті долларсыздандыру деңгейі 2016 жылдың қаңтар айынан бері 70%-дан 56,7%-ға дейін төмендеді.

Ұлттық банктің келесі жылғы басты міндеттерінің бірі - кредитті жандандыру. Жыл басынан бері экономикадағы кредит көлемі еш өзгермеген және 12,8 трлн теңгені құрады. Алайда портфель құрылымында позитивті өзгерістер болды. Нәтижесінде кредит өсімі байқалады.

Реттеушінің айтуынша, Ұлттық банктің басты мақсаты - баға тұрақтылығын сақтау.

"Біз 2017 жылы инфляция дәлізін 6-8% көлемінде сақтаймыз. 2020 жылға қарай 4%-дан төмен болады деп жоспарлап отырмыз. Пайыздық мөлшерлеме тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды және базалық мөлшерлеменің рөлін нығайтуды жалғастыра береміз. Бұдан бөлек, ақша-несие саясатындағы жеке құралдарың рөлін анықтау жоспарланып отыр. Ұлттық банк теңгенің еркін айналмалы айырбас бағамы жүйесін сақтап қалады", - деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банктің 2017 жылға арналған тағы бір шарасы - экономикадағы ақша құнын көрсету үшін базалық мөлшерлеме мен ресми қайта қаржыландыру мқлшерлемесін теңестіру. Сондай-ақ Ұлттық банк байланыс саясатын жетілдіру жұмыстарын жалғастыратын болады.

Похожие материалы