Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Самұрық-Қазына» кеңесшілерге қанша қаржы жұмсайтынын айтты

«Самұрық-Қазына» кеңесшілерге қанша қаржы жұмсайтынын айтты

Астана. 27 сәуір. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2016 жылы кеңесшілерге қанша қаражат жұмсағанын айтты. Компания өкілінің мәлімдеуінше, кеңесшілерге берілетін қаржы жалпы құны 345 млрд теңгеге жететін әкімшілік шығынның 7-8 пайызына тең. Бұл туралы informburo.kz  жазды.

«Бізге қор мен компаниялар кеңесшілерді жиі жалдайсыңдар деп жиі сын айтады. Бірақ бұл коммерциялық ұйымдар үшін қалыпты құбылыс», - дейді қор директорының қаржы және операциялар жөніндегі орынбасары Ернар Жаңаділ.

Ол қазіргі уақытта қор мен оның еншілес құрылымдары өзгеріп жатқанын, сондықтан сараптама жетпейтінтұстарға кеңесшілер тартылатынын айтады. «Қорда кеңесшілердің қажет я керек емесін нақтылайтын арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді», - дейді ол.

«Бізді үнемі тексереді. Біз кеңесшілерге бөлінетін ақшаны қалай және кімге жұмсайтынымызды бақылап отыратын ішкі аудит қызметі бар. Тіпті жақында Есеп комитеті де тексерді. Олардың айтқан ескертулерін үнемі назарда ұстаймыз. Кеңесшілерге әкімшілік шығынның шамамен 7-8 пайызы жұмсалады (27 млрд теңге – ред.)», - деді Ернар Жаңаділ.

 

Похожие материалы