Қазақстандағы қызмет көрсету бағаларының қымбат болуы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне туристердің келуін қиындатып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев айтты.
"Біздің бір ғана мәселеміз бар, ол - баға. Қазақстандағы кейбір бағалар еуропалық бағалардан да асып түседі. Мәселен, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызмет көрсету бағалары тым қымбат", - дейді Ермегияев мырза.
Оның айтуынша, Қазақстанда бірнеше туристік маршруттар құрылатын болады. "Алғашқы маршрут ол - Бурабай - Астана. Біз арнайы автобустар шығарамыз. Келесі маршрут - Қытай. Яғни, туристердің басым көпшілігі Қытайдан келетін болады. Жақында біз қытайлық туроператорлармен тілдескен болатынбыз. Қытайлық туристерді тартуға құлықты болып отырмыз. Үшінші жоспарлап отырған бағытымыз, алдыңғылардан азырақ туристерді тартуы мүмкін. Десе де, Еуропаға біз үлкен күш салып жатырмыз", - деді Талғат Ермегияев.
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының басшысы жыл соңына қарай нақты маршруттар мен жасалып біткен турпакеттер дайын болады деп отыр. "Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда өтілетін барлық форум, семинар мен бизнес-кездесулерді EXPO-2017 өтетін уақытқа қарай қоюға тырысып жүрміз", - деді басқарма төрағасы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024