Тоқаев криптоиндустрияның Қазақстанға әсері туралы айтты

Нұр-Сұлтан. 27 маусым. 7kun.kz – «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев криптоиндустрия мен цифрлық активтерді дамытуға ерекше тоқталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, Үкімет қаржы реттеушілерімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Үкімет қаржы реттеушілерімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажеттігін атап өтті.