Пекин. 9 тамыз. 7kun.kz - Қытайдың Сычуань провинциясында 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21.19-да тіркелді. Дүмпу магнитудасы 6,5 балл болды. Бірақ кейіннен Қытай сейсмология орталығы магнитуданың 7 баллды құрағанын хабарлады.
Қытайдың батысындағы Цзючжайгоу уезінде 30 мыңнан астам турист эвакуацияланды. Ал табиғат апаты болған жерге жақын орналасқан Цзюхуан әуежайынан 600 турист эвакуацияланды. Соңғы деректер бойынша, 13 адам қаза тауып, 175 адам жарақаттанды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024