Алматыда ШОБ үлесі төмендеген

38
алматыда
Фото: sostav.ua

Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанның өзге аймақтарына қарағанда Алматыда шағын және орта бизнестің үлесі азайған.

Статистика комитетінің дерегінше, 2018 жылдың 1 тамызына дейін елімізде ШОБ субъектілерінің үлесі 4,4% өскен.

ШОБ субъектілерінің 65%-ын жеке кәсіпкерлер құрауда, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесі – 18,5%, фермерлік және ауыл шаруашылығы – 16,3%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2% құрап отыр.

Өсім негізінен Атырау облысында байқалған – 6,9%.

Алматы қаласы шағын және орта кәсіпкерліктің ең үлкен шоғыры болып қалуда, алайда өзге облыстарда бизнестің осы сегментінде өсім байқалса, алып шаһарда керісінше бизнестің осы түрі төмендеген.

Төмендеу жеке кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы есебінен орын алған. 2017 жылдың тамызында 114,7 мың жеке кәсіпкерлік тіркелген болса, қазір олардан 109 мың қалған. Ал, фермерлік шаруашылық 179-ға қысқарған.