Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде 40-қа жуық кен орны аукционға шығарылды

Елімізде 40-қа жуық кен орны аукционға шығарылды

Бұл жаңалықты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, аукционға 39 пайдалы кен орны шығарылады.

Аукционға шығарылғалы жатқан кен орындары арасында алтын, асбест, марганец, темір, қорғасын мен мырыш, никель мен кобальт, көмір мен кварц кеніштері бар.

Аукционға ұсынылған пайдалы кен орындары:

  • Қасқабұлақ, Жила 31, Болдыкөл, Загадка – Абай облысы;
  • Мамонтовск, Ново-Березовск, Березовск, Шанды-Бұлақ, Үлкен Бөкен, Шламонакопитель, Үшбұлақ, Белогорск – ШҚО;
  • Қайыңды, Геофизическ, Июльск, Батамшинск, Шелекті, Шуылдақ, Щербаковск, Шығыс Шандаш, Қызыл Қайың, Көкпетті – Ақтөбе облысы;
  • Аралық, Ақшоқы III – Ұлытау;
  • Тоғай, Біркісі, Челак-Қарасу, Шахан – Қарағанды облысы;
  • Харьковск, Солтүстік Леонид – Қостанай облысы;
  • Бөгенбай, Березовск – Ақмола облысы;
  • 94 кеніші – Атырау облысы;
  • Шығыс Майбұлақ – Жамбыл облысы;
  • Сенім – Жетісу облысы.

Аукционға қойылған кен орындарының тізімі және аукционды өткізу тәртібімен министрліктің сайтында танысуға болады.

Ұқсас материалдар