Астанада 630 кәсіпкер бизнесін заңдастырды

Фото: egemen.kz

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – «1000 орын-көше саудасы» жобасы бойынша 630 кәсіпкер өзінің бизнесін заңдастырып алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жоба 2015 жылдан іске асырылып келеді. Бір жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыруға 1200-ден астам кәсіпкер қатысып, 1500-ден астам жұмыс орны құрылды, бұл дегенің бірнеше ірі зауыттарды іске қосқанмен тең.

Субъектілер арасында жер учаскесі конкурс арқылы бөлінді. Ұсынылған учаскелердің ішінде 231-і – жеміс-жидектерге, 205 – фаст-фудтарға, 75 – тағам, 50 – гүлдерге, 30 – мобильді техникалық сервиске, 11 – газет дүңгіршегіне, 2 – тұрмыстық қызмет сервисіне, 2- балалар серуеніне, 2 – кәдесый өнімдеріне берілді.

Айта кетейік, аталмыш жоба шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, көп жағдайда отбасылық бизнесті ұйымдастырудың себепкері болып, жұмыссыз халықты өзін өзі қамтамасыз етуге үйретуде.

Бұдан басқа, қоғамдық аукцион өткізу процедурасын іске асыру шеңберінде блокчейн жүйесі бойынша аукцион өткізу үшін электронды плтаформа жасаудың жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар, қазіргі таңда QR-код пен әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.