Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылдың қараша айында Қазақстан мұнайының бір тоннасы 45,5 мың теңгеден сатылды деп хабарлайды LS.
Қазақстан мұнайының бағасы қараша айымен салыстырғанда 0,3 пайызға арзандаған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тек Қызылорда облысында өндірілетін мұнай ғана қымбаттаған. Аталған аймақтағы мұнайдың бір тоннасы 67,5 мың теңгеге тең. Бұл жыл басымен салыстырғанда 27,6 пайызға көп. Ал өткен аймен салыстырғанда 5,7 пайызға өскен. Өз кезегінде Ақтөбе мұнайы 1,9 пайызға түсіп, 51,8 мың теңгені көрсетті. Атырау мұнайы 0,3 пайызға, Маңғыстауда өндірілетін мұнай 3,1 пайызға арзандаған. 6 желтоқсанда Нью-Йорк пен Лондон биржа нарықтарында әлемдік мұнай бағасының қымбаттағаны байқалған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024