
Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы нақты тиімді айырбас бағамы 2,1%-ға ж/ж әлсіреді және өзінің тепе-тең мәндеріне жуық қалыптасты, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Бұл қазақстандық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелесуге қолайлы жағдайлары бар екенін білдіреді. Осылайша, Қазақстанның экспорттық әлеуеті кеңеюде, бұл 2018 жылдың 11 айындағы дайын өнімнің экспортын 11,7%-ға өсіп, 3,1 млрд. АҚШ долл. дейін ұлғаюына, жалпы импорттың (11,1%) және тұтыну тауарлары импортының (3,8%) өсу қарқынынан жоғары болды.
Өзгермелі айырбас бағамына ауысқаннан кейін НТАБ-тың ауытқуы төмендеді. НТАБ-тың тепе-тең деңгейінде болуы экономикалық өсімді қолдайтын оңтайлы айырбас бағамы саясаты екендігін көрсетеді.
НТАБ динамикасы, негізінен, номиналдық бағамдардың өзгерістерімен анықталды. 2018 жылдың 1 жарты жылдығында АҚШ-тың санкциялық саясатының жаңа раундының себебінен теңге бағамының Ресей рубліне қатысты нығаюйы орын алды; мамыр айынан қазан айына дейін НТАБ сыртқы монетарлық талаптардың қатаңдауы жағдайында теңгенің еуроға қатысты бағамының әсерімен қалыптасты. Сонымен қатар, 4 тоқсанда НТАБ-тың өзгеруіне негізгі үлесті Еуропа Одағында инфляцияның маусымдық өсуі мен Қазақстандағы инфляцияның баяулауы қосты.