Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үкімет ЖІӨ-нің өсімін 0,5 пайызға дейін төмендетті

Үкімет ЖІӨ-нің өсімін 0,5 пайызға дейін төмендетті

Қазақстанда 2016 жылға болжанған жалпы ішкі өнімнің  өсімі 2,1 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін журналистерге Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Үкіметтің алдыңғы отырысында еліміздің 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа болжамын бекіттік. Сондықтан, мына параметрлердің өзгерісі болжанып отыр. Курсты өткен жылдың қарашасында бекітілген 300 теңгеден 360 теңгеге өзгертеміз.Мұнайдың жылдық  орташа бағасын өзгертеміз, оны халықаралық қаржы ұйымдарының, инвестициялық банктердің, мұнай мен газ саласындаңы сарапшылардың болжамына сай, бір баррель мұнайдың бағасын 40 доллардан 30 долларға төмендетеміз",- деді Ерболат Досаев. Үкімет, сондай-ақ, экономиканың өсіміне байланысты болжамдарды да өзгертеді. "Егер, естеріңізде болса, бір баррель мұнайдың бағасы 40 доллар деп алған кезде, жалпы ішкі өнімнің өсімі 2,1 пайыз болады деп болжаған едік, ал консервативті сценарий бойынша, биыл жалпы ішкі өнімнің өсімі (бір баррель мұнайдың бағасы 30 доллар деп болжанғанда) 0,5 пайызды құрайды деп болжап отырмыз. Біздің экономика әлі де жағымды аумақта", - деді экономика министрі.

Похожие материалы