Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің көмегімен экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматшасын Грузиядан экстрадициялады.
Тергеу мәліметі бойынша, күдікті Астанада «World Busines Consulting» қаржы пирамидасының құрылымын басқарды, оның бөлімшелер желісі 2018-2022 жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде азаматтарменжоғары пайда алуды сылтауратып, 6,5 млрдтеңгеден астам қаржыны заңсыз тартқан.
Аталған қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушылары сотталып, нақты бас бостандығынан айырылды.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың қарашасында ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.





