Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.
Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.
Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:
- ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
- ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
- ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау;
- қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру;
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге қажетті мақсаттар мен міндеттер анықталған, жұмыстың құрылымдық мазмұны берілген.
Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік құралдар, шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары, периодикалық баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары пайдаланылды.
1 Тарау. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі
1.1. Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Ақша-несие саясаты салық, инвестициялық, құрылымдық және т.б. сияқты кез келген дамыған қоғамның экономикалық саясатының бір бөлімі болып келеді. Ақша-несие саясаты мәнінде монетарлы өкіметтердің ақша-несие сферасындағы конъюктура және қайта даму процесін жөнге салуы мақсатындағы өзара байланысқан шаралардың кешенін түсіну керек. Шаралар кешенінің мінез-құлқы және мазмұны қоғамның экономикалық стратегиясымен және жалпы шаруашылық жағдаймен анықталады. Ақша-несие саясатының әрекеттілігі оның мүмкіншіліктерімен шектеледі, осы шектерді анықтау экономикалық теорияның аса күрделі мақсаты болып табылады.
Ақша-несие саясатының негізгі әсер ету объектісі ақша айналымы болып келеді. Ақша айналымы өз алдына қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың толассыз қозғалысын құрайды. Ақша айналымының кеңейтілген түсінігі оның құрылу принциптерін түбірінен өзгертеді. Осы анықтамаға сәйкес ақша айналымын реттеу ақша массасы, ақша массасының агрегаттары, орталық банкі ақшалары, несие мультипликаторы, ақша сұранысы және ұсынысы және т.б. сондай жаңа ұғымдардың негізінде жүзеге асады. Өз кезегінде түсінік аппаратын жаңарту кейнсиандық және монетарлық ақша айналымын реттеу концепцияларын зерттеу қажеттілігіне әкеледі, өйткені бұл теориялық құрылыстардың негізінде Маркстің ақша айналымының өзгертілген құрылымды заңы жатыр. Ақша айналымы заңы құн заңынан шығады. Демек айналымға қажет ақша массасын анықтағанда тек қана тауар айналымының көлемі мен құрылымын қарастыру жеткіліктісіз, мұнда табыстың мөлшері мен құрылымын, ақшаға ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеру керек.
Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы бойынша жүйелі түрде екі ірі мектепті бөліп көрсеткені өзімізге белгілі – кейнсиандық және монетарлық мектептер. Егер де кейнсиандықтар ақша - несие саясатын рольді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары бағалауды нақты қолдайды. Олардын арасындағы келіспеушілік әртүрлі методологиямен шартталған – біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері – барлық нәтижелер кешенінің негізіндегі тиімділік туралы айтады.
Ақша-несие саясатының нәтижелі жұмыс жасауына институционалдық негіз болып келетін екі деңгейлік банкілік жүйе және ақша-несие сферасындағы нарықтық жүйе.
Банкілік секторды қарастырғанда, монетарлық саясатты табысты орындау мақсатында жаңа банкілерді, олардың барлық деңгейдегі филиалдары мен бөлімдерін жасау, экономикалық мақсаттылық және нәтижелілік принцибімен банкілік қызмет бағыттарын таңдау, ерекше экономикалық әдістермен банкілердің мінез-құлқын реттеуді қамсыздандыру процесі демократизациялануға тиісті. Екі деңгейлік құрылымның нәтижелі жұмыс жасауына сенімді кепіл пассивтер, клиентура, қорлардың пайдалы орналастырылуы үшін бәсекелес шарттарының теңдігі болып табылады. Орталық банкі (бірінші деңгей) бірыңғай ақша-несие саясатын жасап, ақша айналымын және екінші деңгей банкілерінің қызметін белгілі дүниежүзілік тәжірибедегі әдістердің көмегімен реттейді. Ол клиентураға несие-есеп айырысатын қызметтерді көрсетумен шұғылданбайды, оның клиенттері тек қана банкілерден тұрады. Сайып келгенде, әңгіме иілгіш құрылым шектерінде жүйенің тұрақты эволюциясының жүріп жатқаны туралы айтылады.
Банкілік мекемелердің әр түрлілігі мен аса көптігіне, олардың әр түрлі елдерде түрлі үйлесушілігіне қарамастан, екі деңгейлік құрылымның болғаны орталық банкіге экономикалық әдістердің жиынымен екінші деңгейдегі банкілердің мінез-құлығын жөнге салуға және қайта өңдеу процесіне әсер етуге мүмкіндік береді. Банкілер арасындағы іскерлік бәсекенің болуы барлық елдерде олардың нәтижелі жұмыс жасауының негізгі шарты деп қаралады.
Қазіргі ақша-несие саясатының институционалдық негіздеріне нарықтық жүйе кіреді. Ақша-несие сферасындағы нарықтық жүйесіз екі деңгейлік банкілік жүйелердің нәтижелі жұмыс жасауын ұғыну қиынға соғады. Ол экономиканы ақша-несиелік реттеудің нарықтық үлгілерінің маңызды буыны болып келеді: мұнда несиелердің әртүрлі мезгілдерге сұранысы және ұсынысы шоғырланады, монетарлық саясаттың өте маңызды айнымалысы – пайыздық ставкалар қалыптасады.
Ақша-несие сферасында нарықтық класификациялаудың негізінде ең алдымен үш белгі жатады: келісім объектісі, уақыт арасындағы қатысушылардың құрамы және келісімдердің ұзақтығы. Осыған қарап нарықтың екі тобын айырып көрсетеді: несие және қаражаттық, олардың өз алдына нақтылы бір түрлері бар. Егер келісім несие нарығында 24 сағаттан бір жыл мезгілге жасалса, қаражаттық нарықта ұзақ мезгілдік келісімдермен сипатталады.
Несие нарықтары банкаралық және ақшалай болып бөлінген. Күнделікті банкілердің мезгіл бойынша активті және пассивті операцияларының теңелетін банкаралық нарыққа тек қана банкілердің қатысуға мүмкіндігі бар. Қатысушылар мен келісім объектілерінің құрамы көбірек болатын ақша нарығы болып табылады. Оған банкілерден басқа кәсіпорындар, қаржы мекемелер, сақтандыру компаниялары және зейнетақылық қорлар қатыса алады. Ұзақ мерзімге ақша қорларын сатып алу және сату келісімдері алғашқы және екінші қаржы нарықтарында жүргізіледі. Алғашқыларға облигациялардың және акциялардың эмиссиясы жатады, ал екіншіге – қор биржа.
Ақша-несие саясаты экономикалық саясаттың тек бір элементі болып келеді. Демек, оның стратегиялық мақсаттары елдің жоғарғы органдарымен анықталатын глобальды стратегияның бір бөлімі болып келеді. Жүйенің бір элементі болып ақша-несие саясаты тек қана анықталған жалпы мақсатқа жетуге жағдай жасайды. Өз алдына ол қажетті нәтижелерге жеткізуге мүмкіндігі жоқ.
Ақша несие саясатының стратегиясын жасау екі кезеңді ұсынады: оның ең маңызды ақырғы мақсатын анықтау; монетарлы өкіметтерге делегирленген аралық мақсат пен өкілеттіктерді анықтау.
Мемлекеттік органдардың басты мақсаты белгілі бір саясатты таңдап және оны орындап жоғарғы тұрақтылыққа жету және сол тұрақтылықты ұзақ дәуір ағымына сақтау болып табылады. «Жалпы экономикалық тұрақтылық» ұғымы негізінен макроэканомикалық параметрлердің күй-жағдайының айқын болуын көрсетеді, атап айтқанда: өндірістің тұрақты өсуі, тұрақты бағалар, жұмысшы күшінің толық жұмыс бастылығы және төлем балансының дұрыс сальдосы.
Ақша-несие саясатының мақсаттары оның стратегиясы болып көрсетіліп, былай класифмкацияланады: іс-әрекет шегімен – ішкі және сыртқылар, іс-әрекет уақытымен – аралық және ақырғы. Ішкі және сыртқы, аралық және ақырғы мақсаттардың шектелуі олардың абсолютті қарама-қарсы қойып салыстырылмай қабылдануға тиісті. Негізінен олардың арасындағы байланыстарының бар болғанын шамалайтын жалпы ақша-несие саясаты ғана болып отыр.
Ақырғы мақсаттар. Ақырғы мақсаттарды анықтағанда «сиқыршылық төрт бұрыш» туралы жиі сөйлейді, оның шектері макроэкономикалық көрсеткіштер схемасында көрсетілген. Экономикалық саясаттың мәні осы параметрлердің оптималды үйлестіруінде жатыр.
Ақырғы мақсаттар арасында бір мақсат бар, оны орындау орталық банкінің жауапкершілігінде жүктеледі: күрес ұлттық валютаның ішкі және сыртқы құнын сақтау үшін инфляциямен. Бұл мақсат ақша активтерінің эмиссиялауында емес, жинақтардың тұрақты артуына айрықша жағдай жасайтын инвестициялық қаржыландырудың нарықтық механизмдерінің даму жолымен шешіледі. Ақша-несие саясаты инфляцияның ақшасыз себептерімен күресе алмайтыны айдан анық. Құрылымдық және әлеуметтік факторлар экономикалық саясаттың басқа құралдарымен жойылуға тиісті (табыстар саясатымен, сауда-өнеркәсіптік құрылымдар саясатымен және т.б.)
Аралық мақсаттар. Орталық банкілер аралық ретінде ақырғы мақсаттардың орындалуына қолайлы мақсаттар анықтайды. Аралық мақсаттардың анықтамасы бірнеше болжамдардың қатарында құрылады. Аралық мақсаттар (мысалы, ақша массасы) мен ақырғы мақсаттар (мысалы, бағалар) арасында біршама байланыс бар. Басқаша айтқанда, ақша-несие саясатының аралық мақсаттан ақырғыға трансмиссия процесі тұрақты және жеткілікті түрде көрсетілген. Орталық банк оның бұйрығында бар құралдарға байланысты мақсаттардың бірлігін көрсете білуі тиіс.
Календарлық жылға ұсынылған аралық мақсаттарды ресми жариялай отырып орталық банк, болжауға арналған негізгі нүктені орнатып, сөйте тұра «құлағдар ету күшті әсерін» іске асыра алады. Оған қоса, ақша-несие саясаты табыстар саясатына қарағанда аса жеңіл өткізіледі, сонымен қатар экономикаға азырақ «ауырғыш» әсер көрсетеді.
Орталық банкі аралық мақсаттардың екеуінің біреуін ғана таңдау мүмкіншілігіне ие: пайыздық ставка немесе ақша массасы, немесе екі мақсатты бірге таңдайды. Бұл дегеніміз, ақша-несие саясатының стратегиясы сандық мақсаттардың екі категориясымен көрсетіледі: ақшалардың санынымен және несиелердің көлемімен.
Экономикасы дамыған елдердің орталық банкілері экономикаға әсер етудің белгілі бір әдістеріне ие. Оларға дәстүрлі түрде мыналар жатады: минималды резервтер саясаты; депозиттық саясат; есептік және кепілдік саясатын қосатын ұлттық несие жүйесін қайта қаржыландыру; ашық нарықтағы операциялар; валюталық саясат. орталық банк ақша-несие саясатының стратегиялық концепциясын жасайды, ол мақсаттарға жету үшін құралдар қолданылады. Сонымен қатар құралдардың белгілі бір құралдарын қолдануда реттелетін экономика күй-жағдайы ғана емес, сонымен қатар орталық банкінің банкілік жүйемен өзара қатынастарындағы дәстүрлері үлкен роль ойнайды.
Кейбір елдерде ақша-несиелік реттеудің негізгі түрлері заңмен бекітілген. Мысалға, Австрия мен Германияны айтуға болады, онда орталық банкілер құралдардың стандартты түрлерін қолданады. Англияның орталық банкісінің жүргізетін саясаты мүлдем заңмен реттелмейді, және әрбір нақтылы кезеңде Англия Банкісі ақша нарығына әсер етудің жаңа әдістерін қолданады. Сондықтан да Англия Банкісінің қолданылатын ақша саясатының негізгі құралдарын ерекшелеп көрсету жеткілікті түрде қиын, өйткені олардың жиыны саяси режимге аса тәуелді болады, яғни билік басында консервативті немесе лейбористтік өкіметтің ауысып отыруы жиі болып тұрады. Неміс федералдық банкісі заңмен көрсетілген құралдарды модернизациялау жолын ұстанып отыр. Сөйте тұра неміс федералдық банкісі ақша-несие саясатының түрлі механизмдерін қолданады.
Ұзақ мерзімдік аспектіде орталық банк стратегиясының компромистік вариантын таңдау туралы айтуға болады. Қазіргі кезде реттеудің әкімшілік механизміне қарағанда нарықтық механизмге үлкен маңызды бөліп отыр. Ұлттық Банк үшін өтпелі экономика шарттарында Австрияның және Германияның орталық банкілерінің тәжірибесін қолдану аса тиімдірек келеді, яғни ақша-несие саясатының құралдары заңменен бақылануы керек, сонымен қатар танымайтын әдістерді эксперименталды түрде пайдаланғанша қолда бар құралдарды тиімді қолданған дұрыс және маңызды болып табылады.
Орталық банкінің концепциясын бірнеше критериялар негізінде мінездемелеуге болады. Орталық банкілердің стратегиясын класификациялаудың негізгі принциптерінің бірі болып қызмет ететін ақша массасының өсу қарқынын реттеу немесе ұлттық ақша бірлігінің басқа бір тұрақты шетел валютасына қатысты валюталық курсын реттеуге бағдарлану, яғни ішкі және сыртқы көрсеткіштер. (1 кестені қараңыз)
Кесте-1. Валюталық курсты реттеудің ішкі және сыртқы көрсеткіштері.
Ішкі көрсеткіштерге Бағдарлану | Сыртқы көрсеткіштерге бағдарлану |
Ақша массасының өсу қарқынын реттеу | Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын реттеу |
Ескерту-Автормен құрастырылған: Нуреев Р.М «Ақша,Банк және ақша несие саясаты» Мәліметтер негізінде алынған. |
Мысалға Неміс федерадық банкісі жұмысының негізгі мақсаты ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Тұрақтылықты ішкі және сыртқы деп бөледі (ішкі дегенімізде инфляциясыз дамуды, ал сыртқыда – неміс маркасының валюталық курсының тұрақтылығын айтамыз). М3 индексі анықтайды, ол өзіне қолма-қол ақшалардың көлемін және резиденттердің ұлттық несие институттарында сақтайтын келесі салымдардың түрін қамтиды: талап еткенге дейінгі салымдар, 4 жылға дейінгі салымдар, жәй жинақ салымдары.
Айта кететін бір жайт ақша массасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банкілердің баланстарының шоттары консолидациясы негізінде анықталады және келесі компоненттерден тұрады:
- М0 (айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни банк жүйесінен тыс ақшалар);
- М1 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері);
- М2 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері, теңгедегі басқа да депозиттер және шетел валютасындағы халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері);
- М3 (М2 агрегатының және басқа да шетел валютасындағы банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері сомасына тең).
Ақша базасы (резервтік ақшалар) ҚҰБ-нен тыс қолма-қол ақшаларын және екінші деңгейдегі банкілердің аудармалы депозиттерін қосады.
Ақша массасын елдің жалпы экономикалық ахуалына байланысты реттеген кезде ақша массасының өсуін ынталандыру шаралары (экспансиялық несие саясаты) және оның өсуін тоқтату шаралары (рестирикциялық несие және дефляциялық саясат) деп айырады. Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын реттеу орталық банкінің стратегиясының екінші варианты ретінде экспортқа бағытталған дамыған экономикасы бар Европа елдері қолданады. Мысал ретінде Австрия, Бельгия, Нидерландыны келтіруге болады. Австриялық Ұлттық банкісі қайта қаржыландыру саясатының шеңберінде есептік ставканың өзіндік мөлшерін мүлдем белгілемейді, өйткені австриялық шиллинг неміс маркасына бағаланбаған. Австриялық Ұлттық банкісі есептік ставканы Неміс федерал банкісінің есептік ставкасымен бір деңгейде немесе одан төмен деңгейде ұстауы керек. Автстриялық банкінің негізгі мақсаты валюталық саясатты жүргізе отырып ұлттық валюта мен неміс маркасының бағамдарының арасында тұрақты пропорцияны сақтап отыру.
Орталық банкі өзінің бұйрығында ақша-несие сферасын реттеуге көмектесетін құралдары болады. Бұл құралдар барынша көп әрекеттілікке ие болуға тиісті және оны орталық банкі белгілі бір экономикалық жағдайда қолданады. Ақша-несие саясатының құралдарын осылай бағалаудың критериясы орталық банкінің экономикалық реттеу мақсаттарын дәлірек іске асыру қабілеттілігін түсіндіреді.
Орталық банкінің құралдарына қойылған келесі талабы оның бөлек топтар немесе барлық несие институттардың бәсеке қабілеттілігіне әсер етуінің біркелкілігі болып табылады. Біріншіге сауда банкілерінің бір бөліміне әсер ету шаралары жатады. Мысалы, Германияда әр түрлі бөлек несие институттар үшін міндетті резервтер бойынша әр түрлі ставкалар қою; Ресей банкісінің валюталық лицензия беру тәжірибесі. Екінші топ барлық несие институттерге тиесілі шараларды қамтиды. Үлгі ретінде, орталық банкінің рестрикциялық есептік саясатын өткізу болып табылады.
Жоғарыда аталған талаптар есепке ала отырып, орталық банкінің барлық құралдарын бірнеше белгілердің негізінде сипаттауға болады:
- Дәстүрлі немесе дәстүрлісіз;
- Әкімшілік немесе нарықтық;
- Жалпы әсер ету немесе сұрыпталған бағыттылық;
- Тіке немесе жанама әсер ету;
- Қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді.
Дәстүрлісіз операциялар халықаралық қаржы нарығында жағдайлардың өзгеруімен орайлас пайда болды. Әсіресе, өзінің қажетті құралдарын таңдауда ерікті Англия банкісі үшін дәстүрлісіз реттеу шаралар әдеттегі жағдай болып табылады.
Әкімшілікке директивалардың формаларын, нұсқаулардың және ережелердің түрін иеленетін құралдар жатады, сонымен қатар ұлттық банкіден шығатын және несие институттарының іс-әрекеттеріне және таңдау еркіндігіне шек қоюға бағытталған алдын ала белгіленгендер жатады. Әкімшілік әдістер дамушы экономикасы бар орталық банкілерге тән. Әкімшілік әдістердің арқасында Ұлттық банкі өзінің бақылау функциясын жүзеге асырып отырады.
60-шы жылдарда барлық европалық елдерде сауда банкілердің пайыздық ставкасын әкімшілік реттеу тәжірибесі кең қолданылған. Қазіргі кезде осы шек қоюлар Германияда, Данияда және Ұлыбританияда ғана толық алып тасталған. Әкімшілікке әдістерге сонымен қатар орталық банкіде несие институттерінің минималды резервтерін ұстауы жатады.
Нарықтық сипатындағы құралдардың мәнінде орталық банкінің ұлттық несие жүйесіне ақша нарығы мен капитал нарығында белгілі бір жағдайларды құрастыру жолымен әсер етуді айтады.
Соңғы он жыл ішінде өндірісі дамыған елдерде экономикалық реттеу процесінде нарықтық әдістерді пайдалану ұмтылысы анық көрініп жүр. Көптеген Европа елдерінде капиталлың қозғалысы либерализацияланып, ашық нарықта операциялардың қолданылуы кең өріс алып отыр. Дәл осылай, 1991 жылы Австрияда несие институттарының ірі ақша сомаларына шетелдік операцияларын жасағаны туралы орталық банкілерге мәлімет беру жүйесі алынып тасталды.
Орталық банкінің экономикалық реттеуі тіке және жанама әсер етуі мүмкін. Мысалға, есептік саясатты жүргізгенде ақша нарығындағы жағдайды жанама реттеу жасалады, сонымен қатар бір уақытта капитал нарығындағы жағдайға жанама әсер жасалады.
- Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Өндірісі дамыған елдердің экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты өте белсенді қолданылады. Бұл ертеден келе жатқан экономиканы реттеудің алғашқы формаларының бірі екені белгілі. Ақша-несие саясаты әр-түрлі позициядан аса талғамды болып қарастырылады. Тарих позициясынан қарағанда, оның мүмкіндіктері 30-шы жылдарда дүниежүзілік экономикалық кризис кезінде шығып жүрген еді, сол кезде оның ролі қарастырылған еді. Теорияның көзқарасымен зерттегенде макроэкономикалық көрсеткіштер ақшаның ауыспалы мәндерінен тәуелді: яғни айналыстағы ақша көлемінің өзгерісі өндірісті, айырбасты, тұтынуды, жалпы сұранысты қозғауы мүмкін. Эмпирикалық позициядан қарағанда: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция өте төмен пайыздық ставканың деңгейіндегі экспансиялық ақша-несие саясатымен арандатылған еді, ал рестрикциялық саясат оның дамуын тоқтататын белгілерін анықтап берді. Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясын және тактикасын анықтау алдымен теориялық принциптерін анықтауды және оның ішкі механизмдерін ашуды талап етеді. Өзіміз білетіндей, ақша-несие саясатында схемалық түрде екі ірі мектепті бөліп көрсетеді – кейнсиандық және монетарлық.
АҚШ-тың экономикалық ғылымында ең ірі танымал кейнсиандық лагерь болып табылады, әсіресе П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобин. Олардың жұмыстары экономиканың ресми танылған ілімінің негізін қалайды. Оларпдың «жалпы теориясының» негізгі мақсаты - әрбір макроэкономикалық теория міндетті түрде ақшалай болатынын дәләлдеу, бұдан ақшалай феноменнің макроэкономикалық анализде кездейсоқ түрде маңызды болып саналады. Сонымен қоса бұл ілім өзінің бойына соңғыкейнсиандық ақша нейтрализмінің өркендерін қамтыған еді.
Келесі концептуалдық бағыт 50-ші жылдардың ортасында кейнсиандықтарға қарсы қалыптасқан еді. Оның жақтаушыларын алғашында сандық деп атайтын еді, содан кейін нақты – «монетаристтер» деп атады, өйткені олар экономикалық белсенділіктің тербелісін және инфляцияны түсіндіруде ақшаның рөліне маңызды қарады. Бұл теорияның идеологі әйгілі экономист М. Фридмен болып табылады.
Егер кейнсиандықтар ақша-несие саясатынның рөлін бюджет саясатының немесе табыстарды бақылау саясатының пайдасына шешсе, монетаристтер ақша-несие саясатының өзін таңдағанды қалайды. Олардың келіспеушілігі тек мына әдістемемен ғана пайда болған: біріншілері саясаттың тиімділігін әрбір жеке жағдайдың негізінде болатынын айтады, ал екіншілері барлық нәтижелер кешенінің негізінде болатынын айтады.
Фишер айналыста жүрген ақшаның көлемінің өзгеру эффекті экономикаға әсері тимейінше ақшаның сандық теориясы дұрыс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Бірақ ол сонымен қатар бұл теорияның нақты «өтпелі кезеңдерде» түзелетінін түсіндіреді, оның қадамында ақша санының өзгерісі олардың айналысының жылдамдығына, өндіріс және келісімдердің көлеміне, бағалардың жалпы деңгейіне әсер етеді. Басқаша айтқанда, оның әртүрлі анықталатын факторлармен ұзақ мерзімді экономикалық концепциясы, экономикалық циклдің ақшалы теориясымен қамтамасыз етіледі.
Алдымен кейнсиандықтардың концепциясының өзінің ішінде тайталасты айту керек. Кейбір экономисттер кейінгі кейнсиандық мектептің зерттеушілерін нағыз ілімді бұзды деп санайды. «Хикс-Хансен парадигмасы» ілімнің неокласикалық моделін бағалардың икемсіз жағдайында, әсіресе номиналды жалақы немесе пайыздық ставка қолданылатын жеке жағдайлар түсіндіруге ұмтылады. Басқаша ойланатындарға кейнсиандық бағыты өзге түсте көрсетіледі: кейнсиандық экономика міндетті түрде монетаристті болса, онда ол тепе-теңдікте болуы мүмкін емес.
Кейнс макроэкономикалық анализ тек ақшалай болатынын нақты түрде айтқан. Ақшаның маңыздылығын көрсету үшін ол анализдің класикалық схемасын керісінше өзгертті, яғни жұмысшылардың толық жұмыспен қамтылуы автоматты түрде нақты жалақының өзгеруіне байланысты қамсыздандырылады. Кейнстің схемасы бойынша керісінше: жалпы сұраныс өндірісті анықтайды, оның деңгейі толық жұмыс бастылыққа жету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Ақша жалпы сұраныстың айқындалуына жағдай жасап стратегиялық маңызға ие: олардың жеткіліксіздігі жұмыссыздықтың немесе артықшылығы инфляцияның қайнар көзі болуы мүмкін.
Дегенменде, қарыз капиталына деген ұсыныс пен сұраныс пайыздық ставканы анықтайды. Кәсіпорын иелері капиталдың шекті тиімділігі (немесе қаржы салудың рентабельділік нормасы) пайыздық ставкаға тең болып тұрғанша қаржы салып отырады. Өз алдына жалпы табыстың өсімі қаржы салудың өсімінен шығып қысқа мерзімді болып табылады. Сондықтан, айналыстағы ақша массасын өзгерте отырып монетарлы өкімет табыс өсімінің бәсеңделуіне немесе тездетілуіне әсер етеді.
Бұл кезде депрессияның кейнсиандық схемасы келесі түрде бейнеленуі мүмкін. Белгілі бір себептермен нақты сұраныс төмендеді делік. Жалпы бұл төмендеуді кәсіпкерлер біле алмайды, олар өздерінің болжамдарында өткен кезге қарайды. Сөйтіп олардың болжамы қате болып, олар тауарды аз сатып қояды да қоймада өнім көбейіп қалады. Артық өнімді азайту үшін олар өндірісті қысқартады. Кәсіпкерлердің бұл іс-әрекеті өндірістің көлеміне бағытталып, сонан кейін бағаға да бағытталады, ал материал құндылығы нарығында тепе-теңдік бұзылып, бұрынғы бағалар тепе-теңдік жағдайының бағасы болып табылмайды.
Тепе-теңдіктің бұзылуы материал құндылығы нарығынан еңбек нарығына өтеді. Өндіріс көлемін азайта отырып кәсіпкерлер кірістің нормасын сақтау үшін жұмыс бастылықты қысқартады. Кейін олар сұранысты тұрақтандыру үшін тауарлардың сатылу бағасын төмендетуі мүмкін. Жұмысшылар жұмыстан айырылмауы үшін номиналды жалақының төмендеуіне келісуге мәжбүр болады. Баға мен жалақының төмендеуі материалды құндылықтар нарығындағы ұсыныс пен сұраныс арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болып табылады, өйткені өндіріс пен жалақының төмендеуі нақты табыстың төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде жалпы сұраныстың жаңадан төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, депрессияның кумуляциясы артық қорлар таусылмайынша жүріп отырады.
Бірақта жалпы табыстың төмендеуі қарыз капиталына деген сұранысты төмендетіп, пайыздық ставканың төмендеуіне алып келеді. Ақша-несие өкіметтері экспансия саясатын ұстанып бұл тенденцияны күшейтіп жіберуі мүмкін. Егер де пайыздық ставканың төмендеуі кәсіпкерлерді үлкен инвестицияларды салуға итермелесе, онда жалпы сұраныс көбейеді де, ақша-несие өкіметтері ұсынысты көбейтуге ұмтылады, ал бұл өз алдына бағалардың өсуін тудырмас бұрын өндіріс пен жұмысбастылыққа қоздырғыш әсерін тигізеді. Бұл депрессияны түсіндіретін ой жүгіртулерге керісінше болып табылады.
Сөйтіп, теориялық жағынан алғанда ақша-несие саясаты коньюнктуралық саясаттың белсенді инструменті болып табылады. Бірақта Кейнсті монетарлы өкіметтердің амалдарының практикалық нәтижелілігі ғана қызықтырды. Кейнстің ізбасарлары ақша-несие саясатының тиімсіздігінің факторлерін анализдеуді жалғастырды. Бұл факторлар екі шартқа бірігеді: монетарлық өкіметтер ақшалы айнымалыларын (пайыздық ставка немесе ақша массасы) басқаруға икемсіз немесе жалпы сұраныс ақшалы айнымалыларының өзгеруіне жеткілікті түрде елемейді.
Кейнсиандық анализдегі пайыздық ставка стратегиялық ақшалы айнымалысы болып табылады. Ол несиенің сұранысы мен ұсынысының қиылысуынан пайда болады.
Кейнстің айтуы бойынша, әрбір депозит салушының пайыздық ставка туралы өзінің бір қалыпты немесе дұрыс ойы болады және оны биржада практикаланатын нақты ставкамен салыстырады. Егер нарықтық ставка болжағаннан әлдеқайда жоғары болса, онда ол нарықтық ставканың төмендейтінін, ал акциялардың курсының жоғарылайтынын болжап ақшаны шотта ұстағанша акцияларды сатып алған жөн деп ойлайды және керісінше. Егер де алыпсатарлар өздерінің болжамдарының дәлдігін нақтылағанда, олар қолма-қол ақшалары мен акциялар арасында таңдау жасайтын еді. Дәл осылай Дж. Тобин кейнсиандық ақша сұранысының анализіне интерпретация жасады. Кейнс ьағалы қағаздар портфелін диверсификациялауды болжамдардың нақты болмауы себебінен қарастырмаған еді. Тіпті экономикалық факторлар ақша мен облигациялардың арасында таңдауға толық жағдай жасаса да, ақшаға сұраныстың жалпы функциясы үздіксіз болатын еді, өйткені бір қалыпты пайыздық ставка туралы пікірлер әр түрлі болап табылады.
Монетаристтер, керісінше ақша массасын анықтайтын факторлардың кешенділігін талап етті, ол үшін олар экономикалық агенттердің кешенінің мінез құлығын біріңғайлайтын кең модельдер құрастырды. Бұл модельдерде ақша қорлары мен қысқа мерзімді пайыздық ставка бір уақытта ақша нарығында анықтылады. Онда ақшаның ұсынысы орталық банкінің іс-қылығына тәуелді (ашық нарығындағы операцияларды есепке алып отыру және осыдан шығатын ақша нарығындағы пайыздық ставканы есепке алу), сонымен қатар табысты макимум алуға тырысатын коммерциялық банкілердің реакциясынан және көпшіліктің кассалық қолма-қол ақшаға (несие билеттері, талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімдік депозиттер) беретін талғамына тәуелді. Мұндай пайыздық және жалпы табыс сияқты айнымалылардың ақшаның ұсынысына әсері банкілердің мінез-құлығын және клиенттерді талдауда білінеді.
Орталық банкінің ақша ұсынысын көбейтуге немесе азайтуға бағытталған әрбір іс-қимылы салдарынан, кейбір авторлардың айтуы бойынша пайыздық ставка өзгеруіне көпшіліктің ешбір реакциясы болмауы мүмкін. Дәл осылай Л.Э. Гремли мен С.Б. Чейз үшін бұл - бағалы қағаздарға қаржы салудың тиімділігінің нормасын көтеретін, экономикалық агенттердің мерзімдік депозиттерін бағалы қағаздарға ауыстыртқызатын ашық нарықтағы операцияларының әрбір саясаты. Бұл жағдайда банкілік талап еткенге дейінгі депозиттерінің үлесі мерзімдік депозиттеріне қарағанда өседі де, ал ақша массасы да өсіп кетеді.
Неокейнсиандық теорияға жауап ең алғашқы болып М. Фридменнің «Ақшаның сандық теориясын зерттеу» деген ұжымдық еңбегінде шыққан «Ақшаның сандық теориясы: жаңа үйлесім» мақала жарық көрді. Бұл мақала өз алдына фридмендік ілімінің манифесті болып табылады: онда автор ақшаға сұраныс пен ұсынысқа қатысты екі негізгі пікірге ие монетаристті бейнелейді:
- ақшаға сұраныс айнымылылардың шағын көлемінің тұрақты функциясы болып табылады;
- ақша ұсынысың функциясы ақшаға сұраныс функциясының аргументтерінен ішінара өзгеше аргументтерді қосады.
Фридмен бойынша, ақшаның сандық теориясы ақшаға сұраныс теориясы болып табылады. Нақты түрде келтірілген ақшаға деген сұраныс экономикалық агенттердің жиынтық капиталына және бұл капиталдың әр түрлі бөліктерінің тиімділігіне тәуелді. Салымшының «жалпы теорияда» иемденген таңдауы қолма-қол ақшамен және қаржылық талаптармен шектелген, сонымен қатар бұл құндылықтарды құрайтын кешенге тарайды. Бұдан айтатынымыз қолма-қол ақшалардың нақты автономды өсімі құн реакциясынан немесе олардың сұранысының өзгеруіне осы әр түрлі активтердің қайтарымына тәуелді барлық игілік қатынасындағы категорияларына сұраныстың өсуіне әкеліп соқтырады.
Проценттік ставка талдаудан алынбайды, бірақ та ол екінші рольді ойнайды. М. Фридмен оны (сонымен қатар инфляция деңгейін) жиынтық табыспен бағаланатын ақшаға деген сұраныс пен нақты кассалық қома-қол ақшаға сұраныс арасындағы ауытқуларды түсіндіру үшін немесе Фридменнің айтуы бойынша ақша айналысы жылдамдығының қалдық элементтерін түсіндіру үшін қолданады. Фридменнің «Номиналды табыстың монетаристтік теориясы» деген мақаласында жасаған кейнсиандық теорияның келбеті қандай да болсын иллюзия қалдырмауы керек. Оның ұсынған ақшаға деген сұраныс функциясы толығымен кейнсиандық пайымда түсіндірілген, өйткені ұғындырушы айнымалы ретінде ол ағымдағы табыс пен пайыздық ставканы қосады. Бірақ бұл пайыздық ставка ерекше сипатқа ие. Шынымененде, Фридмен оның болашақ пайыздық ставка туралы бірдей болжамдарменен анықталады деп есептейді. Сөйтіп ол пайыздық ставканың барлық деңгейіне минималды пайыздық ставка туралы кейнсиандық жорамалдарды таратады. Екінші жорамал туралы айтсақ, онда оны И. Фишер айтқан: күтілетін пайыздық ставка нақты ставка мен инфляцияның күтілетін пайызының үстіне қойылуы мүмкін. Сөйтіп оның анықтамасы бойнша егер де кутілетін инфляцияның пайызы номиналды тұрақты табыстың өсу деңгейлері арасындағы айырымына тең болса, онда бұдан шығатыны ақшаға деген сұраныс номиналды тұрақты табыстың өсу деңгейінің кемуші функциясы болып табылады.
Бұл жаңа функция ақша айналысы жылдамдығының циклдық өзгерісін оңай түсіндіруге мүмкіндік береді: яғни ақшаға деген сұраныстың шектеліп ұлғайюында немесе керісінше депрессия кезінде тұрақты табыстың өсуінің жылдамдық алуы. Бірақ ол инфляцияның ұзақ мерзімді болжамдарына тәуелді болатын және ақша-несие саясаты мен жалпы сұраныс өзгерісі арасында қозғалтқыш күш ролінде бола алмайтын кейбір пайыздық ставкаға қысқа мерзімдік икемсіздік әкеледі. Ақшаға деген сұраныстың монетаристтік анализінен ақша массасы мен игілікке сұраныс өзгерісі арасында тікелей байланыс шығады, ал пайыздық ставка ақшаға деген сұраныстың тұрақты факторларының бірі болып табылады. Кейнстің талдаған ақша-несие саясатының тиімсіздігі негізгі пайыздық ставка роліндегі – алыпсатарлық мотивтен шығатын несиеге сұраныстан пайда болып тұрды. Басқаша айтқанда ақшаға деген сұраныстағы пайыздық ставканы мәнін төмендете отырып, Фридмен бұл функцияның тұрақсыздық қауіпін және пайыздық ставка бойынша ақшаға деген сұраныстың шексіз икемділігі қауіпін жояды.
Алайда ақша санының өзгерісі тұрақты табыстың өзгеруін түсіндіретін негізгі фактор болуы үшін, ақша ұсынысының ақшаға деген сұраныс өзгерісіне автоматты түрде елеуін болдырмау керек.
Ақшаның ұсынысына әсер ететін және ақшаға деген сұранысқа әсер етпейтін маңызды факторлар бар. Кей жағдайларда ақшаның ұсынысына әсер ететін техникалық шарттар бар, басқа жағдайларда ақша-несие мекемелерінің және банкілік жүйенің мінез-құлығын анықтайтын саяси және психологиялық шарттар бар. Ақшаның шығарылуы қолма-қол ақшаларға деген сұранысының өзгеруіне елеуге ұмтылады днп есептейтін кейнсиандықтар, фридмендік теорияны «ақша ұсынысының экзогендік теориясы» деп белгіледі, ал өздерінің концепциясын «ақша ұсынысының эндогендік теориясы» деп белгіледі. Бұл сенімді айтылған сөздер айналыстағы ақша санының экономикалық дамудан тәуелсіз деп түсінеді, ал бұл дұрыс емес.
Айналыстағы ақша санын анықтайтын факторлардың бірі орталық банкінің шешуші іс-әрекеті болып табылады. Монетаристтердің анықтамасы бойынша айналыстағы ақша массасы үш фактордан тәуелді:
- орталық банкі шығарған ақшалардың саны (орталық банкінің банкноттары және «жоғары күші бар» ақшалар);
- банкілік резервтердің нормасы;
- қолма-қол ақшалардың банкілік депозиттерге қатынасы;
Банкілер мен жұртшылықтың мінез-құлығын бейнелейтін қатынастар салыстырмалы түрде тұрақты және баяу өзгереді деп есептеледі. Демек ақша массасы “жоғары тиімділігі бар” ақшаларға пропорционалды өзгереді, олардың өзгерісін орталық банк өзінің “ашық нарық саясатының” арқасында бақылап отырады.
Ақша ұсынысының фридмендік анализін басқа да экономисттер тереңдетіп дамытты. Алғашқы болып Ф. Кейген АҚШ-та ақша массасының үш анықтымасының тарихын зерттеді. Ол ақша массасының өзгерісі ұзақ мерзімде “жоғары тиімділігі бар” ақшалардың өзгерісімен басқарылатынын көрсетті. Дәл осылай экономикалық белсенділіктің күрделі тербелістері байқалатын циклдардың кезеңінде болады. Керісінше бұл тербелістер біртекті болғанда ақша массасының күрделі өзгерісі негізінен қоғамның кассалық қолма-қол ақшаларының өзгерісімен және банкілік резервтерінің мінез-құлығының өзгеруімен түсіндіріледі.
К. Бруннер және Х. Мелцер деген монетаристтер ақша шығару процесінде алдымен банкілердің, сонан кейін қоғамның мінез-құлығын жасауға тырысты сонан соң бұл үшін ақша ұсынысының нақты функциясын құрастырды. Бұл функциялар ақша ұсынысының кейнсиандық анализдерінен өзгеше, өйткені олар несие мультипликаторы концепциясына негізделген және орталық банкінің ақша өзгерісіндегі жетекші ролін дәлелдеуге ұмтылады.
Несиенің мультипликаторы ақша массасын орталық ақшаға (немесе орталық банкі шығарған қолма-қол ақшалар плюс орталық банкідегі шоттар) бөлгеннен шығатын бөліндісіне тең болады. Сонда ақша ұсынысы орталық банкінің “өнімдерінің” (ақша базасы) несие мультипликаторына көбейтудің туындысына тең болады, яғни М=к*МС немесе к=, мұндағы М – ақша массасы, Мс – орталық ақшалар немесе ақша базасы, к – несие мультипликаторы.
Ақша базасы орталық банкінің іс-қимылын бейнелесе, несие мультипиликаторы банкілік резервінің мінез-құлығын және қоғамның оның кассалық қолма-қол ақшаларының құрамына қатысты мінез-құлығын бейнелейді.
Мультипликатордың көптеген формулалары бар. Ең қарапайымы к= болып табылады, мұндағы а — банкілік резервтердің банкілік депозиттерге қатысты коэффициенті; b – қолма-қол ақшалардың ақша массасына қатысты коэффициенті.
Бұл дауды шешу үшін монетаристтік және кейнсиандық эконометриялық модельдердің теориялық қорытындылары жеткіліксіз. Әрине алғашқылары бюджеттік саясаттың жоғары тиімділігін көрсетіп, екіншілері ерісінше ең болмағанда алғашқы үш жылда жоғары тиімділігін көрсетеді. Біріақ кейнсиандық модельменен қорытындылар модельдің негізгі гипотезаларын көрсетеді. Монетаристтік модельдерге келетін болсақ, олар ақша-несие саясаты және бюджеттік саясатының тиімділігі мен басқа да экзогенді факторларының әсері арасындағы нақты қырын жасай алмайды.
Ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясаттың салыстырмалы тиімділігін талқылау әлі біткен жоқ. Хикс-Ханс моделінің концептуалды жоспары бұл проблема үшін жеткіліксіз болды. Сондықтан К. Бруннер мен Х. Мелцер ықтимал ауыстырулар кешенін құрастырып оны жалпы модельменен ауыстыруды ұсынды: ақшалар, бағалы қағаздар немесе ақша еместік қаржы активтері мен нақты капитал арасында.
Болашақ дискуссиялар үшін ең қолайлы жоспар құрайтын бұл әрекет екі қысқаша пікір тудыртады. Бұл авторлар өзінің анализін “монетаристтік” сияқты көрсетеді. Шынында да Дж. Тобин сияқты кейнсиандықтардың жұмыстарына өте жақын болып табылады, анализде кейбір келісімдікке қамтамасыз етеді. Бірақ ақша-несие саясатының және бюджеттік саясатының салыстырмалы тиімділігінің қорытындылары әлі екі түрлі болып табылады. Ақша массасы мен мемлекеттік қарыздың өзгерісінің экономикалық белсенділік пен бағалардың жалпы деңгейіне әсері ақшалардың, облигациялардың және құндылықтардың мінез-құлығының өзара ауыспалдылығына біршама тәуелді болады. Бұдан монетаристтер мен кейнсиандықтардың арасындағы дау теориялыққа қарағанда эмпирикалық болып табылады.
Кейнсиандықтар бюджеттік саясаттың жалпы сұранысқа әсерін зерттейді және содан оның тиімділігін ақша-несие саясатының тиімділігімен салыстырады. Алйда, Лаффердің теорисы бойынша бюджеттік саясат, әсіресе салықтық саясат тек қана жалпы сұранысқа ғана әсер етпейді, сонымен қатар жалпы ұсынысқа әсер етеді. Американдық экономисттердің пікірі бойынша тым қатты салықтық қысым жұмыс істеуге, өндіруге, капиталды орналастыру мақсатымен үнемдеуге ұмтылысты төмендетеді. Бұл жағдайда стагфляциямен күресетін әдіс салық қысымын төмендету болуы мүмкін. Осы жаңа доктрина “рейганомиканың негізіне салынған еді. Егер де салық салудың азайтылуы мемлекеттік шығындарды төмендетумен бірге қамсыздандырылмаса, онда нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің дефициті өсіп, пайыздық ставка өсіп, артынан жеке капиталдың “шектету эффектісі” мен экономикада бәсеңделген қозғалыс болады.Тек экспансиялық ақша-несие саясаты ғана пайыздық ставканың өсімін уақытша тоқтататын еді, бірақ бұл саясат инфляцияны тудыртып, теоретиктердің “жаңа бағдарламасын” іс жүзінде қарапайым неокейнсиандық экономиканы көтеру саясатына айналдыратын еді. Ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясатының тиімділігі туралы дау сыртқы экономикалық фактордың әсерінің күшейюімен байланысты жаңа мәнге ие болды: енді анализге тек валюталық бағамның өзгерісі ғана емес, сонымен қатар сауда балансының жалпы сұранысқа әсері де енеді. Сонымен қоса анализдің сыртқы нарыққа ашық экономикаға таралуы екі мектептің де хал-ахуалына өзгеріс енгізбейді.
Сөйтіп, даудың негізгі тақырыбы – ақша-несие саясаты ман бюджеттік саясатты салыстыру туралы айтатын болсақ, ең тиімдісі екі іс-әрекетті өзінде сәйкесендіретін болып табылады. Мемлекеттік қаржылардың ірі дефицитімен бірге жүретін шектеуші ақша-несие саясаты осы дефицитті қаржыландыру проблемасымен соқтығысуы мүмкін. Керісінше, экономика депрессия жағдайында болса ақшалы экспансия саясаты мемлекеттік бюджеттің ұлғайюымен сәйкес келе алмайды. Сонымен қоса көп жағдайда экономиканың ішкі және сыртқы тепе-теңдікті талап еткені бір бағытқа ұмтылған, өйткені инфляция кезіндегі экономикаға сыртқы дефицит әрекеттенеді, және керісінше.
Екі мектептің арасындағы күрес айқындалмаған ақша-несие саясатының дамуына әкеліп соқтырды. Әрине ақша-несие саясаты экономикалық процесстерді реттецтін экономикалық саясаттың тек бір ғана инструменті болып табылмайды, бірақ та нарықтық экономиканың әлсіздігі кезінде нақты ақша-несие саясатының жоқ болуы үлкен жауапкершілікке әкеледі. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар екі мектептің ілімін қосып тиімді, бір-біріне демеу болатын ақша-несие саясатын қолдануы аса пайдалырақ болуы мүмкін.
1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Ақша-кредит саясатының құралдары. Ұлттық Банк инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалуда.
Ақша-несие саясатының құралдары туралы айтпас бұрын оның реттеу механизмдерін айта кеткен жөн. Орталық банкінің өзінің саясатында қолданатын құралдары тікелей және жанама деп бөліп көрсетуге болады. Тікелей дегеніміз орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін административті-нормативтік өкілеттігімен орындауы, ал жанама дегеніміз ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер ету болып табылады.
Ақша-несие реттеудің тікелей мен жанама құралдарының арасындағы айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.
Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерциялық банкілердің балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданылады.
Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз кезеңінде қолданған тиімді болып табылады. Жанама құралдарды қолдану ақша қаражаттарының несие-қаржылық институттарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орталық банк жанама құралдарды қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып банктердегі ликвидті қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша нарықтарындағы пайыздық ставкаларды өзгертеді.
Енді орталық банкінің коммерциялық банктерге қатысты өзінің жүргізетін саясатына көмекші болатын негізгі құралдарды қарастырайық. Оларға ең алдымен қайта қаржыландыру мөлшерінің өзгеруі, резервтік талаптар нормаларының өзгеруі, ашық нарықта бағалы қағаздармен және шетелдік валютамен операциялары, сонымен қатар қатаң әкімшілік шаралары жатады.
а) Резервтік талаптар саясаты.
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады. Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi. Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi. Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi. Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады. Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар – бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкіде депозит түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдына заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоталды (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар.
Минималды резервтер екі негізгі қызметті орындайды.
Біріншіден, олар ликвидті резервтер ретінде коммерциялық банкілер клиенттерінің депозиттері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етеді. Орталық банк резервтік талаптар нормасының мерзімді өзгеруімен коммерциялық банкілердің ликвидті дәрежесін экономикалық жағдайға байланысты минималды мүмкін деңгейде сақтайды.
Екіншіден, минималды резервтер орталық банкінің елдегі ақша массасының көлемін реттеу үшін қолданатын құралы болып табылады. Орталық банк резервтік қаражаттар нормативінің өзгеруі арқылы коммерциялық банкілердің активті операциялар мөлшерін (негізінен олардың беретін несие көлемін) ретейді, сол арқылы олардың депозиттік эмиссиясының жасалуын да реттейді. Несиелік институттар орталық банкіде өздерінің резервтік талаптары белгіленген нормативтен асатын болса ссудалық операцияларды кеңейте алады. Айналыстағы ақша массасы (қолма-қол және қолма-қолсыз) қажетті тұтынуды асып кететін болса, орталық банк ақша аудару нормативін көбейту жолымен несиелік рестрикция саясатын жүргізеді, яғни орталық банкіде қаражаттарды резервтеу пайызын көбейту. Сөйтіп ол банктердің активті операцияларының көлемін азайтуға мәжбүрлейді.
Резервтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің рентабельділігіне әсер етеді. Өйткені, резервтік талаптардың өсуі пайданы толық ала алмауға әкеп соқтырады. Сондықтан, көптеген батыс экономисттернің пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляциялық құралғы болып табылады.
Бұл әдістің жетіспеушілігі кейбір мекемелердің, әсіресе шамалы депозиті бар мамандалған банкілер көп ресурсы бар коммерциялық банкілерге қарағанда артықшылықты жағдайда болады.
Соңғы он-жиырма жыл ішінде бұл ақша-несиелік реттеу әдісінің ролі төмендеп кеткен еді. Бұған факт батыс елдеріндегі резервтік талаптар нормаларының төмендеуі, тіпті оның кейбір депозиттер бойынша алынып тасалуы да көрініп жүр.
Ақша резервтерінің нормасының төмендеуі ақша мультипликаторының өсуіне әкеледі, демек ақша массасының өсуіне де әкеледі. Егер орталық банк резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банкілердің артық резервтерінің азайюына және ақша ұсынысының мультипликациялық азайюына әкеледі.
Монетарлы саясаттың бұл құралы өте күшті болып табылады, өйткені ол банкілік жүйенің барлық мәселесін қозғайды. Ол өте күшті әдіс болғандықтан оны ашық нарықтағы операциялар сияқты күнде бір рет емес, он жылда бір рет пайдаланады.
б) Коммерциялық банкілерді қайта қаржыландыру
“Қайта қаржыландыру” термині орталық банкіден несие мекемелерінің ақша қаражаттарын алуы деген мағынаны білдіреді. Орталық банк коммерциялық банкілерге несие бере алады, сонымен қатар олардың портфеліндегі бағалы қағаздырды (көбінесе вексельдерді) қайта есептей алады.
Қайта қаржыландыру саясаты арқылы ақша нарығы мен капитал нарығына әсер ете алады. Вексельдер қайта дисконттау мөлшерімен есептеледі. Бұл мөлшерді тағы да ресми дисконттық мөлшер деп атайды, бұның қайта қаржыландыру мөлшерінен айырмашылығы оның мөлшері аз болады.
Орталық банкі қайта қаржыландыру мөлшерін өсірсе, коммерциялық банкілер қарыз алушыларға беретін несие бойынша мөлшерді өсіріп өзінің шығындарын компенсациялайды. Яғни, Есептік (қайта қаржыландыру) мөлшердің өзгеруі коммерциялық банкілердің несие мөлшерінің өзгеруіне тікелей әсер етеді. Бұл орталық банкілердің ең басты мақсаты болып табылады.
Ақща-несие саясатын жүргізгенде қайта қаржыландыру әдісін қолданудың кемшілігі бұл тек коммерциялық банкілерге ғана қатысы бар. Егер қайта қаржыландыру аз пайдаланылатын болса онды бұл әдіс өзінің тиімділігін толық жоғалтады.
Қайта қаржыландыру мен қайта дисконттау ресми мөлшерін белгілеуден басқа орталық банк ломбардтық несие бойынша пайыздық мөлшер белгілейді, яғни бағалы қағаздарды кепілдікке қойып берілетін несие бойынша пайыздық мөлшер. Кепілдікке жоғары өтімділігі бар бағалы қағаздар: мемлекеттік бағалы қағаздар, алдыңғы қатарлы саудалық вексельдер, банкілік акцептілер жатады.
Орталық банкі есептік мөлшер саясатын (оны тағы дисконттық саясат деп атайды) ақырғы қарыз беруші ретінде жасайды. Ол ссудаларды қаржылық жағынан тұрақты банкілерге береді. Кей уақытта қаржылық қиыншылық көріп жатқан банкілерге балансын дұрыстау үшін де беріледі.
Орталық банкі ссуданы бере отырып коммерциялық банкінің қорларын көбейтеді, демек оның несие беру қабілеттілігін де жоғарылатады. Банк ссуданы ала отырып мемлекеттік бағалы қағаздарменен қамтамасыз етілген өз атына жазылған қарыздық міндеттемені орталық банкіге аударады.
Ұлттық банк қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтемділік мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің вексельдері, іс жүзіндегі вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.
в) Ашық нарықтағы операциялар
Бұл әдіс орталық банкінің банкілік жүйеде бағалы қағаздарды сатып алу- сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерциялық банкілерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерциялық банкілердің қаражаттарын ұлғайтып, олардың несие беру қаілеттілігін жоғарылатады, және керісінше. Орталық банкілер бұл операцияларды өте жиі пайдаланады.
Орталық банк коммерциялық банкілерге бағалы қағаздарды нарықтық бағаларменен сатуға, сонан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға ұсыныс жасайды. Коммерциялық банкілер бұл операциядан пайыздық төлемдер алады.
Орталық банкінің бағалы қағаздармен нарықтық операцияларды жүргізу формаларына байланысты тіке және керісінше болып бөлінеді. Тіке операция дегеніміз қарапайым сатып алу-сату операциясы, ал кері операция бағалы қағаздарды сатып алып-сатып алдын ала белгіленген бағам бойынша міндетті түрде кері сатып алып-сату болып табылады. Кері операциялардың икемділігі, оның жұмсақ әсері бұл құралға атақ береді.
Ақша-несие реттеудің әдісі ретінде ашық нарықтағы операциялар алдыңғы екеуінен қатты айырмашылығы бар. Ең басты айырмашылығы - өте жұмсақ реттеді қолдану, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банкі саясатының бағытына қарай күнде өзгеруі мүмкін.
Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде танылады. Өйткені елімізде бағалы қағаздар нарығы дамымаған болып отыр. Ұлттық банкінің қазіргі кездегі мақсаты инвесторларды мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарылату болып табылады.
г) Ақша-несие саласын реттеудің басқа да әдістері
Экономикалық әдістермен қатар орталық банк коммерциялық банкілердің іс-әрекетін реттей отырып әкімшілік әдістерді де қолданады. Мысалға несие көлемін шектеу.
Бұл әдіс ақша-несиелік реттеу берілген несие сомасын көлемдік шектеу болып табылады. Бұл банкілердің ісіне тікелей әсер ету болып табылады. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемелерді теңсіз жағдайға әкеп соқтырады. Банкілер алдымен өзінің ірі фирмаларына несие беріп алып, кіші және орта мекемелері несиесіз қалып осы саясаттың құрбанына айналады. Сөйтіп елдегі бизнес іскерлігінің азайюына әкеледі.
Сонымен қатар орталық банк әртүрлі нормативтер орната алады, оларды коммерциялық банк қажетті деңгейде ұстап тұруы қажет болады. Оларға коммерциялық банкінің капиталдың жеткілікті норативі, баланс ликвидтілігінің нормативі, бір қарыз алушыға санағандағы қауіп-қатердің максималды мөлшерінің нормативі және тағы басқа толықтырылатын нормативтер жатады.
Мемлекет орталық банкі кейпінде саяси мәлімдемелер жасайды, ол банкирлердің азаматтық парызына өтініш жасайды. Кейде бұл мәлімдемелер белгілі бір әсер береді. Бірақ ең күшті құрал болып табылатын қауесеттер. Елдің хал-ахуалы тұрақсыз жағдайда бұл қауесеттер халықтың санасына қатты әсер етеді.
2 тарау. ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері
2.1. Қазақстан Республикасының ақша реформасы
90-шы жылдардың басында бұрынғы КСРО елдерінде экономиканы либерализациялаумен қатар ақша-несие саласында дезинтеграциялық процесстер күшейе бастады. Алғашқы болып 1992 жылы өз валютасын енгізген Прибалтика елдері, Азербайжан, Украина, уақытша ақша белгілері – Молдова, Беларусь. Ресей 1992-ші жылдың аяғында ресей рубльді енгізді. 1993-жылы Қырғызстан да өз валютасын енгізді. 1993-ші жылдың шілде-тамыз айларында Ресейде кеңестің ақшалары өз жүруін тоқтатты және солар жаңа ресейліктерге ауыстырылды. ТМД елдеріне кіретін басқа елдерге ескі ақшаларды жаңа ресейлік ақшаларға ауыстыруды Ресей бас тартты. Сөйтіп бұрынғы ақша жүйесі толығымен өз өмір сүруін тоқтатты.
Еліміз бастан бері саяси және экономикалық бағытын ТМД елдерінің экономикаларын интеграциялауға ұмтылды. Қазақстан жаңадан рубльдік аймақты енгізуді ұсынып, 1993-ші жылдары жаңа банкнотаның үлгісін да жасап ұсынды. Бірақ бұл ұсыныстар Ресей тарапынан қолдау алынбай, өз жайына қала берді. Сол уақытта басқа елдің ақша бірліктерін (ресейлік рубль) пайдалану - өз ақша-несие саясатымыздың қолдануымызды шектейтін еді және қолма-қол ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп сол кездегі жағдайдың өзі республиканы өзіміздің ұлттық валютамыздың енгізуімізді қажет етті.
Теңгені енгізбес бұрын алдын-ала дайындық өте үлкен маңызбен жүргізілді, яғни қазақстандық банкнотаның дизайнын жасау, ТМД елдерінің және шетелдік ақша бірлігін енгізу және ақша реформасын енгізу тәжірибесін үйрену және тағы басқалары. Алғашқы болып ұлттық валютаны енгізу мүмкіндігімен дайындау және енгізу бағдарламасы 1992 жылы күзде басталды. Бірақ белсенді жұмыс 1993 жылы 3 қарашадан басталды, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысымен ұлттық валютаны енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясы құрылды және валютаны енгізу шараларын ұйымдастыратын жұмысшы тобы құрастырылды.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылы 15 қарашадан бастап еліміздің бүкіл территориясында айналысқа енгізілді. Ал 1993 жылдың 19 қарашасынан бастап ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының территориясындағы жалғыз заңды төлем құралы болып саналды.
Қазақстанда банкілік саланы реформалау бойынша көп жұмыс жасалды, барлық мамандандырылған банкілер акционерлік банкілерге айналды, ал Сбербанк Қазақстан Республикасының Халық банкісіне айналды, ал Ұлттық Банк орталық банкінің қызметтерін атқаратын болды. Ұлттық валютаның енгізілуі Ұлттық Банкінің ақша-несиелік реттеудегі ролін тым көтеріп жіберді, өйткені осы кезден бастап оның өзіндік ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі пайда болды.
Ұлттық Банк ақша-несие саласының қызмет етуіне, оның банкілер мен бюджетпен өзара қатынасының классикалық принциптерін енгізуге, банкілердің іс-қимылын реттеу жүйесін күшейтуге толық жауап беретін болды.
1995 жылдың 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысымен Қазақстанда банкілік жүйені 1995 жылға реформалаудың алғашқы бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ақша-несие саясатын реттеу құралдары мен әдістері әрі қарай даму үрдісін алды, банкілерді қайта қаржыландыру механизмі біраз өзгерістер алды, ал экономиканы несиелеу қызметі екінші деңгейдегі банкілердің міндетіне көшті.
Ұлттық Банк орталық банкілерге тән қызметтерді атқаратын болды: екінші деңгейдегі банкілерді ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін несиелеу, және жалпы ақша-несие және валюталық реттеу. 1995 жылдың бірінші жартысында екінші деңгейдегі банкілерге несие аукциондар арқылы беріліп, екінші жартысынан бастап мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығында берілетін болды. Сол жылдың қыркүйегінен бастап ломбардтық несиелеу енгізілді.
1997 жылдың желтоқсанынан банкілердің халықаралық стандарттарға көшу туралы Қаулы бекітілді, яғни барлық банкілердің капитал жеткіліктілігінің, актив сапалылығының, менеджмент деңгейінің, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға өтуін қарастырады.
Банкілік жүйеде банкаралық ақша нарығы жақсы дамыды, ол арқылы банкілер өзінің қысқа мерзімдік қолма-қол ақшаларға қажеттілігін қанағаттандырып, бос қаражаттарын сату мүмкіндігі бар. Банкаралық нарықтың дамуымен банкілер несиені эмиссиялық институттан емес, банк-корреспонденттен қажет кезде алатын болды. Бұл мәміле қарыз алушы үшін арзан болады, өйткені банкаралық орташа несиелік пайыздық мөлшер деңгейі ресми қайта қаржыландыру мөлшерінен әлдеқайда төмен болып табылады.
Ұлттық Банк РЕПО операцияларын жүргізу тәртіптерін бекітті, бұл Ұлттық Банкіге ликвидтілікті реттеу үшін жаңа жылжымалы құрал ғана емес, нарыққа қатысушылар үшін қосымша мумкіндіктер берді. Осы жылы Қазақстанға Fitch IBCA және Standard&Poors рейтингтік агенттігтер арқылы халықаралық несиелік рейтинг берілді, соның артынан еврооблигациялар шығарыла бастап, шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуі байқалды.
1998 жылы Ұлттық Банк өзінің шектейтін ақша-несие саяаты мен қалқымалы бағам режиміндегі теңгенің айырбас бағамын реттеу іс-шараларын әрі қарай жалғастырды. Ұлттық Банк ақша базасын ресми пайыздық мөлшер, резервтік талаптар нормасын бегілеу, қысқа мерзімдік ноттар шығару, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен операция және ішкі валюталық нарықта интервенциялар жасау арқылы реттеп отырды.
Банкілік депозиттердің пайыздық мөлшерлеріне қайта қаржыландыру мөлшерінің төмендеуі әсер етті, бұл да халық пен мекемелердің бос ақшаларының банкілік депозиттерге ағуына әкеп соқтырды.
1999 жылы әлемдік қаржылық нарықтарда кризистік құбылыстардың күшейюімен және Қазақстанның экспорттық тауардарының конъюнктурасы нашарлауымен Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттары қаржылық жүйені тұрақтандыру, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау және банкілік жүйені күшейту болды.
Қаржылық нарықтарда глобальді өзгерулердің себебінен елдің төлем балансының нашарлауына әкеп соқтырды. Өзінің негативті ролін елдің шикізатқа бағытталуы себепкер болды. Жылдың аяғына қарай Ұлттық Банкінің жүргізген ақша-несие саясаты арқылы елдің қаржылық нарығында жағдай біршама дұрысталды.
2000 жылы Қазақстанның экономикасы сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты дамып осы жылы сәуір айында теңгенің еркін айырбас қалқымалы бағамы енгізілді. Бұл Қазақстанның экспортының өсуіне, өндірістің өсуіне әкеп соқтырды. Осы кезде шетел валютасының ұсынылуы өсіп, қаржылық нарықтың тұрақталуына әкелді. Ақша-несие саясатының мақсаты инфляцияның болдырмауы, ресми мөлшерлердің нақты минималды оң мәнде сақтау болды.
Несиелік саясаттың саласында қайта қаржыландырудың қосымща “терезелері” ашылды, яғни күндізгі қарыз бен “овернайт” қарыздары.
2002 жылы шетелдік сауда және қаржы нарықтарында және ішкі нарықта жалпы экономикалық жағдай жақсарды. Бұл жағдай Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты қаржылық жүйенің барлық сегменттерін күшейту мен тұрақтылықты сақтауға бағытталып, қаржылық нарыққа көпшіліктің жинақтарын тарту үшін жағдай жасалды. 2000 жылдың желтоқсанында тұрғын үй салу саласында ипотекалық несиелеуді дамыту үшін Қазақстан ипотекалық компания құрылды, негізгі қызметі екінші деңгейдегі банкілерді екінші нарықта ипотекалық облигацияларды орналастыра отырып қайта қаржыландыру.
2003 жылы бюджеттің әлемдік бағалардың өзгерісінен тәуелділігін төмендету және болашақ ұрпаққа қаржы қаражаттарының жиналуы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры толыққанды жұмыс істей бастады, оған шикізат саласының кәсіпорындарының салық түсімдерінің бір бөлігі аударылады. Мемлекеттік инвестициялық іскерліктің тиімділігін арттыру үшін Қазақстанның даму Банкісі құрылды.
2.2. Қазақстан Ұлттық Банкінің 2000-2005 жылдарға ақша-несие саясатын талдау
1) Ұлттық банкінің ресми мөлшерлерін қарастыру
Қазақстан Ұлттық Банкінің заңында келесі жазылған:
“Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру мөлшерін, сонымен қатар жүргізіетін операциялар бойынша ресми сыйақы мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшері ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша ұсыныс пен сұранысына, инфляцияның деңгейі мен инфляциялық күтуіне байланысты қойылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ресми сыйақы мөлшерін белгілеу саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты шеңберінде нарықтық сыйақы мөлшеріне әсер ету үшін қолданады”.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының түрақтылығын: оның еліміздегі сатып алушылық қабілетінің болуын және жетекші шетел валюталарына катынасы бойынша бағамын камтамасыз ету болып табылады. Ақша-несие саясатының қүралдарының бірі пайыздық саясат болып табылады. Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың бірыңғай ресми мөлшерін белгілейді, ол ақша рыногының жалпы жағдайына, несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейі мен инфляция өзгерістерін күтуге байланысты анықталады. Ұлттық Банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттік ақша-несие саясатын жүзеге асыру мақсатында рыноктық пайыз мөлшеріне ықпал ету үшін пайдаланады. Ұлттық Банк кайта қаржыландыру мөлшерін анықтағанда нақты түрде алғанда пайыздық ставканы қалыпты жағдайда ұстап түру талабын басшылыққа алады. Инфляция өсімі қарқынының динамикасындағы үрдіс пен қайта қаржыландыру ставкасы бір-біріне сәйкес келеді.
Ұлттық Банк қайта қаржыландыру мөлшерін белгілегенде пайыздық мөлшерді нақты мәнде оң ұстауға тырысады. Инфляция мен қайта қаржыландыру мөлшерінің өсу динамикасының тенденциясы бір-біріне сәйкес келеді. Сөйтіп есептік пен пайыздық мөлшерді өзгерте отырып Ұлттық Банк несиелік эмиссияны ұстап тұрады немесе ұлғайтады.
Барлық қаржылық операциялар бойынша пайыздық мөлшерлердің деңгейі Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерімен анықталады. (Қосымша 1)
2000-ші жылдан бастап Ұлттық Банк пайыздық саясат жүргізгенде көптеген қарама-қайшы мәселелерді шешетін еді: бір жағынан несие саласында сапалы нарық үшін жағдайлар жасау, екінші жағынан өндірістің әрі қарай кризистік құлдырауын болдырмау.
Осы мақсатта Ұлттық Банк 2000 жылы коммерциялық банкілердің активті және пассивті операциялар бойынша қоятын пайыздық мөлшерге тікелей шектеуден бас тартқан, маржаны алып тастады (коммерциялық банкілер тарапынан қайта қаржыландыру есебінен ұсынылатын, пайыз деңгейі Ұлттық Банк арқылы белгіленетін). Осымен қоса оталықтандырылған мақсатты мемлекеттік бағдарламаларға несиелер жеңілжетілген пайыздық мөлшермен берілді (3%, 25%, 65%).
Нәтижесінде берілген орталықтандырылған несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшер республикада 2000 жылы 48.2%-ды құрады. Жеңілдетілген несиелер негізінен экономиканың аграрлық секторына берілді. Сонымен қоса ақша нарығының дамуымен депозит, банкаралық және банктік несие бойынша пайыздық мөлшерлер өсіп отырды.
2000-ші жылы Ұлттық Банк қайта қаржыландыру мөлшерін 4 рет өсу тарапына қарай қарастырды, бірақ оң мөлшерге жете алмады:
Кесте 2. 2000 жылғы қайта қаржыландыру мөлшері
1 шілде | 23 шілде | 22 қыркүйек | 8 желтоқсан |
с 65% до 110% | с 110% до 140% | с 140% до 170% | с 170% до 240% |
Ескерту-автормен құрастырылған: Иришев Б.К. «Ақша несие саясаты концепциясы» негізінде алынған, Алматы-2003, Ғылым баспасынан. |
Осы жағдайда төмендетілген пайыздық мөлшерлер онан арғы несиелік экспансияға келтіріп, соның негізінен ақша массасының өсуіне әкелетін еді. Орталықтандырылған несиеге пайыздық мөлшерді өсіре отырып Ұлттық Банк несиелік эмиссияны ұстап тұрды да, инфляцияға жақсы әсер етті.
2001 жылы қайта қаржыландыру мөлшері алғаш оң болды. Қайта қаржыландыру мөлшерінің өсуі оның оң мәнін және нарықтық мөлшерге сәйкес келуін қамтамасыз етуі ұсыныстың инфляциясын тоқтатуға мүмкіндік берді.
Әрине пайыздық мөлшерлердің жоғары абсолюттік мағынасының саясаты шексіз ұзақ жалғаса беруі де болмайды. Сондықтан теңгенің айырбас бағамының тұрақталуымен және инфляцияның төмендеуімен Ұлттық Банк қайта қаржыландыру мөлшерін төмендетіп отырды. Егер 2001 жылдың көп бөлігінде қайта қаржыландыру мөлшері 300%-ды құраса, қазан айында ол 270%-ға дейін төмендеді, қарашада 250%-ға ал желтоқсанда 230%-ға дейін төмендеді.
Қазақстандағы 2001-ші жылға белгіленген Қазақстан Републикасының Президентінің банкілік жүйені реформалау бағдарламасында былай деп көрсетілген: “Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшері нақты мәнде оң болып қамтамасыз етіледі және 2002 жылдың аяғына дейін ақшаға деген сұранысты реттеудің негізгі параматрі болады. Инфляция төмендеген соң мөлшер де төмендейді. Қайта қаржыландыру мөлшерінің нақты мәнде ұсталып тұруы халықтың және мекемелердің салымдарының банкілерге ағылуын қамтамасыз етеді.”
Қайта қаржыландыру мөлшері өсімі қарқынының барынша жүмсартылған динамикасы экономика салғырттығын есепке алу қажетлігімен және оны күрт іс-әрекетке ұшыратпау талабымен түсіндіріледі. Қайта қаржыландыру мөлшерін 2002 жылғы қаңтардағы 152% белгісінен 2002 жылғы қыркүйек-қазан айларындағы 45%-ға дейін және 2003 жылдың қаңтарындағы 59%-ға дейін біртіндеп төмендеуі инфляцияның төмендеуіне 2002 жылғы қантардағы 8,9% белгісінен қыркүйек айындағы 2,4%-ке дейін және 2002 жылдың қазан-желтоқсандағы ай сайынғы 4,1%, 4,4%, 3,6%-ке дейін онык жоғарылауына сәйкес келді.
Ұлттық Банктің барлық қаржы операциялары бойынша пайыз ставкасының деңгейі қайта каржыландыру ставкасымен индикативті анықталады. Әр түрлі несиелер бойынша төленетін пайыздық ставка өзара бірнеше басты себептер бойынша ажыратылады. Олардың ішінде заемдардың әртүрлі үзақ мерзімділігі, уақыт бойынша бөлудің бірыңғай болмайтын сипаты, пайыз төлемеу мүмкіндігіне байланысты әр түрлі сатыдағы тәуекелдер, сондай-ақ пайыздық ставканың өзгеру мүмкіндігі сияқты түрлерін анықтап көрсетуге болады.
Жыл бойына Ұлттық Банк шешім қабылдау үшін теңгенің сыртқы және ішкі қүнына байланысты, Ұлттық Банктің ноттары, банкаралық несие, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен Ұлттық Банктің несие аукциондары бойынша табыстарына байланысты талдау жасады. Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері, банкаралық несиесі, Ұлттық Банктің ноталары бойынша пайыздық ставкалары сәйкес келіп саудада және олардың рыноктық маңызына карай белгіленіп отырды.
2001 жылдың тамызынан бастап барлық нақты нарықтық пайыз мөлшері жалпы алғанда оң болды (Үлттық Банк ноттарынан басқасы, олар 2002 жылдың қазаны — 2003 жылдың қаңтары аралығындағы кезеңде нақты белгілері теріс бола бастап, бүл Үкіметтің бағалы кағаздарының бәсекесін алып тастағандағы түрғыдан ақтауға болады). Егер бір айлық бағамның айырмашылығын алсақ, саудагерлік валюта операциялары бойынша табыстың накты маңыздысы бүкіл — 2002 жыл бойына (қыркүйек айынан басқа) дерлік оған керісінше болды, жалпы алғанда ақша және қор рыногының қалыптасуына ықпал етті.
2002 жылы Үлттық Банктің қазынашылық вексельдері мен ноттары бойынша кірісі Үлттық Банктің банкаралық несиелері мен аукциондық несиелері бойынша кірісінен төмен болды. Мүның себебі Үлттық Банктің МКМ-сы мен ноттарының борыш пен пайыздық мөлшерлері арасындағы алшақтықты азайтуға ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Барлық пайыздық мөлшерлердің өзгеріп отыруын салыстырып қарағанда олардың нақтылы көлемінің белгілерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын жақсы аңғаруға болады.
2002 жылы ақша-несие саясатындағы мақсатына жету үшін Ұлттық Банк қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу, міндетті резервтер нормасын реттеу, мемлекеттік бағалы кағазлармен операциялар жүргізу, ішкі валюта рыногындағы араласушылық сиякты тікелей және жанама ықпал ететін акша-несие саясатының классикалық құралдарын пайдаланды. Ақша-несие саясатының құралдарын жетілдіру мақсатында Ұлттық Банк акша және қаржы нарықтарының инфрақұрылымын дамытуга көмектесті.
2003 жылы Ұлттық Банк нақты пайыздық мөлшердің деңгейін позитивті қылып ұстап тұруды жалғастырды. Экономикада инфляциялық процесстердің болып жатқанын ескере отырып Ұлттық Банкінің Басқармасымен ресми пайыздық мөлшерлердің өзгеруі туралы көптеген шешімдер қабылдады. Республика Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшері жыл басынан 24 пунктіге төмендеді, ал ломбардтық несие бойынша 31 пунктіге төмендеді, сөйтіп 2003 жылдың аяғына дейін олар сәйкесінше 35% және 39% болды.
Ақша сұранысын реттеу мақсатында Ұлттық Банк ақша каражатына сүранысқа және инфляция деңгейіне байланысты кайта қаржыландыру мөлшері сияқты құралды белсенді пайдаланды. Қайта қаржыландыру денгейін реттей отырып, Ұлттык Банк республикадағы ақша массасының көлеміне ыкпал етуге тырысады, несие сұранысының жоғарылауына және төмендеуіне жағдай жасайды. Ұлттық Банктің ресми пайыздық мөлшерінің денгейі екінші деңгейдегі банктер үшін Ұлттық Банктің ақша массасы көлемін бақылау саласындағы саясатының негізгі бағыттарын сипаттайтын басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Ұлттық Банктің ресми проценттік ставкалары несие ресурстары рыногының шарттарына сәйкес және Ұлттық Банктің тікелей бақылауында емес банктер өз бетінше белгілеген нарықтық пайыздық ставкаларға жанама әсер етеді. Мәселен, МҚМ 6ойынша, 6анкаралық несиелер 6ойынша, Ұлттық Банктің ноттары бойынша пайыздық ставкалар саудада сұраныс пен ұсыныска байланысты белгіленді, жыл ішінде Ұлттық Банктің кайта қаржыландыру мөлшерінің өзгеруіне қарай төмендеп отырды. Нақты түрде алынған пайыздық мөлшерлерді қамтамасыз ету иивестиция ушін әлеуетті ресурстар болып табылатын несиелік-қаржы мекемелеріндегі депозиттер түсімін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
2004 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты инфляцияны одан әрі төмендетуге және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазакстан Ұлттық Банкі алға койған мақсатқа жету үшін катаң ақша-несие саясатын жүргізді. Ақша базасы аралық мақсатты бағдар ретінде: қайта қаржыландыру ставкасы, Қазақстан Ұлттық Банкінің сыйақы (мүдде) ресми став-касы, міндетті резервтер нормасын белгілеу, қысқа мерзімді ноттар шығару, ашық нарықта мемлекеттік бағалы кағаздармен операциялар интервенция арқылы реттелді. Ақша-несие саясатының 2003 жылғы негізігі бағдарлары орындалды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 2004 жылдың аяғында 137,5 млрд.теңге (2003 ж. аяғында теңгенің айырбас бағамы және алтынның бағасы бойынша 1875млн.АҚШ долл.) болды, бағдарлама көрсеткішінен 27,2 млрд. теңге (370 млн. АКШ долл.) асты.
Бағдарламалық бағдармен салыстырғанда, ҚҰБ-нің таза ішкі активтері (-22.8 млрд.теңге) 4,7млрд.теңгеге, оның ішінде Үкіметке таза талаптары (29,7 млрд. теңге) - 1.3 млрд.теңгеге азайды. Халықаралық таза резервтердің ұлғаюы ақша базасының бағларлама ддеңгейінен 22,5млрд.теңге артуына себеп болды.
«2004 жылғы ақша-несие саясатының негізгі бағыттарына» сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі инфляция денгеінің өзгеру барысын және ішкі қаржы рыногының жағдайын ескере отырып, сыйақының (мүдденің) ресми ставкасын белгіледі. Есеп беріліп отырған жыл ішінде сыйақы (мүдде) ставкасы нақты алғанда оң болды. Қайта қаржыландыру ставкасы 35%-дан 18,5%-ға дейін, ломбард несиелері бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы тиісінше 39%-дан 16,5%-ға дейін, «овернайт» несиелері бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы 25%-дан 15%-ға дейін төмендеді.
Өткен жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты “Ақша-несие саясатының 2004 жылға арналған негізгі бағыттарына” сәйкес жүргізілді және Қазақстанның қаржы секторын корғауға бағытталды. Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізді. Акша базасы аралық мақсаттық бағдар ретінде ресми ставкалар, міндетті резервтер нормасын белгілеу, қыска мерзімді ноттар шығару, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар және ішкі валюта нарығындағы интервенция аркылы реттелді.
2005 жылдың аяғында инфляция күткендегі 9-10% орнына 1,9% 6олды.
Ұлттык Банк инфляция денгейінің өэгеру серпінділігінің ішкі және сыртқы қаржы рыноктарының, жағдайын ескере отырып, ресми ставкалар белгілері өсе келді. Бір жылда қайта қаржыландыру ставкасы 18,5%-тен 25%-ке дейін, «овернайт» несиелері бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы 15% - 27%-ке дейін, РЕПО операциялары бойынша ставкалар 17%-тен 23%-ға дейін көтерілді. Ставкалардың нақты көрінісі оң болды.
2005 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты ифляцияның төменгі қарқынын ұстап тұруға, Ұлттық Банкінің сыйақы мөлшерлерінің нақты көрсеткіштерін дұрыс сақтауға және қаржылық делдалдық сапасын арттыруға бағытталды.
Қазақстан 2005 жылы 5 сәуірден бастап теңгенің Қазақстанның сауда әріптестері елдерінің валюталарына қатынасы бойынша айтарлықтай қымбаттауы жағдайына әлдеқайда қолайлы режим ретінде ұлттық валютаның еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшті. Отандық тауар өндірушілердің ішкі валюталық нарығындағы бәсекелестік жағдайын жақсарту нәтижесінде шетел валютасын ұсыну айтарлықтай өсті. Бұл валютаға сұраныстың айтарлықтай төмендеуіне және валюта нарығының, сондай-ақ елдің қаржы нарығының басқа да бөліктерінің тұрақтануына себеп болды.
Ұлттық Банк ақша-несиесаясатының мақсатына жету үшін теңгенің айырбас бағамының қысқа мерзімді күрт ауытқуларын бәсеңдету және алтын валюта резервтерін толықтыру мақсатында ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алумен қатар сату бойынша да операциялар жүргізді. Банк жүйесінің қысқа мерзімді өтімділігін реттеудің негізгі құралы ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарымен операциялар жасу болды. Сонымен қатар 2005 жылдың ішінде Ұлттық Банк ашық нарықта банк жүйесінің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу құралы ретінде мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жандандыра түсті.
Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін ақша массасын реттеу саласындағы Ұлттық Банк саясатының бағытын сипаттайтын басты индикаторларының бірі болып табылады. Ұлттық Банк банктерді несиелер бойынша мөлшерлерді төмендетуге бағдарлау мақсатында жыл ішінде қайта қаржыландыру мөлшерін бірнеше рет төмендетті, жалпы алғанда оның бір жыл ішіндегі деңгейі 25%-дан 18%-ға дейін төмендеді. Мұндай төмен мәні Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бірінші рет болып отыр (2000 жылдың аяғынан бастап) және нақты алғанда сәл ғана жақсарып отыр.
Ұлттық Банк өтімділікке байланысты уақытша қиындыққа душар болған банктер үшін қайта қаржыландырудың қосымша көздерін ашып отыр: банктердің күндізгі займдар мен “овернайт займдарын алуға мүмкіндіктері бар. Бұдан басқа, Ұлттық Банк соңғы сатыдағы кредитор ретінде займдар бере алады және арнайы займдар тағайындай алады. Несиелердің мұндай түрлері банктерге белгіленген мақсатқа немесе айырықша жағдайларға беріледі. Осындай несиелер бойынша мөлшерлердің деңгейін реттей отырып, Ұлттық Банк икемдірек және қолдануға ыңғайлы пайыздық мөлшерлер жүргізіп отыруға мүмкіндік алады.
2005 жылы Ұлттық Банк 651,7 млн.теңге несие берген болатын, оның ішінде банктерге – 140,0 млн.теңге берілді. 2005 жылы қайтарылған несиелер 235,4 млн.теңге болды. Несие портфелі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ай сайын жіктеліп отырды.
2005 жылы Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының басым жағы инфляцияның төменгі қарқынын қолдау болды. Теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы саясаты жалғастырылды.
Банк жүйесіндегі қысқа мерзімділікті өтімділікті реттеудің құралы ретінде мыналар пайдаланылды: қысқа мерзімді ноттармен операциялар, мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар, ресми мөлшерлерді реттеу, вексельдерді қайта санау арқылы банктерді қайта қаржыландыру, банктерге өтімділікті қолдауға қысқа мерзімді несиелер (күндізгі және овернайт) беру. Теңгенің айырбас бағамының қысқа мерзімді күрт ауытқуын реттеп отыру және теңге бағамының тым нығаюына жол бермеуүшін ішкі валюта нарығында операциялар жүргізілді (шетел валютасын сатып алу және сату).
Жыл ішінде теңгенің биржалық бағамы доллар бойынша 5,2% төмендеп (2005 жылы – 64,6%), жыл аяғында 1 АҚШ доллары үшін 145,40 теңге болды. (1 сурет)
2005 жылдың аяғында теңгенің долларға қатысты ресми бағамы 144,50 теңге, ресей рубліне – 5,16 теңге , еуроға – 136,21 теңге болды.
Ұлттық Банк жыл бойы екінші деңгейдегі банктерді несиелер бойынша мөлшерлердің төмендеуіне бейімдеу мақсатында нақты алғанда аз да болса оң қайта қаржыландыру мөлшерін қолдап отырды және ресми мөлшерлерді азайтумен болды. Жыл ішінде қайта қаржыландыру мөлшері 18%-дан 14%-ға дейін, “овернайт” несиелері бойынша мөлшер 27-21% дейін, “репо” операциялары бойынша мөлшер – 23-19%-ға дейін азайды.
Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есептеу бойынша операцияларды жүзеге асыруы үшін 2005 жылғы 20 мауысымнан бастап 12,5% деңгейге ресми есептік (дисконттық) мөлшер енгізіліп, бекітілді.
2005 жылы тұтыну бағасы индексі негізінде есептелген жылдық инфляция деңгейі 2005 жылғы 9.8%-дан төмендеп, 6.4% болды (желтоқсаннан желтоқсанға қарай). Қол жеткен деңгей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мақсаттарға сәйкес келеді.
Нәтижесінде экономикадағы инфляциялық күту айтарлықтай төмендеді.
Нәтижесінде 2005 жылы:
- ақша базасы - 30.2%-ға 175 млрд.теңгеге дейін, оның ішінде қолма-кол ақша (МО) - 23,3%-ға 131,2 млрд, теңгеге дейін өсті;
- ақша массасы (МЗ) 43.3%-ға 569.1 млрд.теңгеге дейін өсті.
Жағымды макроэкономикалық ахуалмен қатар елімізде ақша ұсынысының өсуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Бакінің ақша-несие саясатының бұдан әрі жұмсаруы ықпал етті. Инфляция деңгейін және қаржылық нарықтардағы жағдайларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми ставкалары жыл ішінде кезең бойынша төмендеді. Қайта каржыландыру мөлшері 14%-тен 9%-ке дейін, ресми есептік мөлшер - 12,5%-дан 8%-ға дейін, овернайт заемдары бойынша ставка - 17%-дан құралдардың тікелей көмегімен жүзеге асырылды. Сонымен қатар жыл ішінде ақша базасы мөлшерінің өзгеруі әдеттегідей маусымдык сипатқа ие болды. Азаюдың ен жоғары қарқыны (7%-ға) қаңтарда байқалды. Желтоқсанда байқалған ең жоғары кеңею қарқыны (11,3%-ға) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі депозиттерінің күрт азаюына байланысты болды (жыл аяғында Қазақстан Республикасы Үкіметі шығыстарының маусымдық көбеюі салдарынан).
Ұлттық Банкінің алдағы жақын жылдарға ақша-несие саясатының маңызды бағытында инфляциялық таргеттеу принциптеріне дайындалу және өту болып табылады. Инфляциялық таргеттеу принципі Ұлттық Банкінің инфляцияны төмендету бойынша негізгі мақсатына нақты жауап береді және нарыққа қатысушылардың жүргізіліп отырған ақша-несие саясатына сенімін арттырады. 2002 жылдың ақпан айында инфляциялық таргеттеу мақсаты үшін оперативті мақсатты көрсеткіш ретінде ресми РЕПО мөлшері енгізілді, ол 5.5% деңгейінде (+/-) 100 базис пункті кеңістік енінде белгіленген. РЕПО ресми мөлшері жыл бойы өзгермей тұрды.
Ұлттық Банк 2005 жылы инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға бағытталған саясат жүргізіп отырды.
Инфляция динамикасында позитивті кезеңі болып оның орта жылдық деңгейін 2005 жылда 5.9%-ға дейін 2005 жылы 8.4%-ға дейін төмендету табылады. Жетілген инфляцияның деңгейі Ұлттық Банкінің 2005 жылға белгіленген мақсаттарына сәйкес келеді (5-7%).
Шетелдік валютаның экспортерлердің валюталық табыстарының есебінен және шетел валютасының қаржы Министрлігінің пайдасына қарай ағуы есебінен өте көп ұсынылуы Ұлттық Банкінің ақшалық реттеу бойынша ішкі валюталық нарықта жағдайдың тұрақтылығын сақтау үшін іс-қимылдарды белсенді жасауға қажет етті. 2005 жыл айырбас бағамының тұрақтылығымен байқалды. Теңгенің АҚШ долларына девальвациясының темпі төмендеді, сөйтіп бір жылға девльвация 3.25% болды (2005 жылы – 3.8%).
Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі құралы болып ресми мөлшерлері, өзінің қысқа мерзімдік ноттарының шығарылуы және ашық нарықтың операциялары кіреді.
Инфляцияның төмендеуі жыл бойына кезегімен қайта қаржыландыру мөлшерін 9%-дан 7.5%-ға дейін, овернайт займдары бойынша мөлшерлерді 12%-дан 9%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
2) Минималдық резервтік талаптар
Әлемдік банкілік тәжірибеде коммерциялық банкілердің несиелік іс-қимылын реттеудің және ақша массасының көлеміне әсер етудің негізгі құралдардың бірі ретінде міндетті (минималды) резервтік талаптар саясаты болып табылады. Резервтік талаптар – бұл коммерциялық банкілердің орталық банкідегі салымдары, олардың көлемі банкілік міндеттемелеріне белгілі бір қатынаста белгіленеді. Резервтік талаптар екі мағынаға ие: ол коммерциялық банкілердің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз етеді; екіншіден, орталық банкінің ақша массасын және коммерциялық банкілердің несие қабілеттілігін реттейтін құрал болып табылады.
Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялармен және пайыздық мөлшерлермен бірге коммерциялық банкілерінің ақша-несие реттеудің негізгі жанама құралдарының бірі болып табылады. Қазақстанның банкілік жүйесінің қазіргі жағдайдағы дамуында резервтік талаптар бір жағынан сақтау институттарының жеткіліксіз дамуы шарттарында коммерциялық банкілердің депозиттерін сақтау функциясын атқарады, екінші жағынан – экономикадағы ақша мультипликациясының процесін реттеу функциясын атқарады. (Қосымша2).
2000-ші жылы коммерциялық банкілердің резервтік талаптары 20% деңгейінде белгіленді. Сонымен қоса коммерциялық банкілердің инвестициялық іске салымдарды ынталандыру үшін бұл норма егер де банк норманың төмендеуі кезінде қаражаттарды ұзақ мерзімді несие беруге пайдаланса 10%-ға дейін төмендеуі мүмкін еді. 2001 жылдың 1 қаңтарына резервтік талаптар қорына аударылған қаражаттар 521 млн.теңгені құрады, немесе жылына 5.7 есе өсті. Сол 2001 жылы коммерциялық банктердің резервтік талаптарының өсу тенденциясы байқалды. Сәйкесінше резервтік талаптардың ақша базасының көрсеткішіндегі үлесі төмендеді (15%-дан 13%-ға дейін)
2002-ші жылы Қазақстан Ұлттық Банкі екінші кварталында резервтік талаптар нормативін 20%-дан 30%-ға дейін жалпы депозиттік талаптарға қарай өсірді. 2002-ші жылдың 1-ші тамызынан резервтік талаптар теңгедегі депозиттік талаптан 30%-ды және шетел валютасында 15%-ды құрады. Әлі де резерв үшін төлем сақталды, яғни нормативтердің барлығын жасаған банктер төлем алатын, ол нарықтағы депозиттік мөлшердің жалпы деңгейімен және Ұлттық Банктің табыстылық деңгейімен анықталады.
2002 жылы банктердің беретін несиелерінің көлемін реттеу, олардың міндеттемелері бойынша банктердің төлей алмау тәуекелін төмендету сондай-ақ банктердің салымшылары мен акционерлерінің мүддесін қорғау мақсатында Ұлттық Банк резервтік талаптар құрылғыларын пайдаланады.
Ұлттық Банкте қаржыны депоненттеудің нормалары мен тәртібі 31.03.2002 жылы Ұлттық Банк Басқармасы бекіткен және 1.04.2002 жылы жаңа редакциясы күшіне енгізілген «Экономикалық нормативтер және оны Қазақстан Республикасы банктерінің қолдануы туралы» Ережеде реттеліп көрсетілген.
2002 жылдың қаңтар айында банктік емес мекемелер мен халықка теңгемен берілетін депозиттік міндеттемелерден есептелетін нормативтер 30% болды да, ал банктік емес мекемелер мен халыққа шетел валютасымен берілетін барлық депозиттік міндеттемелерден есептелетін нормативтер (Ұлттық Банктің теңге бағамы бойынша есептегенде) 15% болды. Оның 2002 жылдың ақпан айынан бастап теңгемен және шетел валютасымен салынған депозитгік міндеттемелерден есептелуі 20%-ке дейін төмендетілді және бұдан басқа резервке алуы альтернативалық тәртіптегі жағдайда отырған банктерге (қаржыларын міндетті түрде резерв қорына аудармай отырғандарға) Ұлттық Банк Лондон депозиттер нарығының (LIBID) депозитіндегі бір айлық орташа есептелген ставканың 25%-ы мөлшерінде Ұлттық Банк корреспонденттік шоты бойынша банктің орташа айлық қайта қаржыландыру қалдығыньң мөлшерінен 25% еркін өтімді валютамен (резервтік талаптардан артпайтындай мөлшерде) Ұлттық Банк проценттер төлеп отырады.
2003 жылы банктердің жалпы санының орта есеппен 13,5% резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Резервтік талаптарды орындамаған банктерге айып санкциялары түрінде ықпал ету шаралары қолданылды. Жыл ішіндегі айыптық санкция сомасы 115,8 миллион теңге болды. Соның өзінде өтімділік коэффициенті жалпы алғанда бүкіл банк жүйесі бойынша нормативтен едәуір жоғары денгейде қалып отырды (норматив бойынша жыл ішінде 0,3 орнына орташа есептегенде ол 0,56 болды).
2003 жылы ақша нарығының тепе-теңдігін, банктер беретін несие көлемін реттеуді, банктердің өз міндеттемелері бойынша төлем жасамау тәуекелін азайтуды, сондай-ақ салымшылар мен банк акционерлерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк ең төменгі резерв талаптары тетігін пайдаланады.
Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялармен және пайыздық мөлшерлермен катар коммерцияық банктердің жанама ақша-несие саясатын реттеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан банк жүйесінің қазіргі даму жағдайында резервтік талаптар бір жағынан сақтандыру институттары болмағандықтан минималды резерв нормасын мұндай төмендету ақша ұсынысын көбейткен жок, өйткені Ұлттық Банк инфляцияны баяулату үшін Үкіметке берілетін ішкі несие мен екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелер мөлшерін қысқарту жолымен ақша базасын азайту саясатын жүргізді. Көбейту коэффициенті бұрынғы деңгейде қалды, ол орташа алғанда 1.8-ге тең. Ұлттық Банктің резервтік талаптарын орындаған банктерге резервтік талаптар шегінде қайта қаржыландырудың орташа айлық мөлшерін 50%-і мөлшерінде теңгемен және Лондоңдык депозиттер нарығының (LIBID) бір айлық депозиттері бойынша орташа алынған орташа айлық қалдығы бойынша еркін айналымдағы өтімді валютамен төлеу белгіленеді. Ұлттық Банктің міндетті ре-зервтер бойынша олардың біршама жоғары деңгейін ескере отырып процент төлеуі банктердің несиелер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлерінің арасындағы спрэдті азайтуга ұмтылуымен байланысты болып отыр.
2003 жылдың басында резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің үлесі республикадағы банктердің жалпы санының 51,5%-ін құрған болса, жылдың соңына қарай 66,3% болды, ол толық түрде алғанда 67 банктен тұрады. Мұнымен қатар жыл ішінде банктер саны 130-дан 101-ге дейін азайды. Көптеген банктер резервтеу шартын орындады және есеп беру жылында оларға корреспонденттік шоттағы орташа айлық қалдық бойынша проценттер төленді (561,1 млн.тенге); корреспоңденттік шотында қаржысы жетіспейтін 25 банкке 39,1 млн. теңге сомасында айыппүл санкциялары салыңды. Резервтеудің балама тәртібіне өтпеген банктердің орташа алғаңда 40%-і белгілі бір кезеңде ең төменгі резервтік талаптарды орындаған жоқ.
2004 жылы ақша нарығының тепе-теңдігін, банктердің өтімділік денгейін реттеуді, банктердің міндеттемелер бойынша төлем жасамау тәуекелін төмендетуді, сондай-ақ салымшылар мен банк акционерлерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету бойынша ақша-несие саясатының маңызды құралы Қазақстан Ұлттық Банкінің ең аз резервтік талаптары болып табылатыны баршаға мәлім.
Банктердің міндетті резервтерінің нормасы банктің банктік емес заңды және жеке түлғалар алдындағы жалпы депозит міндеттемелері 15%-дан 10%-ға дейін төмендетілді. 2004 жылдың 1 қазанынан бастап баламалы резервтеу бойынша сыйақы (мүдде) төлеу тоқтатылды.
2004 жылы банктердің резервтік талаптар нормасы өзгермей жалпы банктердің депозиттік міндеттердің банкілік емес заңды және жеке тұлғалардың алдында 10% деңгейінде қалды, себебі оның төмендеуі жалпы банктік жүйенің қысқа мерзімдік өтімділігін едәуір төмендетеді, ал жоғарлауы банкілік қызметтердің оның ішінде несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің қымбаттауына әкеп соқтырады.
Дегенмен 2005 жылдың 5 сәуірінде Ұлттық Банк еркін қалқымалы валюта бағамын бекіту туралы шешім қабылдағандығынан, Қазақстандағы ХВҚ-ның ресми өкілдерінің қарсылығын тудыратын минималды резервтер деңгейін 5%-ға түсірді. 6 жыл бойы Ұлттық Банкінің минималды резервтік талабы бойынша жыл сайын орташа алғанда 5%-ға төмендеп отырды, солайынан ол 2004 жылы 30%-ға дейін, ал 2004 жылы 5%-ға дейін төмендеді. Алайда соңғы төмендеу коммерциялық банкілердің өтімділікпен мәселе туындаған жағдайда қолда бар қаражаттарды қолануға мүмкіншілік беруі тиіс болатын жәй ғана уақытша өлшем болып келді, өйткені еркін қалқымалы бағамының енгізілуі тек коммерциялық банкілердің мінез-құлығына ғана емес сонымен қатар депозиттік шоттардан шұғыл түрде өздерінің қаражаттарының ала бастауы мүмкін болатын бірінші кезекте халықтың да мінез-құлқына әсер ететін еді. Бірақ екі аптадан соң елдің валюталық және қаржылық нарығындағы жағдай тұрақталғаннан кейін, Ұлттық Банк мөлшерді банктерге бос қаражаттарды валюталық нарықта енді спекуляция үшін пайдаланбауға мүмкіндік бермеу үшін бұрынғы 10% деңгейіне дейін көтерді. Сосын 2004 жыл бойы минималды резервтік талаптар бойынша мөлшер өзгермеді.
2005 жылы ақша нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ету және банктердің өтімділігін реттеу үшін мамырдан бастап банктердің минималды резервтік талаптары банктің банктік емес заңды және жеке тұлғалар алдындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 10%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.
Ең төменгі резервтік талаптардың азайтылуы банк салымшылары мен кридеторларының мүдделерін қорғауды әлсіреткен жоқ, қайта тиімді басқаруына және экономиканың нақты саласын несиелеуді ұлғайтуға мүмкіндік берді.
3) Бағалы қағаздар нарығы
Ұлттық Банк нарықтан бағалы қағаздар сатып ала отырып айналысқа қосымша ақша қаражаттарын енгізеді, және керісінше нарыққа ертеден сатып алынған бағалы қағаздарды орналастыра отырып ақша массасының көлемін азайтады.
2000 жылы мемлекеттік бағалы қағаздар аса кең қолданылған жоқ. Оның себебі мемлекеттің бағалы қағаздарға өте төмен пайыздық мөлшер төлегендігі болып отыр. Ұлттық Банк осы төмен пайызға бағалы қағаздарды ұсына алмады.
Дегенмен, Ұлттық Банк республикалық бюджеттің дефицитін мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыра отырып жабушы ретінде Қазақстан Республикасының қазыналық бондар түрінде шығарылған ішкі займдарымен операциялар жүргізді. Бірақ инфляция темпінің өсуімен инвесторлар ақша қаражаттарын төмен кірісті мемлекеттік бағалы қағаздарға салмауға тырысты. (Қосымша 3)
Мемлекеттік бағалы қағаздарға халық тарапынан сенімді арттыру үшін Ұлттық Банк пен қаржы Министрлігінің қатысуымен бұрынғы КСРО бағалы қағаздарын 2000 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алу туралы шешім қабылданды.
2001 жыл бойы Ұлттық Банк пен қаржы Министрлінің қатысуымен қазыналық вексельдердің аукционын өткізу үшін ұйымдастыру шаралары мен нормативтік база жасалды.
Осы жылы Ұлттық банк пен Алматы қор биржасының қатысуымен айналысқа Калинин ауданының муниципалды бағалы қағаздары орналастырылды. Бұл барлық көлемді 100 мың теңгеге орналастырып жергілікті бюджеттің дефицитін жабуға көмектесті.
2001 жылдың басына қарай 20 банк бағалы қағаздар нарығының қатысушысы ретінде лицензиялар алды.
2001 жыл бойы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы жақсы қалыптасты. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды аукциондық әдіспен орналастырды. Ұлттық Банк қатысушыларға бағалы қағаздар нарығында тәжірибелік жұмыс туралы көмектер көрсетіп отырды.
Жасалған шаралар 2001 жылы 15 аукционда 3671 дана вексельді 233.7 млн.теңгеге орналастыруға мүмкіндік берді. Осы жағдайларда қазыналық вексельдердің дисконтталған орташа бағасының тұрақты өсуіне әкелді. Тұрақталу үшінші аукционнан кейін болды, онда орташа дисконтталған баға вексельдің 270% табыстылығымен 55.65% болды, сол кездегі қайта қаржыландыру мөлшері 326% болды. Сөйтіп жылдың аяғына дейін оның көлемі 182% табыстылығымен 65.11% болды, қайта қаржыландыру мөлшері 230% болды. Бұл инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімінің артуында болып отыр.
2001 жылдың соңына қарай мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында қаржы Министрігі үшін жақсы жағдай қалыптасты, өйткені ішкі мемлекеттік қарыздарды төлеуде шығындар азайды.
2001 жылы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығының қалыптасуына жұмыстар жүргізілді.
Ұлттық Банк 2002 жылдың ортасынан бастап өз бағалы қағаздар портфелін калыптастыру бойынша жұмыстар жүргізе бастады 2002 жылдың 1 қантарына қарай оның номиналды қүны бойынша 389,6 миллион теңге болып, айналым мерзімі әр түрлі қазынашылық міндеттемелер нарығындағы айналымда жүргендерінің жалпы санының 6,8%-ына сәйкес келетін еді.
Бағалы қағаздар «портфелінің» жетімсіз болуы Ұлттық Банктің ақша саясатының құралы ретінде ашық нарықтығы операцияларды пайдалануға мүмкіндік бермеді. Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша операциялары екінші нарықтың белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылды, егер оның даму динамикасына қарасақ, бүл мақсат орындалды деп есептеуімізге болады. Есеп беріп отырған уақыт ішінде Ұлттық Банк екінші нарықта 650,8 млн.теңгеге қазыналық вексельдер алынды да, 1340.4 млн.теңгеге сатылды. Ұлттық Банкінің пайдасы 47.7 млн.теңге болды.
Ақша массасын оперативті реттеудің негізгі құралы болып Ұлттық Банкінің ноттарын эмиссиялауы болды, олардың көлемі ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдарларынан шыға отырып белгіленді.
2002 жыл бойы мемлекеттік қазыналық міндеттемелерді 3 және 6 айға аукционға орналастыру туралы шаралар жүргізілді. Сол кезеңде мемлекеттік бағалы қағаздардың 77 аукционы жүргізілді, соның ішінде үш айлық мемлекеттік қазыналық міндеттемелердің 50 аукционы жүргізілді.
2002 жылдың ортасында өкімет айналысқа 6 айлық мемлекеттік қазаналық міндеттемелерді шығару туралы шешім қабылдады.
Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының жүргізілуі және ақша массасының оперативті реттеу үшін 1995 жылдың шілде айынан бастап Ұлттық Банкінің 7-ден 28 күнге дейін қысқа мерзімдік ноттары орналастырыла бастады. Олардың табыстылығы 48.15%-дан 31.36%-ға дейін қалқып жүрді.
Бірінші бағалы қағаздар нарығының дамуы екінші нарықтың да дамуына әкеп соқтырды. Егер 2002 жылы екінші нарықта операциялар 1.7 млн.теңгеге жасалса, 2003 жылы қазыналық міндеттемелер бойынша 11448.9 млн.теңге болды. Операциялар негізінен биржадан тыс жасалды.
2003 жыл бойына Ұлттық Банкте 1030.9 млн.теңгеге 53 акционерлік-банктердің 63 акциясының эмиссиясы тіркелді.
2003 жылы құрамында 24 брокері бар Орта-Азиялық қор биржасы жұмыс жасай бастады. ОАҚБ мемлекеттік компанияларды жекешелендіруде, инвестицияларды тартуда және олардың халықаралық бағалы қағаздар нарығына шығуында белгілі бір рольді ойнады.
Орта-Азиялық қор биржасынан басқа бағалы қағаздар нарығында үлкен рольді Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы жүргізді. Бірақ та МҚМ бойынша биржадағы айналыс барлық операциядан 1%-ды құрады.
МҚМ-ды эмиссиялаудан түскен қаражытты бюджет дефицитін қаржыландыруға пайдалану Ұлттық Банк үшін қаржы Министрлігін тікелей несиелеу көлемін азайтты.
МҚМ-ның эмиссиясынан түскен қаржыны бюджет тапшылығын қаржыландыруға пайдалану Ұлттық Банкке ҚР қаржы Министрлігінің тікелей кредит беру көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Басқа жағынан алғанда Ұлттық Банк ақша-несие саясатын жүргізу үшін жаңа нарықтық құралдарға ие болды. Банк жүйесі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы баланстың өтімділігін ұстап тұруда негізгі құралдардың бірі болды.
Республикалық бюджеттің тапшылығын инфляциялық емес жолмен жабудың жалпы сомасы 2003 жылы мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен 3,92 млрд.теңге немесе 9.7% болды. Сонымен қатар 2003 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі арасында жасалған Келісімге сәйкес қаржы Министрлігі Ұлттық Банктің 2,2 млрд.теңге сомасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарының барлық портфелін мерзімінен бүрын өтеді.
Есеп беріліп отырған кезең ішінде Ұлттық Банк РЕПО-ның қысқа мерзімді операцияларың іс жүзінде жүргізу бойынша тәжірибе жинақтады. 2003 жылғы наурызда Ұлттық Банктің Баскармасы РЕПО мен кері РЕПО-ның мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізу тәртібін бекітті, сөйтіп РЕПО операцияларының жүргізілуін тек Ұлттык Банк қана емес, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер де реттей алатын нормативтік база қүрылды. РЕПО операцияларын жүргізу Ұлттық Банкке банктік өтімділікті реттеуде жана ұтымды құрал ғана беріп кана койған жоқ, сонымен қатар нарыққа қатысушылар үшін қосымша мүмкіндіктер жасады.
Бұл бағдарламаның енгізілуі мәмілелер жасауға жұмсалатын шығынды қысқартуға мүмкіндік беріп, нарықтың өтімділігі мен ақпараттық және сауда жағынан айқындығына елеулі ықпал ете бастады.
Ұлттық Банктің ақша-несие саясатындағы максатын және айналымдағы ақша массасын жедел реттеуді іске асыру үшін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының 36,56 млрд.теңге сомаға 38 шығарылымы жүзеге асырылды. Олардың түсімділігі 34.45%-дан 22,98%-ға дейін ауытқып отырды. Бес айдың ішінде, маусым — казана аралығында Ұлттық Банк өзінің қысқа мерзімді ноттарың ақша-несие саясатының құралы ретінде пайдаланған жоқ және айналымға шығарылған барлық ноттардың өтелгенін атап өту қажет. 2003 жылғы казан — желтоқсан аралығында 15 аукцион өткізіліп, оған 12,2млрд.теңге сомаға ноттар орналастырылды. 1.01.03 жылғы жағдай бойынша айналымда 9,10 млрд.теңге сомасында (дисконтталған баға бойынша) қысқа мерзімді ноттар болды. Ұлттык Банктің есепті жылда қысқа мерзімді ноттар көрсеткен кызметі бойынша шығындар 372,78 млн.теңге болды, оның ішінде 2003 жылы шығарылып, 1996 жылы өтелген эмиссиялар бойынша — 37,25 млн.теңге болды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын одан әрі тереңдету мен кеңейту мақсатында, сондай-ақ өтімділікті ұстап тұру үшін 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің МҚМ портфелінен ашық нарық операциялары өткізілді. 2003 жыл ішінде Ұлттық Банктің МҚМ портфелінің жалпы жағдайына көлемнің дәйекті түрде ұлғаю үрдісі әсер етті; сөйтіп, егер 1.01.03 жылғы жағдай бойынша Ұлттық Банк портфелінің үлес салмағы айналымда жүрген эмиссияның жалпы көлеміне қарағанда 6.81% (386,56 млн.теңге) болса, онда тіпті 2003 жылгы каңтарда портфельдің үлес салмағы 10.12%-ға (664,21 млн.теңге) дейін ұлғайды.
Ұлттық Банктің ашық нарық операцияларын жүргізуден түскен түсімі 401,02 млн.теңге болды. Есеп беріліп отырған жылда 2002 жылмен салыстырғанда түсім 8.1 есе өсті.
Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар бойынша жылды тұтас алғанда (ашық нарық операцияларын ескере отырып) Ұлттық Банк қаржы жылын табысты шығынға қарағанда 27,77 млн.теңгеге арттыра отырып аяқтады.
Қазақстан Ұлттық Банкі 1997 жылдың қыркүйегінен бастап екінші нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүзеге асыра бастады.
РЕПО және кері РЕПО түріндегі операциялар ашық нарықтағы операциялар көлемінің 68,7%-ын немесе 1,61 млрд.теңге (нақты құны бойынша 1,67 млрд.теңге) құрайды, оның ішінде сатып алу бойынша операциялар 0,39 млрд.теңгеге (нақты құны бойынша 0,40 млрд.теңге), сату бойынша — 0,33 млрд.теңгеге (нақты құны бойынша 0,34 млрд. теңге) операциялар жасалды. Ашық нарықтағы сатып алу-сату операциялары үлесінің көбі (61.69%) 6 айлық мемлекеттік казынашылық міндеттемелеріне — МЕКАМ-ға тиесілі. Сатып алу-сату және кері РЕПО операцияларының кірісі 3,83 млн.теңге.
2004 жылы желтоқсанда Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің арасында Қазақстан Ұлттық Банкінің портфеліндегі 3 және 6 айлық мемлекеттік бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеу туралы келісім жасалды.
Ұлттық Банктің ашық нарықтағы операция жүргізуден түскен жалпы кірісі 5,9 млн. теңге болды.
2004 жылы ақша-несие саясатының және өтімділікті жедел реттеу мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банк 60,98 млрд.теңгеге қысқа мерзімді ноттар шығарды. Ол ноттарды өтеу шығыны 0.71 млрд.теңге болды.
Ақша базасын реттеу жөне мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының өтімділігіне қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығында 302,2 млрд.теңге сомасына операциялар жасалды. Бағалы қағаздар 4,1млрд.теңгеге сатып алынды және 8,5 млрд.теңгеге сатылды, 19,7 млрд.теңгеге РЕПО және кері РЕПО операциялары жасалды. Ұлттық Банк 2004 жылы РЕПО операциялары бойынша кепілдік құрал ретінде Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің айналым мерзімі 10 жылдық мемлекеттік арнайы қазынашылық міндеттемелерін қолдана бастады.
Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы операциялары инвесторлардың қызығушылығын валюта нарығынан мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына ішінара аударуға мүмкіндік берді.
2004 жылы екінші нарықтың жыл бойы дамуы бірқалыпты болмады.
1 тоқсанда нарық қатысушыларын барынша қысқа мерзімді құралдырға қайта бағыттау тоқсанның аяғында МЕККАМ-3-тің үлесі айналым құрылымында 40.17%-ға дейін ұлғайды. Сәуір айында операторлар күткен құнсызданудың өсуі мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын сатып алу-сату және РЕПО мәмілелерінің (жергілікті өкімет органдарының бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелерді қоспағанда) көлемін (2004 жылғы наурыздағы 15.8 млрд.теңгемен салыстырғанда) 6.3 млрд.теңгеге азайтты. Бұл кезең МЕККАМ-12-мен жасалған мәмілелер көлемі мен түсімділігінің өсуімен, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарымен, Қазақстан Республикасының еуробондтарымен жасалған операциялардың жандана түсуімен сипатталады. Бұдан кейінгі қазанға дейінгі айларда айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің жалпы ұлғаюымен бірге қысқа мерзімді валюта қағаздарымен жасалған операциялардың өсуі байқалды. 4 тоқсанда валюта бағамының тұрақтануы 60күннен астам ұзақтықпен теңге құралдары артуы байқалды.
2004 жылы екінші нарықтағы мәмілелердің жалпы сомасы 211.5 млрд.теңге болды. Операциялардың жалпы көлемінің ең көп үлкен салмағын он жылдық МЕАКАМ (34.8%) және МЕКАВМ-3 (19.8%) құрайды. Ұлттық Банкінің валюта ноттарымен мәмілелерінің үлес салмағы небары 0.12% болды.
Теңгелік қағаздар бойынша мәмілелер орташа алынған түсімділігі 23.23% деңгейінде қалыптасты, оның ішінде МЕККАМ-12 юойынша 26.11%, МЕККАМ-3 бойынша 22.1%, МЕККАМ-6 бойынша 22.92%, Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары бойынша 20.72%.
Өткен жылы қаржы Министрлігі Ұлттық Банк портфеліндегі 5.6 млрд.теңге болатын бағалы қағаздарды өтеді.
Ұлттық Банк 2005 жылы ашық нарықтағы операцияларды белсенді түрде жүргізді. Бағалы қағаздарды сатып алу бойынша операциялар көлемі 22.0 млрд.теңге, сату көлемі 7.8 млрд.теңге болды
Тікелей РЕПО операцияларын ашу көлемі 37.8 млрд теңге, кері РЕПО оперциялары бойынша 14.2 млрд.теңге болды.
Екінші нарықтағы операциялар бойынша Ұлттық Банк кірісінің сомасы 195.4 млн.теңге, шығысы 298.8 млн.теңге (негізінен РЕПО операциялары) болды.
2005 жылы банк жүйесіндегі өтімділікті реттеу және Ұлттық Банктің ақша массасын ретке келтіру мақсатында ашық нарықта бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөнінде, РЕПО және кері РЕПО операциялары жүргізілді.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтімділікті реттеу процесінде жаңа бағыттарды анықтау жөніндегі жұмысты бастады. Реттеу акценттері бірте-бірте ақша нарығындағы операцияларға араласатын болады. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы жұмыс шеңберінде ашық нарықтағы операциялар көлемін едәуір ұлғайтты. Жыл басынан бастап РЕПО операцияларының көлемі 49,1%-ға 78,1 млрд.теңгеге, кері РЕПО операциялары үш еседен артық 37,6 млрд.теңгеге дейін өсті. РЕПО операциялары көлемінің өсуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші нарықта Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алудың, сол сияқты сатудың да төмендеуімен қатар жүрді. Сату 2005 жылғы сату көлемінің 75% (13,5 млрд. тенге), ал сатып алу - небары 3% (470,8 млн.теңге) болды.
Ашық нарықтағы операциялар көлемінің өсуі есебінен 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ноттарының эмиссиясы 12,2%-ке 116,4 млрд.теңгеге дейін төмендеді, айналыстағы ноттар көлемі 2,8 есе 17,6 млрд.теңгеге дейін азайды. Ноттар бойынша жыл ішіндегі орташа алынған тиімді кірістілік 9,11%-дан 5,91%-ға дейін азайды. Эмиссия және айналыс көлемдерінің төмендеуіне қарамастан, қысқа мерзімді ноттар 2001 жылы өтімділікті реттеудің негізгі құралдарының бірі болып қалды.
2005 жылы жинақтаушы зейнетақылық қорлардың 1997 жылы шыққан еврооблигацияларын және өтімділікті стерилизациялау үшін қысқа мерзімдік ноттар эмиссияланды. Ұлттық Банк 2005 жылға 208.3 млрд.теңгеге қысқа мерзімді ноттар шығарды (2005 жылы 116.4 млрд.теңге). Нәтижесінде айналыстағы қысқа мерзімдік ноттардың көлемі 3.7 есе 64.3 млрд.теңгеге артты. Қысқа мерзімді ноттар бойынша тиімді пайда 5.80%-дан 5.89%-ға дейін өсті.
2005 жылы екінші деңгейдегі банкілердің артық өтімділігінің тенденциясы сақталып қалды. Осыған байланысты өтімділікті азайтатын РЕПО операциялары 2001 жылға қарағанда 7 еседен көп 575.8 млрд.теңгеге өсті, ал кері РЕПО операциялары 2001 жылдың деңгейінде 38 млрд.теңге көлемінде қалды (2005 жылы 37.6 млрд.теңге).
2005 жылы Ұлттық Банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында сату операцияларын жасамады. Сатып алу операцияларының көлемі 3.2 млрд.теңге.
4 )Ұлттық Банкінің несиелік саясаты
2000 жылдың аяғында Ұлттық Банк несиелік экспансия мен несиелік рестрикция арасында таңдау жасау керек еді. Яғни экономикаға ақшаны әкелу, сөйтіп инфляциялық спиральді айналдыру арқылы іскерлік белсенділікті жасанды жандандыруға талпыну немесе несиелік рестрикция жасау арқылы экономиканың дамуын жақсы негізге әкелу.
Несиелік экспансия мен несиелік рестрикцияны жасау арқылы Қазақстан экономикасындағы айналып жүрген ақша массасының жиынтық көлемі 2000 жылға 6.4 млрд.теңгеге немесе 6.3 есе өсті, сөйтіп 2001 жылдың 1 қаңтарына 7.6 млрд.теңгені құрастырды. Онымен қоса тұтыну бағасы осы кезеңге 21.7 есе өсті. (Кесте 3)
Кесте 3. 2000 жылға орташа айлық ақша массасының және тұтыну бағаларының өсу темпі (%-бен)
I Квартал | II Квартал | III Квартал | IV Квартал | 2000 жылға өсу | ||
Ақша массасы | 39.7 | 24.0 | 11.0 | 10.0 | 6.3 есе | |
Коммерциялық банкілерге несие | 19.6 | 10.7 | 8.5 | 2.4 | 4.6 есе | |
Тұтыну бағалары | 27.7 | 18.4 | 26.8 | 42.1 | 21.7 есе | |
Екерту-автормен құрастырылған: Қ.Р Ұлттық Банктің жылдық есеп беру кезеңі. | ||||||
Коммерциялық банкілерге несие 2000 жылы 4.6 есе өсті де 5.7 млрд.теңгені құрастырды, Өкіметке несие 13.3 есе, 1.0 млрд.теңгеге өсті.
Ұлттық Банкінің несиелік қаражаттарының негізгі көлемі Жоғарғы кеңес пен Қазақстан республикасының Өкіметінің шешімімен бағытталып отырды (76%).
Ең көп үлесті – 95.3% (13.9 млрд.теңге) қысқа мерзімдік қарыздар құрады және 4.75% (90.7 млрд.теңге) – ұзақ мерзімді несиелер болды. Ұзақ мерзімдік несиелердің аз болуы коммерциялық банкілердің инвестицияларды несиелеуге ұмтылмағанын көрсетеді, сонымен қатар банкілік капиталдың майда және орташа банкілерге тарап кеткенін, инфляцияның жоғары дәрежеде болып пайыздардың құнсыздану қаупі өте жоғары деңгейде болғанын көрсетеді.
2000 жылы несиелік қатынастарда Ұлттық Банкінің қызметі дамыған экономикасы бар елдердің орталық банкілерінің қызметіне жақындатылды, яғни:
- жеңілдетілген несиелер мен кәсіпорындардың несие бойынша тікелей сұраныс жасау тәжірибесі алынып тасталды.
- бюджеттік дефицитті жабуға берілетін Өкіметке несие ресми қайта қаржыландыру мөлшерімен жүргізілді және бюджетке депозит үшін пайыздар төленді.
- Ұлттық Банк мен Өкімет арасындағы қатынастар “өзара түсіністік Меморандумы” қабылданып реттелді.
- тәжірибеге несиелік аукциондардың (облыстар үшін аукциондарды да қосқанда) әрдайым жасалуы енгізілді.
2000 жылдан бастап Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының классикалық құралдармен жасалуы жүргізіле бастады.
2001 жылы Ұлттық Банкінің берген несиесі 27.5 млрд.теңге болды, директивті және Өкіметтің бөлек шешімі бойынша несиесі 15.7 млрд.теңге немесе 57%, бюджетті жабуға Өкіметке және басқа да мақсаттарға 4.9 млрд.теңге немесе 18%, және аукциондық несие 5.3 млрд.теңге немесе 19% болды.
2001 жылы несиелік операциялар төңірегінде Ұлттық Банк қызметін нарықтық экономикасы дамыған елдердің орталық банктерінің қызметіне жақындату бойынша кейбір шаралар қабылданған болатын.
2001 жылы директивалық несие беру тоқтатылды. 2001 жылы Ұлттық Банк әр түрлі мерзімдерге барлығы 30,2 миллиард теңге орталықтандырылған несиелер берді, соның ішінде қаржы Министрлігіне республикалық бюджет дефицитін жабуға — 8,6 миллиард теңге, екінші деңгейдегі банктерге — 16,5 миллиард теңге, банктік емес қаржы мекемелеріне — 4,4 миллиард теңге, Ұлттық Банк клиенттеріне — 0,7 миллиард теңге берілді.
Ұлттық Банктің несие ресурстарын орналастыру негізінен өткізілетін несие аукциондар арқылы жүзеге асырылды. 2001 жыл ішінде Ұлттық Банк несие аукциондарында 10,2 миллиард теңге көлемінде ресурстар сатылды. Аталған көлемнің 2,4 миллиард теңгесі облыстардың мұқтаждары үшін аукцион аркылы берілді немесе бүл аукциондық несиенің жалпы сомасының 23,5% болды.
Өткен жылы Ұлттық Банктің қабылдаған Ережесіне сәйкес ломбардтық негізде несие беру тәжірибесі басталды. Осы кезең ішінде 186,7 миллион теңге сомасына ломбардтық несие берілді, ол жалпы аукциондық несие көлемінің 1,8%-ын құрады. Аталған несиенің ауқымы көп емес, бұл оның экономикалық мәніне байланысты. Банктер оны алуға аса қиын қажеттіктен ғана өтініш жасайды. Ломбардтық несие бойынша пайыздық мөлшер желтоқсан айында 65% болды. Ломбардтық несиелер мезгілінде қайтарылып отырады және ол бойынша 1.01.01 жылғы мерзіміне қарай борыштар жок.
2001 жылы екінші деңгейдегі банктерге берілген несиенің барлық сомасынан (16,5 миллиард теңге) олардан кайтарылғаны 12,7 миллиард теңге, немесе 77,0%, мерзімі өткен несие шотына 0,7 миллиард теңге шығарылған, немесе 4,2%; 3,1 миллиард теңге кайтарылу мерзімі 2001 жылға қайтарылуы өткен несиеге жатқызылды.
Сонымен 2001 жылға өткен борыштарды есептей келгенде барлық жалпы қайтарылуы 16,0 миллиард теңге болды.
Тексеруді жургізудің нәтижесі көрсеткеніндей, өз мақсатына пайдаланылмаған жағдайда ресурстар көбіне мерзімі өтіп кеткен борыштарды жабуға және бурынғы алынған несиелердің пайызын өтеуге, жалақы төлеуге, коммерциялық қызметтерге жұмсалғанын көрсетті. Директивалық несиелерді автомашина және басқа халық тұтынатын тауарлар сатып алуға, бюджетпен есеп айырысуға, банктерге пайыздық өсім алу үшін депозиттік салымға, геологиялық-барлау және құрылыс жүмыстарына т.б. келеңсіз мақсаттарға жұмсалғандығы айқындалды.
2001 жылы қаржы-несиелік операциялар саласында Ұлттық Банктің функциясын одан әрі дамыған елдердің орталық банктерінің классикалық функциясына жақындату бойынша белгіленген шаралар қабылданды. Екшші денгейдегі банктерге несие беру олардың өтімділігін қолдау мақсатында жүзеге асырылды. Үкіметке бюджет тапшылығының орнын жабуға несиелер беру бюджет саясаты шеңберінде жүргізілді. Жеңілдікпен несиелер беру және кәсіпорындардың несие беру жөніндегі өтінішін тікелей қарау болған жоқ.
Ұлттық Банк 2001 жылы барлығы 11,3 млрд.теңге көлемінде несие берді және 6,2 млрд.теңге қайтарылды. Операциялардың таза көлемі 5,1 млрд.теңге болып анықталды. несиелер қаржы Министрлігіне 4,9 млрд.теңге сомасында республикалық бюджет тапшылығының орнын жабуға, екінші денгейдегі банктерге — 6,3 млрд.теңге, клиентураға — 0,1 млрд.теңге берілді.
2001 жылмен салыстырғанда Ұлттық Банк жүргізетін несие операцияларының көлемі 18,9 млрд.теңге немесе 62,6%-ға азайды.
Сонымен бірге аукцион несиелерінің көлемін мұншама күрт азайту жалпы алғанда банктерге несие беру көлемін азайту емес, тек банктерді қайта қаржыландыру механизмі өзгеруде. 2001 жылдың ортасынан бастап Қазақстанның банк жүйесінде айқын пайда болған дағдарыс Ұлттық Банк тарапынан жекелеген аса ірі банктерді банкрот деп тану республика экономикасына барлық жағынан теріс әсерін тигізетіндіктен қаржылық қолдау көрсету бойынша белгіленген шаралар қабылдауға мәжбүр етті. Осыған байланысты Ұлттық Банк көрсетілген мақсаттарға 4,7 млрд.теңге мөлшерінде несие берді, ол берілген несиелердің жалпы көлемінің 41,6 пайызы болды.
2002 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі 10,2 млрд.теңге несие, оның ішінде республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға — 2,5 млрд.теңге, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа — 0,16 млрд.теңге, екінші деңгейдегі банктерге — 7,0 млрд. теңге, «Азык-түлік контрактілік корпорация» ЖАҚ-на — 0,55 млрд.теңге берді.
2002 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне несие беруді «2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 31.12.02 №59-1 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырды. Өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджет тапшылығына тікелей несие беру 51% немесе 2,4 млрд.теңгеге қысқарды.
«Қазақстан Республикасының банк қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір зан актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 11.07.02 №154-1 Қазақстан Республикасы Заңынын қабылдануына байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі арасында мемлекеттік ішкі қарызга және республика бюджетінін тапшылығына берілген несиелерге кызмет керсеткені үшін өзара есеп айырысу шарттарына өзгерістер енгізілген болатын.
2002 жылы несие ресурстарының аукциондары өткізілген жоқ.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын кепілге алу арқылы ипотекалық несие беру үшін несие аукционының нәтижесі бойынша 4 банкке сомасы 40 млн.теңге ипотекалық несие берілді. Аукционға Агропромбанк, Цесна-банк, қалалық Семей банкі және Шыңғыс-банк катысты. Бұл несиелерді осы банктер уақытында кайтарды.
2003 жылы Ұлттық Банк 645.7 млн.теңгеге несие берді, оның 393.6 млн.теңгесі — Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, банктерге — 239,9 млн.теңге. Қазақстан Республикасының “2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы” 2002 жылғы 9 желтоксандағы №201-1 Заңына сәйкес 2003 жылдан бастап республикалық бюджет тапшылығын тікелей несиелеу практикасы тоқтатылды. 2003 жылы ломбардтық несиелер берілген жоқ. Несиелерді қайтару 811,7 млн,теңге болды.
Қарыз алушылардың Ұлттық Банктің шығынды несиелері бойынша қарызы 8,6 млрд.теңге, оның ішінде негізгі қарыз — 2,9 млрд.теңге, төленбеген сыйақы (мүдде) және тұрақсыздық айыбы — 5,7 млрд.теңге болды. Осы орайда Ұлттық Банктің баланстан тыс есепшоттарында несие бойынша 4,4 млрд.теңге мөлшеріндегі шығынды берешек және несиелік құжаттарда 4,2 млрд.теңге есепте тұр.
Ұлттық Банктің балансынан тыс есепке шығарылған шығынды несиелерді қайтару жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Шығынды несиелерді қайтару жөнінде қолданылған шараларға қарамастан, оларды өтеу тым баяу жүруде. Барлық өтелгені 7.4 млрд.теңге болды.
2004 жылы несие саясаты саласында қысқа мерзімді өтімділікпен қиндық көріп жүрген банкілер үшін қосымша қайта қаржыландыру “терезелері” ашылды (күндіздік займдарын және “овернайт” займдарын алу мүмкіндігі).
Экономикаға берілген несиелердің үлес салмағы 8%-дан 6.4%-ға азайды.
2005 жылы Ұлттық Банк 1401 млн.теңге қарыз берді, оның ішінде екінші деңгейдегі банкілерге 1311.2 млн.теңге, ұйымдарға 89.8 млн.теңге.
Ұлттық Банк “овернайт” займдарын беру туралы екінші деңгейдегі 17 банкілермен шарт жасады. Бірақ банкілер “овернайт” займдарын алу тралы өтініш берген жоқ.
2005 жылы несиелерді қайтару 238.2 млн.теңге болды. Ұлттық Банк барлық заемшылар бойынша шағым-талап жұмысын жүргізді.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы сомасы 601,2 млн.теңге 10 заем берді. 2005 жылы 816,5 млн.теңге банктік заемдар қайтарылды. Сонымен қатар, 2005 жылғы желтоқсанда 2005 жылғы 28 карашадағы № 383/1 Кепіл шартына сәйкес «Наурызбанк» ААҚ («Қазақстан акционерлік агроөнеркәсіп банкі» ААҚ-ның құқықтық мұрагері) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 563,8 млн.теңге сомасына регресстік талаптарын өтеді. 2005 жылғы 1 қаңтарда берілген банктік заемдар бойынша борыштың жалпы сомасы 1542,5 млн. теңге болды, оның ішінде алтын өндіру өнеркәсібінің несие беруші банктерінің консорциумына кіретін банктер бойынша - 1214,3 млн.теңге және Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы - 328,2 млн. теңге.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі банктік заемдар беру ережесіне сәйкес екінші деңгейдегі 19 банкпен «овернайт» банктік займын беру туралы шарттар жасалды.
2005 жылы банкілік займдар 2679 млн.теңгеге берілді. Оның ішінде:
- ААҚ “Қазақстан Халық Банкіне” 2579 млн.теңге.
- ААҚ “Алматы сауда-қаржы банкіне” 100 млн.теңге (овернайт займы).
Банкілік займдарды қайтару осы кезеңде 402 млн.теңге болды. 01.01.04 жылы ұлттық валютадағы банкілік займдар бойынша шығынды несиелер жалпы сомамен 1810.9 млн.теңгені құрады, оның ішінде “Крамдсбанкке” – 1696.6 млн.теңге, “Ерминбанкіге” – 102.4 млн.теңге, “Цветметбанкіге” – 10 млн.теңге берілді.
Осы кезеңде жою процесі аяқталған банкілердің жалпы сомасы 1.02 млрд.теңге болатын қарыздардың күші жойылды.
5) Валюта нарығының хал-ахуалы
2000 жылы валюта бағамын қалыптастыру және ішкі валюта нарығының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін Қазақстандық банкаралық қор биржасы құрылды.
Теңге бағамының долларға және рубльге қатынасы Қазақстандық банкаралық қор биржасында валюталық интервенцияларды ескере отырып белгіленді. Ұлттық Банк “экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті түрде сату туралы” тәртіпті жасады.
Осы жылы теңгенің құнсыздануын тоқтатуға мүмкіндік болмады.
2001 жылы валютаны сатып алу-сату операцияларын бірте-бірте қысқартып отырды. Экономикадағы жағдайды ескере отырып валюталық бағам туралы, оның механизмдері мен құралдары туралы мәселелер қарастырылып бірегей (унификацияланған) қалқымалы бағамы қабылданды.
2001 жылы теңгенің жәй төмендеуімен байқалды, бұл теңгенің тұрақталуын білдіреді. Ұлттық Банкінің айырбас бағамын қалыптастырғанда тек интервенциямен ғана шектелді.
2002 жылы биржада Ұлттық Банк тек доллар бойынша интервецияларжасап отырды. Шілде айынан бастап Қазақстандық банкаралық қор биржасы Қазақстандық қор биржасына айналды. Теңгенің ресми бағамы биржалық және биржадан тыс нарықтың бағамының нәтижесімен аптасына бір рет белгіленіп отырды.
2002 жылы валюталық қауіп-қатерді хеджирлеу механизмі енгізілді.
2003 жылы құралдардың операциялық тәжірибесіне СВОП-операциялары енгізілді.
2003 жылы қыркүйек айында Қазақстандық қор биржасы Алматы қаржы құралдары биржасына айналды.
2004 жылы Ұлттық Банк реттелмелі қалқымалы айырбас бағамы саясатын әрі қарай жалғастырды. Теңгенің айырбас бағамын белгілігенде инфляция деңгейі, жалпы макроэкономикалық жағдай да ескерілді.
Ресейдегі қаржылық дағдарыс теңгенің тұрақтылығын бұзбады, бірақ бірте-бірте девальвациясына әкеле берді.
2004 жылы қазақстанның сауда әріптесі елдеріндегі, әсіресе Ресейдегі, ұлттық валюталарының құнсыздануы теңгенің қымбаттауына әсерін тигізді. Бағам жоғарлауының ел экономикасына теріс салдарын болдырмау үшін 2004 жылы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы теңгенің еркін айырбас бағамының режиміне көшу туралы мәлімдеме қабылдады.
Ұлттық Банк ішкі нарыққа қатысуын азайтып, бағаның күтілген тиімді шектен ауытқып кетпеуін бақылап отырумен шектелді.
2005 жылы валюталық реттеу және бақылау тетігі сыртқы және ішкі валюта нарығындағы жағдайды, жаңа қаржы құралдарының дамуын, инвестициялаудың шарттары мен жағдайларын ескере отырып жетілдірілді.
Экспорттық – импорттық валюта бақылауын жетілдіру жұмысы жалғасын тапты.
2005 жылы Ұллтық Банк еркін қалқымалы айырбас бағамын сақтап отырды.
2005 жылы айырбас бағам тұрақтылығымен байқалды.
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1. Қазақстанның ақша-несие саясатын жасаудың негізгі проблемалары және оларды шешу жолдары
Әлемдік экономикада және сыртқы қаржы мен тауарлы нарықтарда қолайлы жағдайлардың сақталуы 2004 жылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы мен елдің макроэкономикалық жағдайының жақсаруына себепші болды.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инфляцияның төменгі қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-несие саясатын жүргізді. Сонымен қатар жүргізіліп отырған саясаттың басымдықтардың бірі экономикалық өсу мен өндірісті кеңейтудің байқалған қарқынымен бірдей елдегі ақша ұсынысының ұлғаюы болды.
Соған сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы міндеттерді орындау шеңберінде бір жағынан бағаның өсуін шектеу саясатын, екінші жағынан, жанама реттеу құралдарын пайдалана отырып, ақша ұсынысын кеңейту мақсатында ақша-несие саясатын бірте-бірте жұмсартуды жүзеге асыруға тиіс еді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2004 жылы теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамын сақтай отырып, тұтастай алғанда қойылған міндеттерді орындады.
Макроэкономикалық жағдайдың жақсаруына көбінесе Ұлттық Банкінің жүргізген ақша-несие саясаты болды. Инфляция темпінің төмендеуі байқалды, ол жылдың аяғына 6.4% болды. Экономиканы бірте-бірте ақшамен қамтамасыз ету жұмыстары шешіліп жатты. Экономиканы монетизациялау деңгейі 17.3% болды. Айырбас бағамы саясатының саласында теңгенің аса сілтеп бағалауға мұрша берілмеді. Бұл қазақстандық тауарлырдың сыртқы нарықтарды бағалық бәсекелігін сақтауға қамтамасыз етті, сөйтіп импортты алмастыру салаларында және экспортқа бағытталған салаларда қозғалыс үрдістері байқалды.
Жыл бойына қайта қаржыландыру мөлшері 9%-ға төмендетілді, ол ТМД елдеріндегі ең төмен деңгей болып отырды. Әрине, сәйкесінше пайыздық саясат екінші деңгейдегі банкілерді банкілік несиелердің мөлшерлерін төмендетіп, оларды халыққа қол жеткізу мүмкінділігі арттыруға бағыттады.
Өкіметтің шотына түскен түсімдер мен Ұлттық Банкінің ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алуы Ұлттық Банкіге халықаралық қорларын 24.2%-ға 2.6 млрд.долларға көбейтуге мүмкіндік берді. Елдің халықаралық қорларын яғни Ұлттық Банкінің халықаралық қоллары және Ұлттық қордың ақшаларының сомасы 3.8 млрд.доллар болды.
Банкілік секторда сапалы жақсару болып тұрды. 2004 жылға Қазақстанда банкілер 48-ден 44-ке дейін қысқарды. 2004 жылы екінші деңгейдегі банкілердің халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасы жалғастырылды. 2004 жылы жоғарыда айтылғандай бағдарламаға сәйкес жұмыс істемеген банкілерді Ұлттық Банк несиелік серіктестіктерге қайта ұйымдастырып немесе күштеп ликвидация жұмыстарын жүргізді.
2005 жыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері экономикаға және қаржылық секторға жақсы әсерін тигізді. Экономиканың жоғарғы даму темпі байқалды.
Елдің валюта нарығы шетел валютасын көптеп ұсыну әсерінің астында қалды. Бұл біріншіден экспортерлердің валюталық түсімінен болды. Екіншіден шетел валютасының көп бөлігі қаржы Министрлігінің шотына «Байқоңыр» кешені үшін арендадан түскен салық төлемі ретінде келді.
2005 жылға орташа жылдық инфляция 8.4%-дан 5.9%-ға түсті, бұл Ұлттық Банкінің осы кезеңге белгілеген мақсаттарына сай келеді.
Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерін төмендетуі банкілік несиелер бойынша түсімнің азаюына әкеп соқтырды. 2005 жылы қайта қаржыландыру мөлшері 7.5%-ға дейін түсті және бұл ТМД елдерінің ішінде ең төменгі қарқын болып табылады. Заңды тұлғалардың несие бойынша пайыздық мөлшерлері ұлттық валютамен - 14.1%, шетел валютасымен – 12.3% болды.
Ұлттық Банк нақты секторды несиелеу жағдайын жақсарту бағытында жұмыстарды жалғастырып отырды. Осы мақсаттарды шешу үшін 2005 жылы заң жобаларының бірқатар пакеті жасалды, ол ипотекалық несиелеу мен микронесиелік ұйымдардың іскерлігін жақсарту үшін бағытталған еді.
KASE- нің ресми тізімін бағалы қағаздармен толтыру тенденциясы жалғастырылды, бұл KASE-нің капитализациялануын 49.8% -ға өсірді. 2006 жылдың ақпан айында МАККО атты жаңа муниципалдық облигацияның шығуын айта кеткен жөн.
Корпоративті бағалы қағаздар нарығының ары қарай дамуы үшін бірқатар нормативті-құқықтық актілердің қабылдануы жасалды.
“Бағалы қағаздар нарығы туралы” заң жобасы бағалы қағаздар нарығандағы субьектілердің іс-қимылын реттеу жүйксін әрі қарай дамыту үшін бағытталды.
Қаржылық нарықта потенциалды ірі инвестор – зейнетақы қорлары табылды болып. Ұлттық экономикаға зейнетақылық активтерінің инвестициясы отандық эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарға инвестиция ретінде көрсетілді. 2006 жылдың 1 ақпанына ұлттық экономикаға зейнетақылық қорлардың инвестициялары 37.3%-ды құрады.
2005 жылға банкілердің өзіндік капиталы 32%-ға өсті де 161 млрд.теңгеден асты. Ал банкілердің жиынтық активтері 40.3%-ға өсті де 1.1 трлн.теңгеден асты. Соңғы 6 жылда активтер 8 есе өсті. Ұлттық банк өз алдына қаржылық нарықтың барлы қатысушыларын бақылау үшін бір органның құрылуын бағдарлап отыр. Бірінші қадам қазіргі уақытта жасалды: ол барлық қаржылық институттардың іс-қимылын реттеуші және бақылаушы қызметі бірікті.
Сақтау ұйымдарының өзіндік капиталы 15.1%-ға өсте де 6.1 млрд.теңгені құрады. Ал жиынтық активтер 51.4%-ға өсті де 2005 жылдың аяғына қарай 22.4 млрд.теңгені құрады.
Бұл сақтау ұйымдарының негізгі көрсеткіштерінің өсуіне қармастан республиканың сақтандыру нарығы әлі де дамымаған. Оның себептеріне мыналарды жатқызуға болыды. Біріншіден халықтың сақтандыруда өте төмен қызығушылығы, екіншіден мемлекет тарапынан міндетті түрде сақтандыру қызметін бақылауы қажетті деңгейде емес.
Қазақстанның экономикасындағы жақсы тенденциясының сақталуына негізгі фактор болып табылатын әлемдік мұнай бағасының қолайлы коньюнктурада болғаны себепші. Мұнай бағаларының өсуі Таяу Шығыстағы саяси жағдайларға оның өте жоғары тәуелділігінде болды.
Әлемдік қаржы нарығында жаңа қолма-қол валюта – евроның пайда болуы Қазақстанның ішкі валюта нарығында соншалықты үлкен әсер берген жоқ. Өйткені еліміздің нарығы европа елдерімен тығыз байланыста емес. Біздің сыртқы оперцияларымыздың көбісі американдық доллармен байланысты. Алайда халық евроға қызығушылық танытып отырғандықтан, сонымен қатар валюта портфелін диверсификациялау мақсатында Ұлттық Банк евромен операциялар жүргізуде.
3.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары.
2005 жылдың алдын ала қорытындылары. Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы тұрақты дамуда. Бұған қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етуде.
2005 жылғы алдын ала бағалау бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы сауда айналымы 33,8% өсіп, 55,4 млрд. долларға жетті, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты – 34,5% өсіп, 30,4 млрд. долларға дейін жетті, ал тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты – 32,9% өсіп, 25,0 млрд. доллар болды.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 9,4% құрады. Өндірістің нақты көлемінің өсуі экономиканың барлық салаларында байқалады: өнеркәсіпте – 4,6%, ауыл шаруашылығында – 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік қызметін көрсету көлемі – 7,0%, байланыс қызметі – 27,7%, сауда – 9,3% көбейді. 2005 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 35,7% жетті.
2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда халықтың ақшалай кірісінің өсуі нақты көрсетуде 12,0% құрады. Осының салдарынан бөлшек тауар айналымының көлемі 2005 жылы 12,4% көбейді.
2005 жылы инфляция 7,5% жетті (2004 жылғы желтоқсанға қарағанда 2005 жылғы желтоқсан). Бірқатар алдыңғы жылдар бойы өсіп отырған инфляциялық қысым жағдайында инфляция салыстырмалы түрде алғанда жоғары емес тұрақты деңгейде – жыл аяғындағы есеппен 6-7% (2002 жылы – 6,6%, 2003 жылы – 6,8%, 2004 жылы – 6,7%) шегінде қалды.
2005 жылы азық-түлік тауарлары – 8,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,9%, ақылы қызмет көрсету – 8,0% қымбаттады. Баға газбен жабдықтауға – 34,5%, жемістер мен көкөніске – 23,1%, білім беру мекемелерінің қызмет көрсетулеріне – 19,5%, күрішке – 18,3%, сондай-ақ ет және ет өнімдеріне – 12,5% неғұрлым өскенін көрсетті.
Бірқатар факторлар, оның ішінде экономикалық белсенділіктің артуы 2005 жылы инфляциялық қысымның нығаюына ықпал етті. Жыл бойы әлемдік тауар нарықтарындағы қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына бағалардың өсуі сақталды. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда Brent сортты шикі мұнайға әлемдік бағалар 40,8%, табиғи газға – 42,5% өсті. Бұл ішкі нарықтағы тиісті тауарларға отандық өндірушілер бағаларының көтерілуіне алып келді.
2005 жылы мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жалғасты. Егер олар 2004 жылы ЖІӨ-ге 23,9% болса, 2005 жылы олар ЖІӨ-ге 27,9% дейін көбейді. Мұның өзі экономикалық белсенділікті ынталандырады, алайда инфляциялық қысымның ұлғаюына ықпал етеді.
2005 жылы халық кірістерінің өсуінен туындаған инфляциялық күтулер қосымша инфляциялық фактор болды.
2005 жылы өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағалары (2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2005 жылғы желтоқсан) 20,3% өсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің деректері іс жүзінде 2005 жыл бойы бағаның өсу үрдістерінің сақталғанын растайды (орташа алғанда сауал жүргізілген кәсіпорындардың 25% астамы дайын өнімге бағалардың тұрақты өсуін, 55% жуығы сатып алынатын шикізат пен материалдарға бағалардың өсуін күтуде).
Тұтыну бағаларының қалыптасуына кірістердің ұлғаюы мен экономикалық белсенділіктің артуымен көрінген ақшаға сұраныстың өсуі белгілі бір дәрежеде әсер етті.
Ақшаға сұраныстың өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2005 жылы ақша массасының 25,2% өсіп, 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылы– 69,8%) дейін көбеюі ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер 2005 жылы 74,7% өсті.
Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ өсуінің барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы монетизациялау деңгейінің 2004 жылдың соңындағы 28,1%-дан 2005 жылдың аяғында 27,7%-ға дейін өсуіне алып келді.
2005 жылы айналыстағы қолма-қол ақша 8,6% өсіп, 411,8 млрд. теңгеге жетті, ал 2004 жылдың тиісті кезеңінде өсу 59,0% құрады. 2005 жылы ақша базасы 14,7% 663,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2004 жылы – 82,3%). Ақша мультипликаторы 2005 жылы ақша базасының кеңею қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің озық қарқыны салдарынан 2,86-дан 3,12-ге дейін өсті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 2005 жылдың аяғында бір жыл ішінде 23,8% қысқарып, 7065,9 млн. долл. болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағалармен),Қазақстан РеспубликасыҰлттық қорының ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 8014,7 млн. доллар) 2005 жылы 4,7% ұлғайып, 15084,4 млн. долларды құрады.
2005 жылы артық өтімділік деңгейін төмендету үшін ақша-кредит саясатын күшейту шаралары қабылданды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 7%-дан 8%-ға дейін бірте-бірте көтерілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейтілді және резервтік активтердің тізбесі қысқартылды.
Ішкі валюта нарығында сұраныстың ұсыныстан шамалы ғана асып кетуі 2005 жылы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша 2,9% номиналдық құнсыздануына алып келді (биржалық бағам бойынша). Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына өзінің қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді.
Ақша-кредит саясатының инфляцияға әсерін күшейту үшін ақша-кредит саясатының құралдары жетілдірілді. Мәселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап депозиттік және кредиттік операциялар, қысқа мерзімді ноталарды шығару, репо операциялары сияқты ақша-кредит саясатының жекелеген операцияларының мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжайтын ақша-кредиттік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Бірегейлендіру нәтижелерін күшейту үшін «овернайт», «овердрафт» заемдарын беру және тікелей репо операцияларын жүргізу уақытша тоқтатылды.
Қысқа мерзімді ноталар эмиссиясының көлемі 3,5 есе ұлғайған кезде (1960,2 млрд. теңге) олардың айналыстағы көлемі 2005 жылы 396 млрд. теңгеден 161 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығарылатын ноталардың айналыс мерзімдерінің айтарлықтай қысқаруына байланысты (2004 жылы орташа алғанда 243 күннен 2005 жылы орташа алғанда 30 күнге дейін).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді тарту көлемі 2005 жылы 3,4 есе 2627,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің олар бойынша өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 10,3% 78,8 млрд. теңгеден 86,9 млрд. теңгеге дейін өсті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығына жету жөніндегі қабылдаған шараларына қарамастан, инфляция бір жылда орташа есеппен алғанда 2005 жылға арналған мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6% құрады.
Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясатының 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарын әзірледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.
Тиісінше инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларды негізге ала отырып, ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамдарын құруды болжайды.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы 2006 жылы іске асыруға белгіленген шараларды нақтылай отырып, тұтастай алғанда үш жылға (2006-2008 жылдар) берілген, бұл осы құжаттың орташа мерзімді бағытын атап көрсетеді. Келесі жылдарға көрсеткіштер ағымдағы жылдың соңында нақтыланатын болады.
2006-2008 жылдарға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екі сценарийлік нұсқаны қарастырды. Сценарийлік нұсқаларға бөлудің өлшемі мұнайға әлемдік бағалардың деңгейі болып табылады (қалыпты бағалар сценарийі және жоғары бағалар сценарийі). Мұнайға төмен әлемдік бағалардың сценарийін нарықта бағаның күрт төмендеу мүмкіндігі қысқа мерзімді болашақта барынша төмен болғандықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарастырмайды.
Қарастырылып отырған сценарийлік нұсқаларда экономикалық өсудің жоғары қарқыны, макроэкономикалық тұрақтылық және қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктураның сақталуы болжанады.
Соңғы жылдардың тәжірибесі сыртқы қарыз алу көлемдерінің ақша-кредит саясатына айтарлықтай ықпалын көрсетіп отыр. Бұл фактор ақша кредит саясатын жүргізген кезде маңызды факторлардың бірі болып қала береді. Мұның өзі банктер мен кәсіпорындардың сыртқы қарыз алу көлемдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы пайыздық ставкаларына қарамастан айтарлықтай болатынына байланысты.
Есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу тетігінің өзгерістері есепке алынбады, олар 2006 жылдың екінші жартыжылдығында орын алады.
Болжамдарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігі үлгісінің нәтижелері пайдаланылды.
Мұнайға қалыпты бағалар сценарийі 2006-2008 жылдары «Брент» сортты мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 45-60 доллар шегінде қалғанда, әлемдік пайыздық ставкалар шамамен ағымдағы деңгейде сақталады деп болжайды. Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары экономиканың орташа жылдық өсуі 8-9%, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері – 12-38%, ақша массасы – 24-35%, ақша базасы – 20-42% шегінде күтіледі. Экономиканы монетизациялау деңгейі 2006 жылғы 32%-дан 2008 жылы 38%-ға дейін өседі.
Мұнайға жоғары бағалар сценарийі алдағы үш жылдық кезеңде мұнайдың әлемдік бағасының одан әрі өсуін болжайды. Осы сценарий бойынша «Брент» сортты мұнайдың орташа әлемдік бағасы бір баррель үшін 65 доллардан асып түседі деп күтіледі. Мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда әлемдік пайыздық ставкалардың неғұрлым төменгі деңгейіне жету болжанады. Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда экономиканың барынша жоғары орташа жылдық өсуі күтілуде. Халықаралық резервтердің, ақша агрегаттарының өсу болжамы мұнайға қалыпты бағалар сценарийіне қарағанда орташа алғанда 7-12 пайыздық тармаққа жоғары болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты мұнайға қалыпты бағалар сценарийін іске асыру кезінде инфляцияны 5,7-7,3% шегінде және мұнайға жоғары бағалардың сценарийін іске асыру кезінде – 6,9-8,5% шегінде ұстау болады.
Екі сценарийдің ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайға қалыпты бағалардың сценарийін барынша шынайы деп есептейді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірқатар шараларды, оның ішінде ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл сценарийге қарамастан шетелдік капиталдың айтарлықтай келуі, ішкі қаржы нарығында өтімділіктің артық болуы, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жағдайларында инфляциялық қысымның сақталуы болжанатынына байланысты.
Мұнайға жоғары бағалар сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-кредит саясатының шаралары көп дәрежеде қатаңдатылуы мүмкін.
Ақша-кредит саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006-2008 жылдары ақша-кредит операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан әрі күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға және инфляцияның деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, реттеп отырады. Неғұрлым маңызды мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын болады, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, академиялық топтардың, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері қатысады.
Қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды айқындайды. Қысқа мерзімді ноталарды шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша «қисық кірістілікті» қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақының нарықтық ставкаларына әсерін ставкалардың дәлізін (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) белгілеу арқылы арттыру жұмысы жалғастырылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде қайтарылуына Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің үлгісі жетілдіріледі, ол ақша-кредит саясаты құралдарының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Артық өтімділік проблемасының өткірлігін төмендету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің нормативтерді сақтауға тиіс міндеттемелерін кеңейту арқылы ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр.
Өтімділікті шектеу бойынша көзделген шараларға қарамастан, ақша ұсынысы экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынын қамтамасыз ететін болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта бағамының қысқа мерзімді және алып-сатарлық ауытқулары салдарын әлсірету мақсатында ғана валюта бағамын қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып, қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай өзгермелі айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамның ауытқуы ақшаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы ағындарына мониторинг жүзеге асырылады.
Қаржылық емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және бағыттарын, қалыптасқан экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігі деңгейін және капитал тарту қажеттілігін, кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын бағалау мақсатында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Инфляцияны ұстау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен іс-әрекеттерін күшейтуді талап етеді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындаҚазақстанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған саясат жалғасады. Сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттық база жетілдіріледі, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің рұқсат етілген тәртібінен жүйелі мониторинг және селективті бақылау жүйесіне тиімді өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру, тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады. Осы жүйеге техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің операторларын, провайдерлерін, сондай-ақ төлем жүйелері пайдаланушыларын бақылау және қадағалау жүйелері кіреді. Төлем жүйелерін жоғары ақпарат технологияларымен және алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтауға айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Төлем жүйелерінің үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жаңа резервтік орталықты құру жөніндегі жұмыс жүргізіледі.
Қолма-қол ақша айналысы саласында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа енгізеді, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты болып отыр. Банкноталарда жаңа қорғау және машина оқитын элементтер болады.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.
Ақша-кредит саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканың әлсіз факторларын ашатын Қаржылық тұрақтылық туралы есепті дайындау жұмысын жүргізеді.
Халықаралық қаржылық ұйымдармен (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары) белсенді ынтымақтастық жалғастырылады.
Интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру, ЕурАзЭҚ-на мүше елдердің интеграцияланған валюта нарығын құру, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) қалыптастыру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына қатысу жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
4-Кесте. Ақша-кредит саясатының 2006 - 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы (мұнайға қалыпты бағалар сценарийі) кезең аяғында
2005 | 2006 | 2007 | 2008 | |
Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), % | 7,6 | 5,7-7,3 | 5,0-7,0 | 5,0-7,0 |
Қайта қаржыландыру ставкасы, % | 8,0 | 8,0 | 7,5 | 7,5 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтері, млрд. АҚШ долл. | 7,1 | 9,7 | 11,2 | 12,5 |
өзгеруі %-бен | -23,8 | 37,7 | 15,4 | 11,7 |
Ақша базасы, млрд. теңге | 663 | 939 | 1184 | 1416 |
өзгеруі %-бен | 14,7 | 41,7 | 26,1 | 19,6 |
Ақша массасы, млрд. теңге | 2065 | 2789 | 3561 | 4413 |
өзгеруі %-бен | 25,2 | 35,0 | 27,7 | 23,9 |
Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге | 1654 | 2228 | 2830 | 3525 |
өзгеруі %-бен | 30,1 | 34,7 | 27,0 | 24,6 |
Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге | 2592 | 3676 | 4782 | 6028 |
өзгеруі % - бен | 74,7 | 41,8 | 30,1 | 26,1 |
Ескрту-Автормен құрастырылған: www.nationalbank.kz мәліметтер негізінде алынған. |
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізуде өте қиын жолдардан өтті, алайда осы жүргізген тиімді саясатының арқасында еліміз қысқа уақыт мерзімде экономиканың құлдырау кезеңінен шыға алды десек те болады. Осы ақша-несие саясатының тарихын ескере отырып, негізгі принциптерін қолдана отырып тиімді басқару көптеген мәселелерді талқылауды қажет етеді.
Ақша-несие саясаты – монетаризм принциптеріне негізделіп фискалды саясатты толықтыра жүргізіліп экономикалық коньюнктураның жіңішке бағдаршысы болып табылады. Ақша-несие саясаты коммерциялық банкілерге тек жанама әсер ете алады және оларды несиелерін тікелей ұлғайту немесе азайтқыза алмайды.
Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді.
Ақша-несие саясатының негізгі тартушысы елдің орталық банкі екені түсінікті, ол қазіргі уақытта ақша-несиелік реттеудің төрт негізгі құралын өте белсенді пайдаланады: олар коммерциялық банкілерді қайта қаржыландыру көлемін реттеу, резервтік талаптар саясаты, ашық нарықтағы операциялар және несиелеуді шектеу.
Ақша-несие саясаты экономикалық саясаттың тек бір элементі болып келеді. Демек, оның стратегиялық мақсаттары елдің жоғарғы органдарымен анықталатын глобальды стратегияның бір бөлімі болып келеді. Жүйенің бір элементі болып ақша-несие саясаты тек қана анықталған жалпы мақсатқа жетуге жағдай жасайды. Өз алдына ол қажетті нәтижелерге жеткізуге мүмкіндігі жоқ.
Ақша-несие саясатының теориясы бойынша жүйелі түрде екі ірі мектепті бөліп көрсеткені өзімізге белгілі – кейнсиандық және монетарлық мектептер. Егер де кейнсиандықтар ақша - несие саясатын рольді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары бағалауды нақты қолдайды. Олардың арасындағы келіспеушілік әртүрлі методологиямен шартталған – біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері – барлық нәтижелер кешенінің негізіндегі тиімділік туралы айтады.
Қазіргі ақша-несие саясаты көбінесе “ағымға қарсы жүзуді” көрсететін сияқты, ол депрессия кезінде іскерлік белсенділікті жандандыруға және коньюнктураның қызуын болдыртпау үшін экономикалық өсуді тұрақтандыруға бағытталады.
Осы мақсаттарға жету үшін ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану жеткілікті түрде өте жылдам нәтижелер береді. Алайда бұл нәтижелерді ешкім алдын-ала кепілдей алмайды, өйткені коммерциялық банкілердің қосымша резервтерінен босау кезінде ешкім оларды осы резервтерді қарыз беру үшін күштей алмайды.
Банкілік секторды қарастырғанда, монетарлық саясатты табысты орындау мақсатында жаңа банкілерді, олардың барлық деңгейдегі филиалдары мен бөлімдерін жасау, экономикалық мақсаттылық және нәтижелілік принцибімен банкілік қызмет бағыттарын таңдау, ерекше экономикалық әдістермен банкілердің мінез-құлқын реттеуді қамсыздандыру процесі демократизациялануға тиісті. Екі деңгейлік құрылымның нәтижелі жұмыс жасауына сенімді кепіл пассивтер, клиентура, қорлардың пайдалы орналастырылуы үшін бәсекелес шарттарының теңдігі болып табылады. Орталық банкі бірыңғай ақша-несие саясатын жасап, ақша айналымын және екінші деңгей банкілерінің қызметін белгілі дүниежүзілік тәжірибедегі әдістердің көмегімен реттейді.
Нарықтық сипатындағы құралдардың мәнінде орталық банкінің ұлттық несие жүйесіне ақша нарығы мен капитал нарығында белгілі бір жағдайларды құрастыру жолымен әсер етуді айтады.
Соңғы он жыл ішінде өндірісі дамыған елдерде экономикалық реттеу процесінде нарықтық әдістерді пайдалану ұмтылысы анық көрініп жүр. Дәл солай көптеген Европа елдерінде капиталдың қозғалысы либерализацияланып, ашық нарықта операциялардың қолданылуы кең өріс алып отыр.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының түрақтылығын: оның еліміздегі сатып алушылық қабілетінің болуын және жетекші шетел валюталарына қатынасы бойынша бағамын камтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық Банкінің басты мақсаты инфляция деңгейін төмендету болып табылады, ол да әрине ақша массасының деңгейіне тәуелді болып табылады.
Соған сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы міндеттерді орындау шеңберінде бір жағынан бағаның өсуін шектеу саясатын, екінші жағынан, жанама реттеу құралдарын пайдалана отырып, ақша ұсынысын кеңейту мақсатында ақша-несие саясатын бірте-бірте жұмсартуды жүзеге асыруға тиіс еді.
Ұлттық Банкінің тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген іс-қимылдары, реформалары алдын-ала талқыланып, шешілген шешімдер екені өзімізге белгілі. Алғашқы жылдардан бері қарай экономикада жақсы өзгерістер болғаны байқалады. Инфляцияның және қайта қаржыландыру мөлшерінің деңгейлері бірте-бірте төмен түсті.
Оған мысал кризис кезеңінде қаржы нарықтарында глобальді өзгерулердің себебінен елдің төлем балансының нашарлауына әкеп соқтырды. Өзінің негативті ролін елдің шикізатқа бағытталуы себепкер болды. Ұлттық Банкінің жүргізген ақша-несие саясаты арқылы елдің қаржылық нарығында жағдай біршама дұрысталды.
Ұлттық Банкінің қызметі дамыған экономикасы бар елдердің орталық банкілерінің қызметіне жақындатылды.
Жалпы қазіргі кезде Қазақстан экономикасының хал-ахуалы біршама жақсарғаннан кейін ақша-несие саясатын жүргізу жаңа дамыған деңгейге жетті. Ақша-несие саясатын жасауда жаңа құралдар мен механизмдер пайда болды. Осының барлығы елдің экономикасының тұрақталуында кішкене болса да әсер етті.
Біздің ойымызша Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру үшін осы жаңадан шығып жатқан құралдарды пайдаланып, оны әрі қарай кеңінен дамытып отыру керек. Еліміздің халық хал-ауқаты әр-түрлі деңгейде екені өзімізге белгілі, осы проблеманы шешу әрине қиынға соғады. Сондықтан да алдыңғы қатарлы, нарықтық экономикасы жоғары дамыған мемлекетке айналу үшін толыққанды, жан-жақты қарастырылған жұмыс жасау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” заңы, 30.03.95ж.
- “Банк және банк қызметі туралы” заңы, 31.08.95ж.
- Указ Президента РК об утверждений отчета НацБанка РК за 2005 год.
- Постановление Правления Национального Банка РК № 518 от 8 декабря 2003 г.
- Постановление Совета Директоров Национального Банка РК от 30.01.03г.№ 58.
- Постановление Правительства Республики Казахстан от 26.12.05г. № 1370.
- Постановление Правления Национального Банка РК 3 августа 2004 года № 300 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях».
- Дж. Доллан, Колин Д.Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл, «Деньги. банковское дело и денежно-кредитная политика». Москва–Санкт-Петербург 1993г.
- Ұлттық Банкінің жылдық есеп беруі (2004-2005 жылдар).
- Б.К. Иришев «Денежно-кредитная политика: концепция и механизм» , Алматы, «Ғылым», 1990г.
- Р.М. Нуреев «Деньги, банки и денжно-кредитная политика», Москва, АО «Финстатинформ», 1995г.
- “Общая теория денег и кредита”, под редакцией проф. Е.Ф. Жукова.-М. Банки и биржи,1995г.
- Казаков А.А.,Минаев Н.В. «Экономика» Учебное пособие.М.,«Тендем» 1998 г.
- Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. «Экономика» М. «Дело» 1993 г.
- П.Самуэльсон "Экономика" , М. 1992 г.
- Куликов А.Г. и др. "Кредиты и инвестиции" "Приор", М.1994 г.
- Макконелл К.Р., Брю С.Л. - Экономикс 2 т. М.: Республика, 1992 год
- А.А. Шустров «Европейский центральный банк: инструменты денежно-кредитной политики», Деньги и кредит, №2, 2000 г.
- Статистический бюллетень НацБанка РК, ноябрь 2000 г., №11.
- Д. Акишев, Н. Дюгай, К. Дандыбаева, Е. Жамаубаев, К. Баймухамбетов Финансовый рынок Казахстана в 1 квартале 1999г. //Экономическое обозрение, май 1999 г., выпуск 2, Национальный банк РК.
- //Альпари 1999, №3 (стр.3). “Тенге имеет склонность к укреплению”.
- //Банки Казахстана 2004, №6 (стр. 43-49). “О денежно-кредитной политике”.
- //Банки Казахстана 2002, №10 (стр. 41). “Основные инструменты денежно-кредитной политики”.
- //Банки Казахстана 2004, №5 (с 5-25).
- //Экономическое обозрение, май 1999 г., выпуск 2, Национальный банк РК. Я.А. Аубакиров В.А. Бахарев, И.В. Панченко, Е.К. Канатбаев «История развития денежно-кредитных отношений в Казахстане»
- //Егемен Қазақстан. 2002, 12 нарурыз. “Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы”.
- //Егемен Қазақстан. 2005, 27 ақпан. “ҚҰБ-нің ақша-несие саясатының бағыттары”.
- //Егемен Қазақстан. 2005, 15 желтоқсан. ҚҰБ-нің 2006-2008 жылға ақша-несие саясатының бағыттары”.
- //Түркістан 2004, 11 наурыз. “Инфляция төмендеді, резервтер өсті”.
- //Түркістан 2004, 14 сәуір. “Ұлттық Банкінің саясаты ел мүддесін қорғай алды ма”.
- //Казахстанская Правда 2002, 24 апреля.
- //Казахстанская Правда 2002, 25 июня. “От активных реформ к этапу устойчивого развития”
- //Казахстанская Правда 2002, 17 января (с6) “Крепкий банк”.
- //Бухгалтер и налоги 2003, №1 (с 28-29).
- //Вестник НацБанка РК 2000, №10 (с 17-30). “Ставки учета за прошедший год”.
- //Панорама 2004, №6 (с7). “О чем думает Национальный Банк”.
- //Панорама 2002, 22 февраля (с7). “Лучшая банковская система в СНГ”.
- //Панорама 2005, 8 марта (с7). “Процентные ставки на 2005 год”.
- Рынок ценных бумаг 2004, №7 (с36-43). “Ноты используемые в денежно-кредитной политике”.
- Қазақстан Ұлттық Банкінің сайты, www.nationalbank.kz