Біздің елімізде “Қазақстан -2030” атты ұзақ мерзімді стратегиялық экономикалық даму бағдарламасы бар және де орта мерзімдік, он жылдық даму жоспары сәтті жүзеге асырылып ол ойдағыдай жақсы қарқынмен ілгері дамып келеді. Әсіресе осы соңғы жылдары Қазақстанда нарықтық қатнастар жақсы дамып мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған ұтымды инвестициялық саясаттың нәтижесінде еліміз жақсы экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейі нақты көтеріле түскендігі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр.
Үстіміздегі онжылдықта әлеуметтік –экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып кедейшілік пен жұмысыздық проблемасын шешу басты мақсат етіп белгіленіп отыр. Осыған орай экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрленудің барынша жоғары қарқынына жету осы бағыттағы басты міндеттер болып белгіленуде. Осыған орай экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету осы бағыттағы басты міндеттер болып белгіленуде. Әрине, сөзсіз бұл Қазақстанда инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты екендігі рас.
1. Инвестиция ұғымы және оның Қазақстан экономикасындағы маңызы мен мәні
“Инвестициялар” деген ұғым ағылшын тілінен аударылған (іnvestment) “капитал салу” деген мағына береді. Көп авторлардың айтуы бойынша бұл терминдер орыс тілінде синоним ретінде ( яғни бір мағынадағы сөздер ретінде) қарастырылады. Қазақ тілінде де, дәл осындай түсінік қалыптасқан. Экономикалық әдебиеттерде “капитал салу” (капиталдық шығындар) ұғымы жаңа кәсіпорындарды құру, істеп тұрған үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылысқа (өндірістік емес капиталдық шығындар) жұмсалатын қаржы құралдары ретінде айқындалады[1].
Мәселен, кең ұғымда экономикалық әдебиеттерде “қаражат салу” түсінігінің анықтамасы берілген-әрекет етіп кәсіпорындарды қайта салу, техникалық кеңейту, ұлғайту және жаңа кәсіпорындарды салу үшін (өндірістен қаражат салу) жұмсалатын қаржылар, сонымен қатар, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени –тұрмыстық құрылыстар салу үшін өндірістік емес, қаражат салу) жұмсалатын қаржылар деген. Яғни, қаражат салу дегеніміз – негізгі қорлардың туындауына, кеңеюіне және дамуына мақсатталған шығындар. Инвестиция ұғымына Дж.Кейнс келесідей анықтама береді. “Нақты кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған капиталды мүлік бағалығының ағымды түрде өсуі” немесе, нақты кезеңдегі кірістің тұтынылған бөлігі. Ал, Массе пікірі бойынша, “инвестицияланылған игіліктің көмегімен бүгінгі күшті қажеттілікті қанағаттандыруды күтілетін болашақтағы нәтижеге алмастыру актісі иевестициялау болып табылады” деген. Осы жалпы анықтама капитал салу актісіне сәйкестендіруге болады.
Х.Г. Лобесс анықтамасы бойынша: “инвестиция деп - өндірістік күшті құру үшін тірі еңбек күшін пайдалану процесі, осының көмегімен өндіріс процесінде тірі еңбек күшінің маңыздылығын өсіреді”[2]
Жоғарыда айтылған анықтамаларды сарай келіп, осы күрделі экономикалық ұғымның епекше белгілерін айта кетейік. Ерекше белгісі ретінде қаржы-қаражат танылады, осы қаржы-қаражаттың қозғалысын инвестициялық құралдардың заттарға және еңбек құралдарына шығындалуын, сонымен қатар, материалдық және рухани игілік өндірісіне салынған еңбек ретінде қарастыратын процесс есебінде тануға болады.
“Капитал” инвестициясы - өндірістік қызметтің нақты кезеңдегі тұтынылатын жинақталған және қолданылмаған кіріс бөлігі және ол өндіріске қайта салынуы тиіс, осындай жағдаймен бұл процесс бірнеше рет қайталанып тұрады.
Осыған сәйкес, инвестиция дегеніміз - өндірістің барлық факторларын кешенді түрде біріктіріп тұратын инвестициялық процесс, яғни әлеуметтік-экономикалық заңдылық.
Егер жоғарырақ көрсетілген ережелерге сүйенсек (В.М.Шумиловтың "капитал салу" және "инвестициялар" термиңдеріне беретін анықтамаларын караңыз), тікелей инвестициялар деп “тар” мағынадағы (тек экономикалық мағынадағы) капитал салуды тұсінуіміз керек. Яғни, мүндай жағдайда тикелей инвестицияларға кәсіпорындардың айналымдағы кұралдарына салынатын салымдар жатпайды. Ал, шетелдік инвестициялардың неізгі капиталға да, айналымдағы капиталға да салынуы мүмкін екенін ескерсек бұл дефиницияны (аныктаманы) әлі де жетілдіру кажеттігі сөзсіз түсінікті болады. Бұл жағдайда капиталдың негізгі не айналымдағы құралдарға салынуы маңызды болып табылмайды. Осыған негізделе отырып, тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заң бойынша тікелей инвестициялардың дефинициясына сүйенсек, шешіміне әсерін тигізе алатын қазақстандык занды тұлғаның айналымдағы кұралдарына жасалған салымдар тікелей инвестиция болып табылмайды. Сонымен, тікелей инвестицияларды ұғымының нақты түсінігін беру мәселесі заңдарымызда әлі де шешімін таппай отыр.
Бұған қоса, тікелей инвестициялар ұғымы заңда нақтыланбаған кезде, портфельдік инвестицияларды - инвестициялардың барлық басқа түрлері деп аныктауды логикаға жатқызу қиын.
“Инвестор” түсінігі туралы айтып кетейік.
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтарындағы “Инвестициялар туралы” жаңа заңы “инвестиция” ұғымына келесідей түсінік береді: Инвистиция болып табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүлікті және санаткерлік қазыналардың барлық түрі танылады.
"Инвестиция" ұғымының анықамасы халықарлық шарттар мәтінін де көрініс тапқан. Мысал ретінде, 1959 жылғы 25 қарашадағы ФРГ мен Пакистанның арасындағы "Инвестицияларды қорғау және марапаттау туралы" шартты айтуға болады. Осы шарт бойынша, Инвестиция әр түлі нысандағы капиталдың бір мемлекеттің территориясынан келесі мемлекетке инвестициялануы[3].
Жоғарыда айтылған анықтамалардан көретініміз, меншіктің "шетел инвестицияларынын" негізгі элементі ретінде танылды. Көптеген ғалымдар мен мамандар қазіргі уақытта осы пікірді ұстанады.
Шетелдік меншік ұғымының түсінігі Қазақстанның екі жақты шарттарында көрініс тапқан. ҚР-сы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы "Қаражат салуды өзара қорғау мен марапаттау туралы" 1992 ж. 22 қыркүйектегі шарттың 1 бабына сәйкес, барлық мүліктік және өзге қазыналар түрлері:
а) жылжитын және жылжымайтын зат түріндегі меншік, және кепілдік құқығы және ипотекалык құқық сияқты өзге мүліктік құқықтар;
б) іскерлік қатысуға құқықтық және өзге де нысандағы компанияларға қатысу;
в) экономикалық бағалығы бар қызмет көрсету немесе экономикалық бағалықты құру үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары бойынша талап ету құқығы;
г) санаткерлік меншік құқығы; авторлық құқық, патенттер, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер және модельдер және тауарлық белгілер, фирмалық атаулар, өндірістік және коммерциялық құпиялар “ноу-хау” технологиясы;
д) концессиялар, табиғи ресурстарды өндіру және барлау концессиялары;
Инвестицияны әр түрлі нысандағы және түрдегі меншік ретінде танығаннан кейін, мемлекет меншік иелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғайтын экономикалық нормаларды белгілеуі қажет.
Осы жағдайға байланысты "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған болатын. Сондай-ақ оған дейін елімізде "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңы қабылданғаны да белгілі. Осы екі негізгі заң өзгі заңдармен кешенді түрде жалпы ұлттық режимді құрайды.
Инвестициялык саясат экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырушы басты тетік болып табылады, яғни экономикалық проблемаларды шешеді, ғылыми және техниканың дамуын көздейді, халықты жұмыспен қамтамасыз етуін жүзеге асырады[4].
Инвестициялық климатқа әсерін тигізетін экономикалық факторларға экономиканың жалпы жағдайын, елдің валюталық, несиелік және қаржылық жүйелеріндегі жағдайды, кеден режимін, жұмыс күшін пайдалану режимін (оның құнын, біліктілік деңгейін, жұмыс жасау өнімділігін) жатқызуға болар еді. Әлеуметтік факторлар қатарына қоғамның жеке меншік пен шетелдік инвестицияларға көзқарасын, қоғамда ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық сауалдары бойынша әлеуметтік және саяси келісімділіктің болуын жатқызамыз[5].
Осы соңғы он жылдың аралығында Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік басқаруға негізделген жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға көшкелі бұл салада аталған елдің экономикасында тың өзгерістер орын алғаны белгілі. Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесінде тәуелсіздік алған бұл жас мемлекет Қазақстан үшін, әрине тарихи тұрғыдан бағалағанда бұл он жыл тым аз ғана уақыт болып табылғанмен, алайда осы аз ғана уақыт аралығында Қазақстан Республикасында қоғамдық формация ғана өзгеріп қоймай, сондай-ақ бұл елдің экономикасы бұрынғыдан мүлдем басқаша жаңа принципке негізделіп, жаңаша жұмыс жасай бастады деп айтуға болады.
Бүгін қойнауы мұнайға бай Қазақстан Республикасында мемлекет экономикасы аса жоғары қарқынмен даму үстінде деп айтуға болады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік ретеудің маңызы нарық жағдайында да өзінің өзектілігін, яғни актуальдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады. Себебі мемлекет барлық жағдайда да бұл елдің экономикалық дамыуының негізгі бағыттарын айқындап, әсіресе стратегиялық макроэкономикалық бағытта алдын-ала дұрыс жоспарлау жасап отыруға мүмкіндек береді. Міне осы тұрғыдан алғанда шетел инвестициясын тартудың және оны тиімді пайдаланудың аса жоғары стратегиялық мәні мен маңызы зор. Әсіресе осы орайда мемлекеттің ұстанған инвестициялық саясаты мен осы инвестицияны ұтымды реттеудің экономикалық және саяси мәні айрықша болып табылады.
Оның ішінде:
-жылжитын және жылжымайтын мүліктік экономикалық, импорттаған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары;
-акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзара нысандары;
- облигациялар мен басқа да борыштық міндеттемелер;
-ақша салаларын, тауарларды, қызмет көрсету және инвестицияларға байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету;
- авторлық құқықтарды, патенттерді, тауарлық белгілерді өнеркәсіп үлгілерін, технологиялық процестерді, ноу-хауды, норматива, техникалық, сәулеттік, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы қоса, санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтық қызмет;
- қызметті жүзеге асыру үшін лицензияға негізделген немесе мемлекеттік орган өзара нысанда берген кез келген құқық.
Сонымен бірге, заңда "шетел инвестициялық" түсінігі берілген, "ҚР-ның заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар және ҚР-ның заңды тұлғаларына кредит беру".
Мәселен, Қазақстандық экономистердің мәлеметтері бойынша, Салық пен инвестициялардың Халыкаралық орталығы батыс инвесторлары арасында өткізген әлеуметтік сұрау кезінде қазақстандық нарыққа (рыноққа) деген олардың қызығушылығы белгілі болды. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға әсер ететін стратегиялык факторлар арасында бірінші орында тұрғандары — ірі нарықтық потенциал мен табиғи ресурстар екені анықталады. Осы факторлар дүние жұзінде іскерлік сипаттағы негізгі жағдайлар болып есептеледі[6]. Басқа факторлардың да маңыздылығы жоғары, мысалы, жұмыс күшінің арзан болуы (салыстыру үшін текстиль саласындағы жүмысшылардың бір сағаттық еңбек ақысы Швецияда — 18,59 долларды, Италияда — 13,96; Францияда — 10,41; Тайваньда — 3,53; ал, Литвада — 0,26 долларды кұрайды)[7]. Осы сандар қазақстандык жұмыс күшінің де бәсекелестік деңгейін көрсетеді, бұл болса инвестицияларды тартудың косымша факторы.
Инвестициялардың келуіне үлкен кедергі жасайтын жайттар арасында шетелдік инвесторлар бюрократияны, қаржылық қауіпті, салықтық (қаржылық) режимді және құқықтық инфрақұрылымды (яғни, экономикалық саласындағы өзгерістер жылдамдығын) атайды[8].
Жалпы жеке ішкі кәсіпке капитал салу кейбір анықтамаларды қажет етеді. Біріншіден, оқулықта инвестиция негізгі капиталға қосымшаны білдіреді. Gепеrаl Моtогs-тың акциясын, облигациясын сатып алу кірмейді. Іс жүзінде инвестицияға үй, зауыт, фабрикалар, мекемелер құрылыстары және фирмалардын қолдағы тауарларының қосымшасы жатады.
Егер біз инвестицияны болашақта экономиканың өнім өндіру қабілетін арттыратын ағымдағы белсенділік деп ойласақ, онда біз бұған тек қана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да енгіземіз. Адамзат капиталы дегеніміз— жұмыс күшіне қажетті білімділік пен қабілеттілік. Білім адамзат капиталындағы инвестицияға жатады[9].
Шығынды тұтыну немесе инвестиция ретінде топтастыру — келісім мәселесі. Экономикалық жағынан қарағанда шаруашылықтың сұйық май қорын арттыруы мен бақал дүкенінің сол жүмысты атқаруының арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Дегенмен ұлттық табыс есебінде жеке адамның сатып алуы жеке тұтыну шығынына жатады, ал дүкенің сатып алуы тауар қорларына капитал салу болып табылады. Мұндай шектен тыс жағдай кеадесетіндіктен, көз мөлшермен былай деуге болады: Инвестиция — кәсіби сектордың негізгі капиталға қосымшасы, оған коса ол тауар қорларымен тығыз байланысты[10].
Кәсіпкерлікке капитал инвестициялау бизнес секторына қосымша қаражат шығындауға байланысты. Шаруашылық шығынын тұтыну шығыны деп есептеуге болады. Мысалы, шаруашылықтардың автомобиль сатып алуын қалай қараймыз?
Бұл ұзақ мерзімді пайдаланатын тауар болғандықтан, автомобиль сатып алуды біз кәсіпкерлікке капитал инвестициялар салынды деп ұғынуымыз керек. Және ол тұтыну шығынына жатады. Ұзақ пайдаланатын заттардың (автомобиль, тоңазытқыш) және басқа сатып алынатын заттардың сомасы бұдан басқаша[11].
- Қазақстан экономикасындағы шет елдік инвестициялар мен компаниялар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік инвестициялық саясат жалпы ТМД елдері арасындағы ең озық әрі оң нәтижелісі деп айтуға толық негіз бар. Міне осы таяу уақытта Қазақстанда арнайы инвестициялық қор құрылатын болады, бұл әрине біздің елімізде инвестициялық саясаттың жаңа да сапалы жоғары сатыға көтерілгендігіне куә болары рас. Бұл қордың капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуді көздеуде.
Қазақстан Республикасы экономикалық өсімнің жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізу керек. Соның ішінде мемлекеттік инвестицияларды 2-ден 4 пайызға дейін өсіру қажет.
Мемлекеттік инвестициялар
Индустриялық-инновациялық бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында:
- Даму банкітің жарғылық қапиталын ұлғайтуға жөне оның кредиттік жадығатын молықтыруға - 12 миллиард тенге;
- құрылатын Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капиталына - 23 миллиард тенге;
- құрылатын Инноваңиялық қорға - 3 миллиард тенге;
- Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін — 7,7 миллиард тенге жіберілуі керек.
Астананы дамыту Астананы еліміздің орталығына көшірудің стратегиялық қажеттігі мен тиімділігі және оны осы заманғы үлгіде абаттандыру керектігі бүгінгі танда бір кездегідей ешкімның күмән-күдігін туғызбасы анық.
Бас қаламыздың сәулет сүңғатын келісті ету жөніндегі жасампаздық жоспарларды іске асыруды қолға алған, бұл істі аяқсыз қалдырып, ақырына дейін жеткізукерек.
Еліміздің жаңа астанасын салудың экономикалық, саяси және әлеуметтік тиімділігі өте маңызды. Астана қаласын салу мең дамытуды қолға алған жылдардың ішінде оны абаттандыруға әртүрлі көздерден шамамен 2,5 миллиард доллар жұмсалып, мұның өзі еліміздің экономикалық өсуіне, өндірісті жандандыруға, жұмыс орындарын құруы, айтарлықтай болады .
Астананың үлгісі бойынша еліміздегі барлық облыс орталықтары көркейіп келеді. "Астананың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі" бағдарламасы жұмыс істеп тұр.
Біз астанамыздың құрылысына елеулі үлес қосып жатқан достас елдерге, шетел инвесторларына, отандық кәсіпкерлерге ризашылығымызды білдіру керекпіз.
Н.Ә.Назарбаевтің өтініші бойынша олар бөлген өтеусіз қаражатқа 2003 жылы 200 миллиондай АҚШ доллары сомасына құрылыстар салынып жатыр.
Алайда, алдағы уақытта астана құрылысын оны дамытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде бюджет қаражатының есебінен жоспарлы түрде жүргізуге көшу керек.
Үкімет Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысының белгіленген жоспарларға сәйкес жүргізілуіне қамқорлық жасауға тіис.
Жеке инвестициялар
Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнет-ақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард тенгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард тенгеден асып түсті.
Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4,5 есе көбейді.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді[12].
Сонымен шетел инвестициясын еліміздің экономикасына тартып оны тиімді пайдалау үшін бұл саясатты қолдап оны дамытып жүзеге асыру үшін оларды жүзеге асырудың нақты механизімдерін жасау қажет.
Инвестициялық саясатты тиімді жүзеге асырып экономикалық қал-ақуалды жақсартыру үшін келесідей басты міндеттерді шешу қажет:
- құқықтық өндірістік ресуртармен қамсыздандыру;
- кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
- нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
- кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтік мемлекеттілік қолдау және ынталандыру;
- кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін маман-дарды дайындау;
- кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.
Кәсіпкерлікті дамытуға арналған шаралары қарастыру қажет:
1.Шағын және орта бизнесті қолдау:
а) өнеркәсіп саласында:
— дәстүрлі өндіріс салаларында шағын кәсіпорындарды дамыту;
— жаңа технологияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру;
— қайта өңдеу өнеркәсіптері жүйесін дамыту.
ә) халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде:
— отандық шикізатты қолдануға бағытталу;
— импортты алмастырушы тауарларды өндіру;
— экспортқа бағдарланған онімдерді шығару.
б) жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:
— ғылым сыйымды өндірістерде ұйымдастыру және дамыту
— шағын жаңашыл кәсіпорындар жүйесін, аймақтық инно-вациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту:
— көлік, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндірісінде технологиялық және зерттеу паріктерін, сондай-ақ, бизнес инкубаторларын құру;
- Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын орта және ірі кәсіпкерлік еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталғын, қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар мен нормативті актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар, жалпы кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжірибесі үйретіліп, кәсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру ұсыныстары беріледі.
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да, кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдерімен бірге пайдаланылмаған өндірістік ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер учаскелері мен аландарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру мақсатында санақтан (инвентаризациядан) өткізу керек.
Концепцияда ұлттық бағдарлама үшін шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік коғамдары табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін (франчайзинг) қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.
Шағын және орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту процестерін күшейту қажет.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің осы саладағы басты жобаларды атқаруыны қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған. Шағын және орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға бағытталған сақтандыру ісі, несие және салық жүйелріне қажетті өзгерістерютерді енгізу қарастырылған.
Сондай-ақ, экономиканың барлык салаларда, әсіресе халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлік өндірісінде шағын бизнестің дамуына мүмкіндік туғызатындай деңгейде салықтық алымдар мен міндетті төлемдер мөлшерін белгілей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.
Тек осы жағдайда ғана еліміздің экономикасына инвестициялық қаржы тартудың нәтижесінен еліміз одан әрі де дами түсетіндігі сөзсіз деп білемін.
Инвестициялык климат - капитал салу кезінде шетелдік инвесторлардың қалай қабылдау жағдайларының жиынтығы, яғни, инвестордың капиталды қай елге салу керектігін есепке алуы. Бұл жерде экономика жағдайы, мәдениет және саяси тұрақтылық та орын алады.
Инвестициялық климатқа саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлар әсер береді.
Саяси факторлар қатарына:
- шетел инвестицияларына қатысты мемлекеттік саясатты, халықаралық шарттарды сақтау әдісін жатқызуға болады;
- мемлекеттік институттардың беріктілігі;
- саяси биліктің үстемдігі;
- мемлекеттің экономикаға араласу деңгейі, мемлекеттік аппараттық жұмысының тиімділігі.
Экономикалық факторлар қатарына:
- экономикалық жалпы жағдайы;
- елдің валюталық, қаржылық және кредиттік жүйе жағдайы;
- кедендік режим;
- жұмыс күшін пайдалану режимі;
Шетелдік кәсіпкерлер капиталдың еркін қозғалыска бейім болады. Осыған сәйкес, курстык тұрақтылығы, инфляциялық процестің динамикасы, кредит куші, салықтық реформалар маңызды роль алады.
Әлеуметтік фактор келесідей ерекшеленеді: қазақстандық қоғамның жеке меншікке қатынасы, шетелдік капитал салуға қатынасы; елдің әлеуметтік және экономикалық негізгі мәселелер бойынша қоғамда консенсустың болуы. Инвесторлардың құқық кепілдігі өз елдеріндегі капитал салудың жағдайына байланысты. Осыған сәйкес, шетелдік капитал салудың режимдерінің түрлері инвесторларға берілген[13].
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы да мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталисте бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірістік ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық экономикалардың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді Мысалы, XX ғасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд. долл. тең өндірістік қорларды иемденді. Бұл соманы көзге елестету үшін Австралия сияқты дамыған елдің жалпы ұлттық өнімінің құнымен тең десек те жеткілікті. Бұл, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының ел экономикасына құйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапының да бұл жағдай толық қолдау табуда[14].
Қазір Қазақстанның аумағында көптеген шетелдік компаниялар қызмет жасауда олардың ең басыларын атап өтер болсақ олар: Бритш-Петролум, Шеврон компаниясы, Исппат компаниясы, Лукойл, ірі қаржы инстиуттарын айтар болсақ олар Тексака банк, Кзи- банк, Лариба банк т.с.с. көп.
Қорытынды
Сонымен мен өзімнің жұмысымды қорытындылай келіп жоғарыда қарастырып өткен тақырыпқа қатысты төмендегідей тұжырым жасағым келеді, яғни жалпы, ел экономикасына инвеситиция тартудың маңызы өте жоғары өйткені ол экономиканың қарқынды дамуына жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Жалпы “инвестициялар” деген ұғым ағылшын тілінен аударылған (іnvestment) “капитал салу” деген мағына береді. Көп авторлардың айтуы бойынша бұл терминдер орыс тілінде синоним ретінде ( яғни бір мағынадағы сөздер ретінде) қарастырылады.
Сонымен инвестиция дегеніміз - өндірістің барлық факторларын кешенді түрде біріктіріп тұратын инвестициялық процесс, яғни әлеуметтік-экономикалық заңдылық. Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Ал инвестициялық саясат экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырушы басты тетік болып табылады, яғни экономикалық проблемаларды шешеді, ғылыми және техниканың дамуын көздейді, халықты жұмыспен қамтамасыз етуін жүзеге асырады. Жалпы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты ТМД елдері арасындағы ең озық әрі оң нәтижелісі деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының “Инвестициялар туралы” Заңы 8 қаңтар 2003 жыл.
- Қазақстан Республикасының "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңы 28 ақпан 1997 жыл.
- Указ Президента Республики Казахстан № 3203 “Об образовании Государственного Комитета Республики Казахстан по Инвестициям” от 8 ноября 1996 года.
- Мадиярова Д. М. “Стратегия формирования внешнеэкономической политики”; Издательство “Экономика”, Алматы, 1999 г.
- Оспанов М. Т., Мухамбетов Т. И. “Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования”; Издательство “Факсинформ”, Алматы, 1997 г.
- Сулейменов М. К., Ахмадиева Г. Д., Жусупов Е. Б., …; научное издание “Право и иностранные инвестиции в Республике Казахстан”; Издательство “Жеті жаргы”; Алматы, 1997 г.
- М. Байгисиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы. “Санат”, 1998.
- Иностранные инвестиции в Республике Казахстан. Отв. ред. проф. М.К. Сулейменов.-Алматы,1997.
- Экономическое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы, 1997.
[1] Лопатников П.И. Краткий экономико-математический словарь. М., 1979. 107-108 бет.
[2] Богатырев А.Г. Инвестиции.М., 1992.С.43.
[3] Сарсембаев М.А. Регулирование ВЭД. Алматы, 1997.С.134.
[4] Программа привлечения прямых инвестиций в РК на период 1999-2000гг.
[5] Экономическое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы, 1997.134-бет.
[6] Смешанная экономика: трансформационная модель развития Казахстана. Алматы, 1997.148-бет.
[7] Сонда. 155-бет.
[8] Сонда.158-бет.
[9] 7-сiлтемедегi жалпы табысты есептеу жүйесiнде (ЖТЕЖ) инвестиция анықтамасы кеңейдi — оған адамзат капиталы ендi, бұл сол жүйеде жалпы инвестиция Ж??-нi? үштен бiрiнен көп дегендi бiлдiредi. Алайда бұл оқулыкта инвестицианы тек қана негiзгi капиталға қосымша деп бiлемiз.
[10] ЖҚҚ есептерi кәсiби сектордың негiзгi капиталға қосымшасын инвестициялау деп жазылады. Жолдарға, мектептерге жұмсалған үкымет шығыны да негiзгi капиталға қосылады. үкіметтегi негiзгi капитал бағаларын “Күнделiктi бизнеске шолудан” табасыз. 1988, тамыз, 87-6. М?нда үкiмет инвестициясының да есебi бар.
[11]Шаруашылық секторының үйлердi сатып алу келiсiмiне де түсiнiк берейiк. Үй құрылысы есептерi кәсiби сектор инвестициясына жатады. Үй жекешеге сатылғанда келiсiм мүлiк аударымы болып есептеледi, ол инвестициялауға жатпайды. Тiптен, егер үй арнаулы тапсырыспен салынса, есептер үйдi салуға жалданған құрылысшыға қатысты, себебi бұл – Үй құрылысын инвестициялау. Инвестиция сонымен кәсiби секторға жатады.
[12] Басты мұрат –халықтың әл-ауқаты. Егемен қазақстан. №79. 2003. 5 сәуiр. 1 бет:
[13] Қ.Т. Битемiров. КазМУ хабаршысы. № 1 (14).26-27.бет.
[14] М. Байгiсиев. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.-Алматы. “Санат”, 1998. 346-347 бет.