Алматы. 24 қазан. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Сбербанк» әлеуетті қатысушы ретінде қарастырылып жатыр. Бұл туралы Парламент Сенаты депутаттарымен өткен кездесуде «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлім етті.
Қазіргі таңда бағдарламаның 7 серіктес-банктері бар. Олар: «Центркредит банкі», «Халық Банкі», «АТФ Банк», «Цесна Банк», «Bank RBK», «Forte Bank» пен «Еуразиялық банк». Яғни, ірі банктер осы бағдарламаға толығымен жұмылдырылған. Алдағы уақытта серіктес-банктер қатарына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанк қосылмақ.
«Барлық банктер бағдарлама аясында белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан екінші деңгейлі банктер тарапынан өтінімдер қабылдау тұрғысында ешқандай проблема жоқ», - деді Қ. Алтынбеков.