Астана. 21 қазан. 7kun.kz – Жаңа ипотекалық бағдарлама «7-20-25» бағдарламасы жабылған соң іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz
Ипотекаға қатысты 2017 жылғы заңға өзгеріс енгізіп, халық талқысына жаңа заң жобасын ұсынды. «Ашық НҚА» порталында жаңа ипотекалық бағдарламаның ережесі жарияланды. Оны сайтта 27 қазанға дейін талқылауға болады.
Үкімет нақты бекітілген 7 пайыз несиеден бас тартып, екінші деңгейдегі банктер ұсынған пайыз мөлшерлемесін субсидиялайды.
Жаңа ипотека бойынша келесәідей пәтер сатып алуға болады:
- Салынып жатқан үйден. Алайда онда Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының кепілдігі болуы қажет;
- Салынып біткен үйден. Алайда ол банкпен шарт жасасқанға дейін кемінде 6 ай бұрын пайдалануға берілуі тиіс.
Шарттары:
- Мөлшерлемесі — 12,5 пайыз;
- Алғашқы жарнасы — 20 пайыз;
- Несиелеу мерзімі — 20 жыл.
Ипотека соммасы:
- Астана мен Алматыда — 35 миллион теңгеге дейін;
- Ақтау, Атырау, Шымкентте — 25 миллион теңгеге дейін;
- Қарағандыда — 20 миллион теңгеге дейін;
- басқай аймақтарда — 15 миллион теңге.
Ипотека туралы маңызды ақпарат:
- Тұрғын үйді сотқа жүгінбей сату келісімінің болуы, яғни егер қарыз алушы келісімнің шарттарын бұзса, онда кепілдікке қойылған пәтер сотқа жүгінбей-ақ сатылып кетеді;
- Мемлекет ұсынатын субсидия уақыты — 10 жыл, яғни егер несие 20 жылға рәсімделсе, онда қарыз алушы қалған 10 жылды банктің толық мөлшерлемесімен төлейді.
Мәселен келемідей үй алса болады:
- Пәтер бағасы — 35 миллион теңге;
- Алғашқы жарна — 7 миллион теңге;
- Ипотека сомасы — 28 миллион теңге;
- Ай сайынғы төлем — 308 мың теңге;
- Жалпы шығын — 81 миллион теңге;
- Артық төлем — 46 миллион теңге;
- Отбасының жалпы кірісі айына 617 мың теңгеден кем болмауы керек.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024