Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астаналықтар #expohomsters жәрмеңкесінде "7-20-25" бағдарламасы туралы сұрақтарға жауап алады

Астаналықтар #expohomsters жәрмеңкесінде "7-20-25" бағдарламасы туралы сұрақтарға жауап алады

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Астанада "7-20-25" бағдарламасы аясында сатылатын пәтерлер #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылады, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.

Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отырған жәрмеңке  22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді.

Жәрмеңкеге Астананың 14 тұрғын үй кешенінің өкілдері қатыспақ. Құрылыс компания өкілдері  барлық келушілерге "7-20-25" бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.

Сонымен қатар келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен "Баспана" Ипотекалық ұйымы мамандарынан кеңес береді.

Мұндай жәрмеңке бұған дейін Алматы қаласында өткен болатын, оған 7 000 адам келді.

Похожие материалы