Алматы. 9 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 маусымдағы доллардың орташа бағамы 315,38 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 314,65 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 315,74 тг, сауданың аяқталуы кезінде 315,70 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 113 млн 350 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 254.
Ақша айырбастау орындарында 9 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 317 теңгені құраған.