Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы тұрғын үй құрылысына 275 млрд теңге инвестиция құйылды

2018 жылы тұрғын үй құрылысына 275 млрд теңге инвестиция құйылды

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Инфрақұрылым жобаларында 28%-ға, тұрғын-үйде 26%-ға, өнеркәсіп құрылысында 6%-ға құрылыс-монтаж жұмыстарының өсімі байқалды. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Тұрғын үй және басқа да (38,5%) ғимараттарды салу кезінде үлкен көлемде құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды. Олардың қатарында тас жолдар, темір жолдар, көпірлер, және тунельдер құрылысы (17,9%), мұнай, газ магистралдық құбарлар, инженерлік коммуникация желілері (20,8%), сонымен қатар басқа құрылыс жұмыстары бар (22,8%). Тұрғын-үй саласына 274,8 млрд. теңге инвестиция құйылды. Ол былтырғы жылдың деңгейінен 17,5%-ға жоғары»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, жалпы көлемі 3,6 млн шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы республика бойынша 31 442 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 11 812 жеке үй бар.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады.

Похожие материалы